194
тұратын белгілеріне тоқталдық. Келесі кезекте «Мақал мен мәтелдің бір-бірінен
айырмашылығы қандай?» деген сұрақ туындайды.
Біз білеміз, кез-келген зат пен құбылыстың өзіндік
қасиеті салыстыру арқылы
танылады[7; 35-бет].
Осы тұрғыдан келгенде, ғылымның қай саласында болмасын, ондағы алуан түрлі
құбылыстарды, оның ішкі заңдылықтарын өзара бір-бірімен салыстырмай,
оны нақты
айғақтармен дәлелдеп ажыратып, айырмашылығын көрсетпей, ондағы ерекшеліктерді
объектілік тұрғыдан дұрыс түсіну мүмкін емес. Сондықтан
мақал-мәтелдерді салыстыру
арқылы олардың айырмашылықтарын байқай аламыз.
Қазақ халқының ұлы ұстазы, ағартушы ғалым Ахмет Байтұрсынұлының қазақ
лингвистикасы мен филологиясына сіңірген еңбегі зор. Сөз өнерін зерделеген «Әдебиет
танытқыш» еңбегінде мақал мен мәтелдерді ауыз әдебиетінің «сарындама» тобына, оның
ішінде «ғұрып сөзінің» аясында екеуін бөлек тарауша ретінде топтастырған болатын.
Ғалымның пікірінше: «Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған
пікірлер»[8; 681-бет]. Осы тұрғыдан келгенде, А.Байтұрсынұлы мақалдың тақпаққа
ұқсағанымен, екіншісіне қарағанда маңызды, шыны келетіндігін көрсетеді. Сөзіне дәлел
ретінде келесі мақалдарды мысал ретінде ұсынады: «Ашу дұшпан, ақыл дос; ақылына ақыл
қос», «Өсер елдің
батыры бірін-бірі батыр дер, өшер елдің батыры бірін-бірі қатын дер»,
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны аларсың» т.б.
Осы орайда, ғалым мәтелге қатысты келесі бір анықтаманы ұсынады: «Матал
дегеніміз кезіне келгенде кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер»[8; 682-бет]. Мәтелдер
мақалдарға ұқсағанымен, екеуінің арасындағы келесі күрделі айырмашылыққа назар
аударады:
Мақал – тәжірибеден шыққан қақиқат түрінде айтылады;
Мәтел – мақалдағыдай өмір құбылыстарының қақиқат жағын қарастырмай, тек әдетті
сөз ретінде айтылады.
Тілші ғалымдар Нұржамал Оралбаева, Ғайни Мадина, Асхат Әбілқаев авторлығымен жарыққа
шыққан оқулықта ғалымдар мақал мен мәтелді тұрақты тіркестің өз алдына бөлек бір тобы
деп көрсетіп, оған келесі анықтаманы береді: «Мақал мен мәтел
– халықтың ғасырлар бойғы іс-тәжірибесінен,
өмір тануынан қорытылып, ереже түрінде
тұжырымдалған аталы сөзі, ой түйіні»[4; 179 б.].
Келесі кезекте авторлар мақал мен мәтелдің бір-бірінен айырмашылығына тоқталады:
Достарыңызбен бөлісу: