Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы



Pdf көрінісі
бет44/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

Сөздік қор. 
Мамандар: егер 1990-2000 жылдары мектеп жасына дейінгі әрбір 4–ші балада сөйлеу ақаулары 
болса, бүгінде сөйлеу қабілеті бұзылмаған мектеп жасына дейінгі баланы табу қиын; 3 жасқа 
дейін сөйлеу қабілеті жоқ балалардың саны артты. Статистикаға сәйкес,сөйлеу бұзылыстары 
ер балаларда орта есеппен 2 есе жиі кездеседі. Сөйлеу патологиясы бар мектеп жасына дейінгі 
балалар арасында сөйлеудің жалпы дамымаған балалары ең үлкен топты құрайды – шамамен 
40 %. Сөйлеудің жалпы дамымауы көбінесе психикалық дамудың айқын бұзылуымен, сондай-
ақ зейін мен есте сақтау сияқты психикалық функциялардың жеткіліксіздігімен үйлеседі.[4] 
1-кеңес
.Ортаңғы топ тәрбиелушілерінің сөздік қорын,тілін дамытуда осы мақсаттар 
қарастырылу қажет: 

Тілдің грамматикалық құрылымы. 

Байланыстырып сөйлеу. 

Коммуникативтік дағдыларды дамыту 

Көркем әдебиет. 

Сөйлеуді дамыту. 
Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде қоршаған орта заттары мен табиғат 
нысандарының атауларын өздігінен қолдануды қалыптастыру. 
Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынасқа байланысты 
сөздерді ("бөпе", "аға", "апа", "іні", "қарындас"), тұрмыстық заттардың, жемістердің, 
жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру. 
Баланың сөздік қорын дамытуда, санамақтар, тақпақтар, жаңылтпаштарды жаттауға баулу. 
Тілдің грамматикалық құрылымы. 
Жуан және жіңішке түбір сөздерді ажырату, оларды көпше түрде қолдануға үйрету. Бұйрық 
райлы етістіктерді жекелей қолдануға баулу (бар, кел, айт). 
Сөздерді байланыстырып, сөз тіркестерін құрастыруға (зат есім және сын есім, зат есім 
және етістік) үйрету. 
Дағдыларды: 
1) қарапайым сұрақтарға жауап беруді; 
2) сөздің интонациямен аяқталуын меңгеруді қалыптастыру. 
Байланыстырып сөйлеу. 
Ауызекі сөйлеудің қарапайым түрлерін меңгерту, балалардың өздеріне айтылған сөзді, пікірді 
түсінуін қалыптастыру, алдын ала үйретілген сөйлеу үлгілерін есте сақтап, әңгімелесе білуге 
баулу. 
Ойыншықтар мен заттарды қарастыра отырып, сұрақтарға жауап беруге, оларды жай 
сөйлемдермен сипаттап айтып беруге баулу. 
Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен сұрақтарға жауап 
беруге, кейіннен өздігінен қайталап айтуға баулу. 
оқығандары және көргендері туралы сұрақтар қоя білу, ойыншықтар, суретте бейнеленгендер 
туралы айтып беруді; 
Айналасындағылардың сөздерін, тұрмыстық немесе ертегілер тақырыптарындағы 
әңгімелерді көрнекіліксіз тыңдауды; 
Сөз тіркестерін айту (3–5 сөзбен), таныс шығармалардан үзінді ойнай білуді; 
Кітаптағы суреттерді қарау, олардың мазмұны бойынша сұрақ-жауаптар құрастыру, көлемі 
бойынша шағын өлеңдер мен тақпақтар жаттауды бекіту. 
Коммуникативтік дағдыларды дамыту 
Коммуникативтік дағдыларды дамыту балалардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, күн 
сайын ойын түрінде және сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, қазақ тілі ұйымдастырылған іс-
әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. 
Дағдыларды: 
Балаларды өз бетінше сөйлеуге үйрету; 
Түрлі балалар әрекетінде балалардың бір-бірімен сөйлесуіне жағдай жасау; 


88 
Әрбір баланың қызығушылығына мән беру, сұрақтарына жауап беру, жеке сөйлесу; 
Дидактикалық және дамытушы ойындарды, жаттығуларды қолдану арқылы сөздік қорды 
байыту; 
Шешендікке, әдеби тілде сөйлеуге баулу; 
Артикуляциялық және дауыс аппаратының, есту қабілетінің дамуына ықпал ету; 
Қазақ халық ауыз әдебиеті шығармаларымен, салт-дәстүрлерімен, мәдениетімен 
таныстыру; 
Қарым-қатынас мәдениетіне, көркем қабылдау мен эстетикалық талғамға тәрбиелеу; 
Балалар әдебиетіне, театр әлеміне қызығушылықты қалыптастыру. 
Көркем әдебиет. 
Дағдыларды: 
Ертегі, әңгіме кейіпкерлеріне, оқиғаларға жанашырлық білдіруді; 
Кейіпкерлермен тақпақтардың мазмұнын, ырғақты ойындарды қайталауды эмоциалы 
қабылдауды; 
Ересектердің тақпақтарды, өлеңдерді, әңгімелерді оқуына, кітаптарды көрсету, ертегілерді 
әңгімелеуіне тұрақты қызығушылық танытуды; 
Шығарманың мазмұнын түсіну және эмоциалы қабылдау, ойында кейіпкерлер бейнесін 
қарапайым түрде бейнелеуді; 
Мереке туралы қуаныш, мақтаныш сезімдері берілген қысқа тақпақтарды жаттауды; 
Таныс шығармалардың қарапайым мазмұндарын ойнап көрсетуді; 
Таныс өлеңдерді асықпай, анық айтуды қалыптастыру. 
Сөйлеуді дамыту. 
Сөйлеудің дыбыстық мәдениеті. 
Біліктер мен дағдыларды: 
1) сөйлеудің дыбыстық мәдениетін; 
2) дауысты және дауыссыз дыбыстарды (ызың және үндіден басқа) мен сөздерді анық айту, 
дыбыс аппаратын дамыту. 
3) қолдың ұсақ моторикасын дамыту; 
4) артикуляциялық гимнастика өткізу. 
Біліктер мен дағдыларды: 
1) түрлі дауыс жоғарылығымен, қарқынымен, биіктігімен дыбыстарға еліктеуші сөздерді 
айтуды; 
2) сөйлеу тілінің екпіні мен ырғағына сәйкес жаңғырта білуді; 
3) сөз тіркесінде, сөйлемде сөздер мен дыбыстарды айтуын бекітуді қалыптастыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет