931
Қосуға қатысты теңдеулерді қарастырайық
[3; 17 б.]
:
1.
𝑥 + 8 = 19
2.
𝑥 + 27 = 45
Сұрақ – жауап әдісі арқылы біз теңдеу екенін анықтайық:
1. Не себептен теңдік теңдеу болады? (себебі құрамында айнымалы бар)
2. Теңдеуде қандай амал қолданылады? (теңдеуде қосу амалы қолданылған)
3. Мүшелері (компоненттері) қалай аталады? (бірінші қосылғыш, екінші қосылғыш, қосынды)
4. Теңдеуде не белгісіз? (теңдеуде қосылғыш белгісіз)
5. Белгісіз қосылғышты қалай табуға болады? (қосындыдан белгілі қосылғышты азайту керек)
6. Қосуға арналған есепті қалай тексеруге болады? (қосындыдан бірінші қосылғышты
азайтқанда екінші қосылғыш шығады; қосындыдан екінші қосылғышты азайтқанда бірінші
қосылғыш шығады)
1-ші теңдеудің шешімі:
𝑥 = 19 − 8, 𝑥 = 11
2-ші теңдеудің шешімі:
𝑥 = 45 − 27, 𝑥 = 18
Түбір табылғаннан кейін тексеру жасалуы керек, мысалы 1-ші теңдеу үшін: 11+8
= 19,
19
=
19
Азайтуға қатысты теңдеулерді қарастырайық:
1.
𝑥 − 11 = 19
2.
47 − 𝑥 = 4
Осы теңдеулерді шығару кезінде қосуға қатысты теңдеулерді шығару кезіндегідей сұрақ-
жауап әдісі қолданылып, азайтудың мүшелері (компоненттері), азайғышты, азайтқышты табу
ережелері анықталады. Сонымен мүшелері: азайғыш, азайтқыш, айырма. Белгісіз азайғышты
табу үшін азайтқышпен айырманы қосу керек, ал белгісіз азайтқышты табу үшін, азайғыштан
айырманы азайту керек.
1-ші теңдеудің шешімі:
𝑥 − 11 = 19
𝑥 = 11 + 19
𝑥 = 30
30 − 11 = 19
19 = 19
2-ші теңдеудің шешімі:
47 − 𝑥 = 4
𝑥 = 47 − 4
𝑥 = 43
47 − 43 = 4
4 = 4
Достарыңызбен бөлісу: