Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі


ҚОСЫМША...............................................................................................31 КІРІСПЕ



бет2/12
Дата19.04.2023
өлшемі75,96 Kb.
#84698
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
ДЖ АҚЖАН final 1

ҚОСЫМША...............................................................................................31

КІРІСПЕ


Жұмыстың өзектілігі. Аударма – адам қызметінің ежелгі түрлерінің бірі. Адамзат тарихында бір бірінің тілінің бөлектігіне қарай топтасқан адамдар қауымдастығы құрылысымен-ақ әртүрлі тілді қауымның, топтың өзара түсінісіп, тілдесуіне дәнекер болатын «қос тілді» адамдар – тілмаштар пайда болды.
Аударма – күрделі, көп қырлы құбылыс. Оның жекелеген аспектілері түрлі ғылыми зерттеулерге арқау болар еді. Қазіргі кезде сот отырысы, нотариустың қатысуымен құжаттарға қол қою сияқты маңызды іс-шараларға жазбаша аудармашының қатысуы іскерлік өмірімізде ажырамас бөлікке айналды. Бір тілден екінші тілге аудару ісіне жүктелген міндет әр заманның талап-мақсаттарына сай әр қилы болды. Қазіргі заман деңгейіне қарағанда, арғы-бергі тарихта, бастапқыда ауызша, кейіннен бірыңғай жазбаша қалып алған тәржіма саласынан қазақ халқы үшін мәдени-танымдық, қоғамдық-әлеуметтік сан түрлі қызметтің екі арнаға қарай тоғысатынын көруге болады: оның бірі – білім-ғылымды, оқу-оқыту ісін дамытуға қосқан үлесі; яғни, ағартушылық қызметі; екіншісі – қазақ әдеби тілінің қалыптасуына, тілдің сөздік қорының, ғылыми аталымдар жүйесінің қосқан үлесі; жазба әдебиет нұсқасы ретінде тілді байыту қызметі.
Әр түрлі тілдердегі сөз бірліктерін салыстырмалы түрде зерттегенде, аудармаға көңіл бөлмей зерттеу жұмысын жүргізе алмаймыз. Аудармтануда әлі де көптеген шешілмеген мәселелер баршылық. Қалай аудару керек? – деген сұраққа жауап іздеген кезде, зерттеушілер әртүрлі аударма объектілеріне назар аударады. Әрине, дәлме-дәл аударма жасау мүмкін емес. Бұл тілдердің грамматикасына, сөздік қорына және сол тілдердегі мәдени айырмашылықтарға байланысты.
Жұмыстың өзектілігі - 2000-2021 жылдар аралығындағы ағылшын тілінен қазақ тіліне жасалған аудармаларды аудару барысында, өз түп-тамырымыздың, ана тіліміз бен мәдениетініміздің сақталғанына мән беру.
Өзектілікке сүйене отырып, осы зерттеудің мақсаты мен міндеттері анықталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет