Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі ш. УӘлиханов атындағы


АҚМОЛА ӨҢІРІНДЕГІ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАРИХЫНАН



Pdf көрінісі
бет500/532
Дата05.09.2023
өлшемі19,8 Mb.
#106156
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   532
Байланысты:
Сборник студ конф 22-23г

АҚМОЛА ӨҢІРІНДЕГІ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТАРИХЫНАН 
 
Сұңғат Г.М. 
Ғылыми жетекшісі: Идрисов Р. А. гуманитарлық ғылымдар магистрі, аға оқытушы. 
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Көкшетау қаласы 
gulnaz.sungat@bk.ru 
Қазақстанның Орталық және Оңтүстік өңірлері Солтүстік Қазақстанға қарағанда 
қарқынды және тереңірек зерттелген, танымал сақ обалары ескерткіштері, қоныстары, 
ортағасырлық мәдениеттерге өте бай, бірақ бұл Оңтүстік Қазақстанның Солтүстікке қарағанда 
археологиялық ескерткіштері аз деуге болмайды. Ақмола облысы тарихы бай өзіндік 
этномәдени мұрасы бар аймаққа жатады. Бұл аймақты адамзат палеолит дәуірінде игерген. Ал 
ашель-мустьер дәуірінде Есіл өзенінің жоғарғы жағында, Сарысу өзенінің орта тұсында 
адамдар өмір сүргенін көне заманның тас қарулары дәлелдейді. [2; 268-бет] 
Археологиялық мәдениет дегеніміз – археологиялық термин, яғни ғылымда 
археологиялық ескерткіштерді толықтай сипаттайтын термин және белгілі бір археологиялық 


939 
уақытта орын алған аумақты қамту. Солтүстік Қазақстан мен Ақмола облысындағы 
мәдениеттерге – тас дәуіріндегі мәдениет – Атбасар мәдениет, энеолиттегі – Ботай мәдениеті, 
қола дәуіріндегі – Петровка, Алакөл, Федоровка, Саргарин мәдениеттері. Ерте темір 
дәуіріндегі археологиялық ескерткіштер, сарматтар, савроматтар, тасмола, саргаттардан 
қалған. [3; 144-бет] 
Палеолит дәуірінде облыс территориясының кейбір бөліктерінде бұл дәуірге тән даму 
құбылысы байқалады. Олар негізінен таулы және алқапты аймақтарда орын алды. Аршалы с., 
жанындағы байырғы елді-мекендерді зерттеулер нәтижесі Жоғарғы Есіл аймағында адамның 
пайда болып, өмір сүруінің байырғы палеолит кезеңін анықтауға жол ашты. Аршалы ауданы, 
Зеренді ауданындағы тұрақтары ғылым үшін анағұрлым бағалы болып келеді. Олардың 
мерзімдері әралуан. Палеолит мәдениетінің дамуында әралуандық байқалады. Аймақтың 
мәдениетінің дамуында бір аймақтарда тас-құралсаймандардың түрлерінің әралуандығы, оны 
жасаудың технологиясын жақсарту дамыса, басқаларында құрал-саймандар түрлерінің және 
жасалу технологиясының сақталуымен сипатталады. Эволюцилық дамудың әртүрлі 
бағыттарына жататын палеолиттік индустрия Талдыөзен, Курома, Вишневка 4 тұрақтарында 
зерттелді. Олар, негізінен, мәдени дамудың әртүрлі тарихи бөліктеріне жатқан болу керек. [1; 
11-бет] 
Мезолит дәуірінде қазіргі таңдағы климат, флора, фауна қалыптасты. Дәуірде адамдар 
садақ, жебе т.б құралдарды дайындауда күрделілікті қолданумен сипатталды. Мезолит 
кезеңінің ескерткіштері ылғалдылық кезеңдерімен ауысып тұратын континетальді климатты, 
далалы, орманды-далалы жерлерде орналасты. Фауна қалдықтарының және құрал-
саймандарды зерттеу нәтижесі көрсеткендей мезолит дәуірінің адамдары үшін шаруашылықта 
аңшылық маңызды орын алды. Аңшылықта қолданылған құрал-саймандар ретінде жинай, 
найза, жебе қолданылды. Мезолит – Солтүстік Қазақстанның байырғы тарихының ең аз 
зерттелген дәуірі болып табылады. Есіл маңында алғашқы рет мезолиттік комплекстер 
Солтүстік Қазақстан облысы мен Ақмола облысының әртүрлі тас дәуірінің тұрақтарын 
қазбалау үрдісі барысында В.Ф.Зайбертпен табылды. Танымал ескерткіштер қатарынан 
Ақмола облысының Атбасар ауданындағы Телман VII-IX ерекшеленеді. Облыстың тұрақтары 
басқа облыс аймақтарының мезолиттік мәдениетінен басқа өзіне тән ерекшеліктерге ие. Оған 
себеп мезолиттік дәуірдегі құрал-саймандары кремний мен кварциттен жасалды. Жару 
техникасы – пластинкалы, микролиттік белгілерімен ерекшеленеді. [1; 11-12 беттер] 
Неолит б.э.д. 6 мың. Жылдан басталады және аридизация үрдісімен байланысты. Бірақ 
бұл үрдіс біркелкі емес және су режимінің өзгерісінде байқалып отырды. Оны тұрғын үйлердің 
орналасқанынан байқауға болады. Осылай, кейінгі неолитте тұрғын үйлер қайтадан өзен 
жағалауларынан көрінді. Халық суға жақын аймақтарды игеруді жалғастырды. Халықтың 
шаруашылық-мәдени типі отырықшылық-көшпенді болды. Жыл мезгіліне байланысты азық 
табулары үшін өмір сүру орындарын ауыстырып отырды. Мұндай миграциялық құбылысты 
шаруашылық деп сипаттауға болады. Бұған негіз ретінде археологиялық ескерткіштерді 
жатқызуға болады, мысалы, негізгі елді-мекендер, уақытша мезгілдік тұрақтар, арнайы 
шеберханалар, аң аулау орындары. Ақмола облысындағы неолит кезеңінің ескерткіштері 
Атбасар мәдениетіне жатады, бірақ техникалық дәстүріне байланысты екі жергілікті түрге 
бөлінеді. Олар тельмандық – Есіл өзенінің жоғарғы ағысындағы аудандар және Нұра өзенінің 
төменгі ағысы. Және явлендік – Чаглинка өзенінің жазықтығы және Есіл өзенінің орта ағысы. 
Бір Атбасар мәдениетінің шеңберіндегі шұғырлану облыс тұрғындарының шаруашылық 
байланыста қарым-қатынас жүйесінің болғанын көрсетеді. Елді мекендерде құрал—
саймандардың әр алуан түрі табылды. Олар, негізінен, қырғыш, пышақ, кескіштер. Мысалы, 
Тельман Атбасар ауданы елді-мекенінде әртүрлі 700 астам пластинадағы қырғыштар табылды. 
Неолиттің кейінгі этапында тайпалардың шаруашылығында дәстүрлі аңшылық пен балық 
аулаумен қатар жануарларды қолға үйрету кең етек ала бастайды. Иман-Бұрлық, 
Виноградовка Х, Тельман ХIV және т.б тұрақтарда жылқы сүйектері табылған болатын. [1; 12-
бет] 


940 
Энеолит – б.э.д. 4 мың. ж. аяғы – 3 мың. ж. Бұл кезде Солтүстік Қазақстанның далалық 
белдеуінде Ботай мәдениетінің тайпалары өмір сүрді. Ботай мәдениеті 1980 жылы ашылып, 
1983 жылы В.Ф.Зайбертпен Солтүстік Қазақстан облысындағы Ботай елді-мекенінде және 
Солтүстік Қазақстан және Ақмола облысындағы Красный Яр, Васильковка, Сергеевка, 
Рощинская және т.б жерлерде орналасқан басқа да ұқсас ескерткіштерде зерттеулер жүргізу 
нәтижесінде айқындалды. Ботайлардың өндірістік-шаруашылық дамуына он мыңдаған заттар 
негіз болады. Ол – еңбек құралдары, қару жарақтар, ыдыстар және т.б. Ботай елді-
мекендерінің әртүрлі артефактысын типолого-трасологиялық сараптамасы көрсеткендей, 
арнайы жылқы өсіру негізін қалаған көпсалалы комплексті шарушылық тән болды. Ол өндіріс 
пен еңбектің өңдеу типі салаларында тұрмыс қызметінің диапазонын тез арада кеңейтті. Ботай 
елді-мекенінде 10 мыңнан астам аса қыш фрагменттері табылды. [1; 13-бет] 
Қола дәуірі – б.з.д. XVII ғ. Бастап еуразиялық кең далада андроновтық мәдени-тарихи 
қоғам қалыптасып, дами бастайды. Оған б.э.д. XIX-XVIII ғғ. Есіл мен Есіл өзенінің төменгі 
беткейінде орналасқан ескерткіштердің екі тобы жатады – сергей және вишневка. Б.э.д. VII-
VII ғғ. Байырғы көшпенділердің қазбалары табылды. Ақмола облысының қола дәуірі жайлы 
Зеренді ауданындағы Шағалалы, Павловка елді-мекендері, Щучинск ауданындағы Жақсы-
Жаңғыстау, Жүкей, Курапаткино ІІ, Бурабай бейіттерінің қазбалар мәліметтерінен едәуір 
айқын көрініс алуға болады. Елді-мекендердің стратиграфия мен қыш материалдарын 
зерттеулер нәтижесінде петров, алакөл, федоров, сарғары мәдениеттері хронологиялық 
жағынан бірінен соң бірі дамып, бір-бірін жалғастырып отырған. [1; 16-бет] 
Ерте темір кезеңі – б.э.д. 1 мың жылдық басында Еуразия аймағында өмір сүрген 
тайпалар алғашқы қауымдастық құрылымының дамуында жоғарғы шекке жетті. Қазақстан 
территориясындағы байырғы тайпалар көшпелі малшаруашылыққа көшіп, алғашқы қауымдық 
қатынастар тарап, тайпалық одақтар пайда бола бастады. Класстық қоғам орныға бастады. 
Солтүстік Қазақстанның ерте темір кезеңінің мәдениетінің қалыптасуын қарастыру қола 
дәуірінің аяғындағы жайттарды сараптауды және өтпелі кезеңдегі ескерткіштерді белгілеуді 
талап етті. Қазіргі таңда бастау кезеңі айқын болып отыр, ол – б.э.д. VIIІ ғ., ертесаксондық 
кезеңінің басталуы, бірақ оның өмір сүруі, жорамал бойынша, бір-екі жүзжылдықты құрайды. 
Осыларды ескере отырып, қоладан ерте темір кезеңіне дейін өтпелі кезең б.э.д. ІХ-VIII ғғ. 
Шеңберінде болуы мүмкін. Қазақстандық мәліметтер бойынша, оны Донғал – Қарағанды обл., 
Кенөткел Х – Ақмола обл., Зеренді ауданы, елді мекендерінің атына негіздеп, өтпелі кезеңінің 
ескерткіштерінің мәдени ерекшеліктерінде көрінетін, донғал-кеңөткелдік деп атауға болады. 
Археологиялық мәлімет бойынша, ерте тас кезеңінде екі ірі кезең бөлінеді – сақ кезеңі б.э.д. 
VIII-III ғғ. Және ғұн-сарматтық кезең – б.э.д. ІІ ғ. – б.э. IV ғ. [1; 21-бет] 
Ортағасыр – б.э. V-VII ғғ. Аралығына археологиялық қазбалар өте аз, ары-қарайғы 
зерттеулерді талап етеді. VI-VII ғғ. Ақмола облысы территориясы Түрік, содан соң Батыс 
Түрік қағанатының құрамына кірді. Есіл аймағынан сармат тайпаларының кетуінен көшпенді 
халқының тығыздығы төмендейді. Оның кішігірім тобы далалы жердің оазис аудандарында 
көшіп-қонуын жалғастырды, мысалы, Боровое пос. төңірегінде. Орманды дала аумақтарға 
тұрғындардың орын ауыстыруы бұл жерлердің көшпенді халықпен аз қоныстанғанын 
көрсетеді. Сондықтан да VI-VII ғғ. Ескерткіштер өте сирек кездеседі. Оларға Щучинск 
ауданындағы Боровое пос. маңындағы ескерткіштердің бұзылған қазбаларынан табылған 
заттардан – алтын сырғалар, әйнектен моншақтар т.б. айтуға болады. Бұл кезең мәліметтері 
соңғы он жылдықта орманды дала аумақтарының ескерткіштерімен толықтырылды. [1; 23-
бет] XVIII-XX ғғ. басы, XVIII ғ. Жоңғар шабуылына қарсы Абылайхан мен Абылхайырхан 
бастаған күресте Бөгенбай, Қабанбай секілді т.б батырлар қатысты. Нұра өз. жоңғарлармен 
шайқас туралы мәліметтер тарихта қалды. Мысал үшін, тақ ретінде қолданылған тас, 
Абылайхан алаңы және т.б. Қазіргі таңда осы алаңда мемориалдық ескерткіш созылған. 
Көкшетау қаласында Абылайханға арнап ескерткіш орнатылған, Ерейментау қаласынан 
солтүстікке қарай 2 км Бөгенбай батырға ескерткіш, ал Қабанбай батырға – мавзолей 
орнатылды. Тарихта Көкшетау, Ақмола, Баянауыл, Атбасар, Торғай және де басқа да кейіннен 
қалаларға айналып кеткен бекіністер мен қазақ елді мекендері де болды. [1; 24-бет] 


941 
Қазақстан өз мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін экономикалық және мәдени даму 
облысының болашағы пайда болды. Облыс территориясында Қазақстан Республикасының 
астанасы – Астанасы қаласы орналасқан, облыстық бағынудағы қалалар – Көкшетау, 
Степногор, ауылдық бағынудағы қалалар – Ақкөл, Атбасар, Державин, Ерейментау, Есіл, 
Макинск, Степняк, Щучинск, поселкелер – Айдабол, Ақсу, Алексеев, Аршалы, Бестөбе, 
Бірлестік, Боровое, Жолымбет, Зауыт, Заозерный, Красногор, Научный, Станционный, 
Шаңтөбе, Шортанды және т.б көптеген елді мекен орындары. Ақмола облысында көптеген 
археологиялық ескерткіштер, ерте темір дәуірінен бастау алып егемен Қазақстанға дейін 
сақталып, табылған мәдени ескерткіштер жетерлік. Және осыған орай тарих және мәдениет 
ескерткіштерін насихаттау үшін «дөңгелек үстелдер», «Ескерткіштер қорғанысына», «Бабалар 
мұрасын сақтау», «Мыңжылдықтар тұңғиығына» атты семинарлар жүргізілді. Көкшетау 
қаласының мектептерінде Ақмола облысы тарих және мәдениет ескерткіштеріне арналған 
көрмелер 
ұйымдастырылды. 
Т.Бегельдинов 
және 
Ауғанстан 
жауынгерлерінің 
ескерткіштерінің алдына «Мәңгілікке жүректе сақтаймыз», «Ауғанстанда қаза болғандарға 
естелік» және т.б акциялық жүргізілді. [1; 31- бет] 
Қолданылған әдебиеттер: 
1.
Ақмола облысының тарихи және мәдени мұрасы. Ескерткіштер жиынтығы – Алматы: 
«Қазқалпына келтіру» РМК ҒЗЖФ, 2008. – 496 б. 
2.
Жер жәннаты Aqmola. Золотая колыбель. The Promised Land. Алматы: ТОО «Издательство 
Золотая Книга», 2018, 304 с. 
3.
Акмолинская область: Энциклопедия /Гл. Ред. Б.О. Жакып – Алматы: ТОО «Қазақ 
энциклопедиясы», 2009. – 544 с. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   496   497   498   499   500   501   502   503   ...   532




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет