Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет17/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

Е с к е р т у. Жіңішке ль дыбысына аяқталатын сөздерге тәуелдік жалғаулары (яғни дауыстыдан басталатын қосымшалар) сөздің соңғы буынының жуан- жіңішкелігіне қарамай, тек қана жіңішке жалғанады: дизель+і - дизелі, дизеліміз, фестиваль+і - фестивалі (бірақ: фестивальга, фестивальдан, фестивальдық), магистраль+і - магистралі (бірақ: магистральға, магистральдық)

Соңғы екі дауыссыздың арасында жіңішкелік белгісі бар сөздерге де қазақ тілі қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады. Мысалы: вальс+ка, валвс+ты, вальс+ы, асфальт+қа, асфальт+ы ,рельс- +ке, рельс+і.


Кль, брь, бль тәрізді дауыссыз дыбыстар мен жіңішкелік белгісіне аяқталған сөздерге және жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір буынды сөздерге қазақ тілі қосымшалары әрдайым жіңішке жалғанады: ансамбльге, тюльді, тюлі, оське, осінің, ткань (биология термині), тканьге, ткані, княздік, князі, верфьке.
Орыс тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі л әрпінен кейін жазылатын сөздерге қазақ тілі жұрнақтары жалғанғанда, жіңішкелік белгісі жазылмайды: материальный-материалдык, феодальный - феодалдық, коммунальный - коммуналдық, патриархальный - патриархалдық.
Ал жұрнақтар жалғанбай-ақ түбірдің өзінде л-дан кейін жіңішкелік белгісі келетін сөздерде бұл белгі сақталады: моральный - моральдық, артельный - артельдік, акварельный - акварельді.
§ 30. Соңғы буынында ю, ё, э дауысты дыбыстар келетін орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жіңішке жалғанады: полюс-ті, полюс-ке; шлюз-ді, шлюз-ге; дюйм-ге, дюйм-і, велюр-ге, велюр-ді, парашют-ке, парашют-тер, парашют-і, актёр+лер, актёр-ге, дуэль-ге, дуэль-і, дуэт-ке, дуэт-і.
§ 31. Қосымшалар дыбыс үндестігі бойынша не қатаң, не ұяң, не үнді дауыссыздан басталып жалғанады:
а) Сөздің соңғы дыбысы дауысты немесе үнді (м, н, р, л, ң, у, й) я ұяң (ж, з) дауыссыз дыбыс болса, қосымша үнді не ұяң дауыссыздан басталады: терезе+ге, терезе+нің, терезе+ден, шам+ды, шам- +нан, шам+ға, шам+ның, қаз+ды, қаз+ға, қаз+бен, мұқтаж+дық
.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет