Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ НЕГІЗІ



Pdf көрінісі
бет105/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ НЕГІЗІ 
 
Қанашева А.Б. 
Ғылыми жетекші: Жахина Б.Б., педагогика ғылымдарының докторы, профессор, 
ПҒА академигі 
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау Университеті, Көкшетау қ. 
Kanasheva02@bk.ru
 
Мақал-мәтелдер – талай ғасыр жемісі. Қазақ халқының сан ғасырлардан бері халықпен 
бірге пайда болып, бірге жасасып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келе жатқан бай халық ауыз 
әдебиетінің күрделі де ауқымды саласының бірі. Академик Рабиға Сыздықова айтқандай, «ең 
ақылды»[1; 184-бет] көркем сөз үлгісі. Себебі мақал-мәтелдер – аз сөзбен көп нәрсені білдіре 
алады, әрі мейлінше ықшам болып келеді. 
Соңғы зерттеулерге зер салсақ, тілімізде 15 мыңнан астам алуан түрлі мақал- мәтелдер 
бар. Мақал-мәтелдердің заманының ағымына сай өзгеруі, я тыңнан жаңа мақал- мәтелдер 
пайда болуы, немесе Абай сияқты ғұламалардың нақыл сөздерінің мақал болып кетуі сияқты 
факторлар арқасында мақал-мәтелдердің саны күннен күнге көбею үстінде. 
Мақал-мәтелдер — 
сөз қорының табиғатын танып білудің белгісі
. Ал сөз қорын 
жасаушы – адам, яғни халық. Осы орайда академик Әбдуәли Қайдар айтқандай: «Мақал- 
мәтелдерді дүниеге келтіретін құдіретті күш — халық рухы»[2; 390-бет] 
Осы тұрғыдан келгенде, мақал-мәтелдердің оқырманға, халыққа берер мағынасының, 
өнегесінің 
тақырыптық аясы 
өте ауқымды, жан-жақты екендігін байқаймыз. Қазақ мақал-
мәтелдеріне үңіле қараған сайын, оның қоғамның барлық салаларын қамтығандығына көзіміз 


193 
жетеді. Атап айтсақ, сонау 1957 жылдың өзінде Өтебай Тұрманжановтың авторлығымен 
құрастырылып, жарияланған мақал-мәтелдерге қатысты жинақты кезінде талай оқырман 
жылы қабылдаған. Ал тәуелсіздіктің алғашқы жылдары(1993 ж.) жоғарыда аталған жинақ 
«Қазақ мақал-мәтелдері» деген атпен оқырман назарына қайтадан ұсынылды. Жинақта 
жарияланған мақал-мәтелдер төмендегідей тақырыптар бойынша топтастырылған: 
1)
Отан, халық, адам мен оның бойындағы қасиеттер, отбасы мен тәрбие, тіл өнері 
мен ой-пікір туралы мақал-мәтелдер; 
2)
Төрт түлікке және егіншілікке қатысты мақал-мәтелдер; 
3)
Жақсылық пен жамандық, достық пен қастық, сақтыққа қатысты мақал-
мәтелдер; 
4)
Өткен қоғам өміріне қатысты мақал-мәтелдер; 
5)
Ас-тамақ, тазалық-денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдер; 
6)
Жан-жануар, табиғат құбылысына қатысты мақал-мәтелдер; 
7)
Түрлі мақал-мәтелдер[3; 173-бет]. 
Әр адам күнделікті өмірінің керекті жағдайында қандай мақалды болсын өзінің төл 
қаруындай 
қолданып
, орнын тауып жұмсай алатындығын байқаймыз. Алайда, Нұржамал 
Оралбаева, Ғайни Мадина, Асхат Әбілқаев авторлығымен жарыққа шыққан оқулықта 
көрсетілгендей, мақал-мәтелдерді қолдануда екі нәрсені ескеру қажет. 
Біріншіден, мақал-мәтелдерді 
орынды қолдану 
абзал. Олай болмағанда, оларды қалай 
болса солай қолданатын болсақ, сөзіміздің қадірі кетіп, тыңдаушыны жалықтырып жіберуіміз 
әбден мүмкін. 
Екіншіден, мақал-мәтелдер ауыз әдебиетінің бір жанры болып табылатындықтан
мазмұны жағынан ауқымды болып келеді. Сондықтан, 
контекстке байланысты 
кез келген 
мақал-мәтелдерді қолдана беруге болмайды[4; 79-80 бет]. 
Мақал-мәтелдердің ерекшелігін оны фольклордың бөлек жанры ретінде қарастырып, 
ауыз әдебиетіндегі өзге жанрлармен салыстыра талдау кезінде де байқауымызға болады. 
Бірқатар ғалымдар(Өтебай Тұрманжанов, Майра Жүнісова т.б.) бұл жайында өз зерттеулерінде 
айтқан болатын. 
Әдебиеттанушы ғалым Өтебай Тұрманжанов мақал-мәтелдердің қазақ ауыз 
әдебиетінің өзге жанрларына қарағанда(дастан, хиссалар) ерекше қасиеті – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет