ҚОРЫТЫНДЫ
2000-2021 жылдар аралығында ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған дүниелер аз еместігіне көзіміз жетті. Бұл үрдіс сұранысқа, қажеттілікке байланысты әлі де қарқынды даму үстінде. Бүгінгі таңда қазақ тіліндегі аудармалардың сапасы да айтарлықтай жоғары дәрежеде екені бегілі.
Бұл жұмыс 2000-2021 жылдар аралығында ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған аудармаларға жалпы шолуға арналған.
Алға қойылған міндеттер шеңберінде келесі зерттеу нәтижелеріне қол жеткізілді:
1. Бірінші мәселені шешу барысында ағылшын тілінен қазақ тіліне аударылған аудармаларға жалпы шолу жасалды. Аудармалардың сапасы айқындалып, анализ жасап көрсетілді. Ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында қандай аударма тәсілдері мен техникалары қолданылатыны зерттелді.
2. Екінші мәселені шешу шеңберінде 2000-2021 жылдар аралығында ағылшын тілінен қазақ тіліне қай жанрларда аударма жасалғаны анықталды. 2000-2021 жылдар аралығында ағылшын тілінен қазақ тілін әртүрлі жанрдағы мәтінер аударылып жүр, мәселен, төмендегідей: құқықтану, бизнес, қаржы және экономика,БАҚ, өнеркәсіп және өндіріс, көркем әдебиет, ғылыми және құжаттық материалдар, ақпараттық технологиялар, медицина, маркетинг. Мемлекетаралық байланыстардың дамуына байланысты осы жанрларда да аударма ісі дамып жатқанын зерттедік.
3. Үшінші мәселені шешу шеңберінде 2000-2021 жылдар аралығында ағылшын тілінен қазақ тіліне жасалатын аудармалардың сапасы мен аудару мәселелері қарастырылды. Заманауи контексттерді аудару барысына аудармашы қандай клишемен бетпе-бет келетіні зерттелді. Аудармалар тәсілдері, жолдары қарастырылды. Мысалдар келтірілді. Әр жанрдағы аудармалар жеке-дара атап көрсетілді, мысалдар берілді.
4. Төртінші мәселені шешу үшін терминдердің аударма анализін жасау, мысалдар беру, аударма сапасын анықтау тапсырмасы берілді. Тапсырмаға сәйкес терминология тақырыпшасы таңдалды. Терминдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару тәсілдері мен техникалары қарастырылды. Әрбір теника түрін мысалдар келтірілді. Анализ жасалды.
Шарттар негізінде ағылшын тілінен қазақ тіліне терминдерді аудару ерекшеліктерін талдау нәтижесінде күрделі сөз тіркестерінің көптеген қосымшалары анықталды, олар негізінен ағылшын және лексикалық бірліктерден алынған лексикалық бірліктер болып табылады. Қазақ тілдері, клишелер, стандартты тіркестер, қысқартулар, қысқартылған сөздер мен атаулар, олардың аудармасы сипатталады. Жеке бір және екі компонентті терминдер көбінесе сөздік баламасын таңдау арқылы аударылады; терминологиялық сөз тіркестерін ағылышын тілінен аудару кезінде күрделі түрлендірулерді, калька техникаларын, сондай-ақ экспликация мен модуляция сияқты тәсілдерді қолдану тән. Қарызға алынған архаикалық терминдерді аудару кезінде олардың морфемиялық құрамын ескеру қажет. Қысқартулар жалпы қабылданған стандарттарға сәйкес шешілуі керек. Шешімі ашылмаған қысқартулар түпнұсқа тілінде қалады. Әр түрлі атауларды, мекен-жайларды және жеке есімдерді аудару кезінде транслитерация және транскрипция сияқты аударма әдістері қолданылады, алайда, кейде бұл лексикалық бірліктердің түпнұсқа тілінде қалатындығы да анықталды. Өткізіп тастау және қосу тәсілдерін қолдану анықталды. Өткізу мәтінге ауыртпалық түсірмеу үшін қолданылады, қосымша құжат мәтініндегі маңызды ақпаратты нақтылау мақсатында қолданылады.
Аударманың лексикалық-семантикалық әдістерінің ішінде де анықталды: жалпылау, нақтылау. Қабылдау ағылшын тіліндегі көптеген терминдердің жалпылама мағынаға ие болуына және қазақ тілінде нақтылауды қажет ететіндігіне байланысты нақтылау жиі қолданылады.
Осы зерттеу барысында 2000-2021 жылдар аралығында жасалған аудармалар ішінде қай жанр артта қалып келе жатқаны белгілі болды. Білім-ғылым саласындағы аударалар көңіл тоярлықтай, ал, керісінше, көркем әдебиет, балалар әдебиеті және кино, фильмдерді ағылшын тілінен тікелей аудару әлі де ақсап тұр. Танымал көркем әдебиет, балалар әдебиеті, кино, фильм, анимациялық мультфильмдер көбінесе тікелей ағылшын тілінен емес, орыс тілінен аударылады.
Достарыңызбен бөлісу: |