Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі медицина білімі мен ғылымының инновациялық технологиялар республикалық орталығЫ


Тақырыбы III.3 Көмірсу алмасуының бұзылыстары



Pdf көрінісі
бет144/148
Дата04.11.2023
өлшемі4,48 Mb.
#122062
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   148
Тақырыбы III.3 Көмірсу алмасуының бұзылыстары 
Жағдаяттық тапсырма 1 
Найқас В., 63 жаста, ес-түссіз жағдайда аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілді.
Тексергенде: Терісі құрғақ, тургоры төмендеген, көзі шүңірейген, көзінің қарашығы 
жұмсақ. Тынысы беткейлік, жиі –1 минөтіне 28, пульсі – 1 минөтте 98, АҚ – 70/50 мм сын. 
б.б. Әйелінің айтуынша, науқас қантты диабетпен ауырады, сондықтан қант деңгейін 
төмендететін сульфаниламидті дәрілерді қабылдайды және емдәм сақтайды. Соңғы айда 
созылмалы холециститпен панкреатиттің асқынуы байқалған және диарея, жиі құсу 
мазалаған. Бір апта бұрын жалпы әлсіздікке, ұйқышылдыққа, көп шөлдейтініне және көп 
мөлшерде зәрдің бөлінетініне шағымданған. Лабораторлық зерттеу жүргізгенде: қандағы 
глюкоза - 44 ммоль/л, зәрнәсіл – 15,8 ммоль/л, натрий – 155 ммоль/л, хлор – 162 ммоль/л, 
плазманың осмолярлығы – 335 мосмоль/л. Қанда және зәрде кетонды денелер жоқ. 
 1. Науқастың ауруханаға түскендегі жағдайы қалай аталады? 
2. Осы жағдайдың туындауының себебі не? 
3. Осы экстремальді жағдай туындауының механизмін түсіндіріңіз. 
Жауабы 
1. Тексергендегі және анамнезіндегі, сонымен қатар лабораториялық зерттеулердегі 
деректерді оның ішінде гипергликемияны және кетозсыз плазманың осмолярлығын, 
ескере отырып науқаста гиперосмостық диабеттік кома дамығаны туралы ойлауға 
болады.
2. Диабеттік кома дамуының негізгі факторы - инсулин жеткіліксіздігі. Науқаста бұл 
жағдай, организмнің дегидратациясын туындататын асқазан ішек аурулары асқынуымен 
ұштасқан яғни құсуы, іш өтуі. Сонымен қатар, ас қорыту жүйесінің патологиясысы 
кезінде гипогликемиялық дәрілердің сіңірілуі де бұзылады, салдарынан гипергликемия 
өршиді.
3. Гиперосмостық диабеттік команың патогенезінің негізгі тізбегі болып: жоғары 
гипергликемия саналады және ол диурездің осмостық болуынан, нейрогипофиздің 
антидиурездік гормонды өндіруінің тежелуінен және бүйректің дистальді түтікшелерінде 
судың сіңірілуінің төмеуінен организмнен сұйықтықтың көптеп шығарылуымен 
ұштасады. Сұйықтықтың тез арада және тым артық шығарылуынан айналымдағы 
қанның көлемі азайып, қан қоюланады, глюкоза, натрий және калий мөлшерінің артуынан 
қанның осмостық қысымы жоғарылайды. Қанның қоюлануы және осмостық қысымның 



171 
жоғарылауы (330 мосмоль/л асады) жасушаның сусыздануына алып келеді (мидағы 
нейрондар). Салдарынан мида микроциркуляция бұзылып, жұлындағы сұйықтықтың 
(ликвор) қысымы төмендейді, бұл кома және телімді неврологиялық симптомдар 
туындауына ықпал ететін қосымша факторлар болып саналады.
Гиперосмостық кома 
кезіндегі гипергликемия бола тұра кетонемияның болмауы, қантты диабеттің 2 түріндегі 
организмдегі бар инсилуннің деңгейі липолиз бен кетогенез дамуын алдын алуға 
жеткілікті болып, ал гипергликемияны төмендетуге жеткіліксіз болуымен түсіндіріледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет