Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет14/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

Ескерту. Көркем әдебиетте белгілі бір заманды суреттегенде немесе ертеректегі ақын-жыраулар мен жазушылардың шығармаларында осы күнгі орысша тұлғасы сақталып жазылатын бірқатар сөздер өзгерген түрде берілуі мүмкін. Мысалы: майыр (майор), ояз (уездный начальник), жандарал (генерал-губернатор), сияз (съезд), старшин (старшина), бексіл (вексель) т.б.

§ 23. Араб, парсы тілдерінен, соңдай-ақ туыстас татар, өзбек т.б. тілдерден енген сөздер қазақша айтылуынша жазылады, яғни сол тілдердегі тұлғасы сақталмайды: бұкара (фуқара), пікір (фикр), әкім (хаким), әзір (хазир), пайда (файдә), наурыз (ноуруз), қате (хата), мақта (пақта), жүзім (йүзүм) т.б.


§ 24. Жазу тәжірибесінде кейбір түбір сөздер екі түрлі дыбысталуына (айтылуына) қарай екі (кейде тіпті үш) нұсқада беріліп жүр. Бұларды бөліп-бөліп тану қажет. Бірқатар түбір сөздердің екі, кейде үш вариантының да жазылуы заңды түрде орын алады. Олардың бір тобының (сан жағынан өте шағын тобының) екі нұсқасын қатар қолдана беруге болады: айғай - айқай, бұндай - мұндай, балуан - палуан, ертегі - ертек, пәле - бәле, гауһар - жауһар, заңғар - зеңгір, байымдау- пайымдау - бағамдау, айдаһар - аждаһа, сықыл- ды - секілді, өзге - өңге, уәде - уағда, жәбір - зәбір, жаһан - жиһан, айуан - хайуан т.б.
Сонымен қатар тек бір нұсқасын (вариантын) қабылдап, соның жазылуын қалыптастыратын қатарлар да бар. Соңғылар көбінесе фонетикалық дублеттер деп аталатын, яғни кейбір дыбыстары ғана өзгеше келетін создер болады. Мұндайда орфографиялық норма болып есептелетіндері сөздікке енеді де, озге нұсқалары жақша ішіне “емес” деп көрсетіледі. Мысалы: қазір (кәзір, қазыр, хазір емес), міне (міні емес), ерегіс (ерегес емес), жіті (жыты емес). Бұл күнде жазылуы едәуір орнығып қалған кейбір сөздердің өзге қатарлары “емес” деген белгімен көрсетілмеуі де мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет