И дыбысына біткен етістіктер мен сый, тый деген етістіктерге - у, -а жұрнақтары жалғанғанда, олар ю, я болып жазылады (сый, тый деген сөздерде й әрпі түсіп қалады): қи + у - қию, қи + а - қия, ки +у - кию, и + у - ию, сый + у - сыю, сый + а + ды - сыяды, тый + у - тыю, тый + ады - тыяды.
Ю әрпіне аяқталатын сөздерге дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда, ю таңбасы сақталады да, үш дауысты әріп қатар жазылады: баю+ ы - баюы (Біз ауылдың баюын әнгімеледік); кею + і - кеюі (Ол кеюін койды).
Е с к е р т у. Мына сөздерде қатар келген йу әріптерінің орнына ю әрпі жазылмайды, сол таңбаларының өзі сақталады: айуан, хайуан, бейуақ, кейуана.
§ 8. У әрпі үш түрлі қызмет атқарады: 1) жуан айтылатын ұу дауысты дыбысын таңбалайды: су (сұу), суық (сұуық), туыс (тұу- ыс), бару(барұу), жу (жұу), жуық (жұуық); 2) жіңішке айтылатын үу дауысты дыбысын таңбалайды: гу (гүу), гуледі (гүуледі), келу (келүу), жүру (жүрүу); 3) сөз басында дауысты дыбыстан бұрын тұрса (уақ, уыс, уақиға, уылдырық, уілдеу) және сөз ішінде дауысты дыбыстан кейін не екі дауыстының арасында тұрса, у әрпі үнді (сонор) дауыссыз дыбыстың таңбасы болады да, жеке бір өзі буын жасай алмайды. Мысалы: уа+қыт, уыл-ды-рық, уыс (у-ыс емес), тау (та-у емес), қашау (қа-ша-у емес), та-уық (та-у-ықемес), тыр-на- уыш (тыр-на-у-ыш емес).
Ескертулер.1. И, й-лерден кейін тұрған у дыбысы үнді (сонор) дауыссыз дыбыс болады да, өз алдына буын құрай алмайды: ай -уан (ай- у-ан емес), бей -уақ (бей-у-ақ емес), кей-уа-на (кей-у-а-на емес), ми-уа (ми-у-а емес).
2. Екі дауыстының ортасында келген у дыбысы сөзді буындағанда, соңындағы дауыстымен бірігіп, келесі буынның басқы дыбысы болады: та-уық, (тау-ық емес), жа-уын (жау-ын емес), та-ра-уы (тар-ау-ы емес), ба-ян-да-уыш (ба-ян- дау-ыш емес).
3. Түу алыста, түу баста деген тіркестердегі түу сөзі жөне түуһ одағайы, шүу дегенде, айт-шүу, шүу-шүулеу тіркестеріндегі шүу сөзінде жіңішке у дыбысы үу арқылы таңбаланады. У дыбысына аяқталатын етістіктерге -у жұрнағы жалғанғанда, екі уу әрпі қатар жазылады: (жүкті) бу + у - буу, (қоянды) қуу, (сиырды) сауу. Бұларға дауыстыдан басталған қосымша жалғанғанда, үш дауысты әріп қатар жазылады: Ол сиырды саууын (сау + у + ы + н) тоқтатты. Біз қоянды қууын (қу + у + ы + н) қуып едік, - жете алмадык.
§ 9. И әрпі жалаң и дыбысын және қосарлы ый, ій дыбыстарын таңбалайды да, сөздің барлық буынында жазыла береді: ине, имек, иіс, Иса, Иманбай, иық, бидай, тиын, тиін, қиын, киін, сирақ, сирек, жиналыс, тарихи, саяси, яғни, ылғи, қағида, ақиқат, Қани, Ғали, Сағира, Қалима, кино, комиссия.
Я, ю қосар дыбыстарының алдынан естілетін ы, і дыбыстары да и әрпімен таңбаланады: тақия, дүрия, дария, жария, кқрия, мия, сия, Әсия, Ғалия, кию, жию, тию (үлестің тиюі).
Е с к е р т у. Тый-, сый-, сыйла-, сыйын- деген етістіктер мен сый деген есім сөз түбір тұлғаларында да, оларға қосымша жалғанғанда да, ый әріптерімен жазылады: тыйым, тыйды, тыяды, тыю, тыятын, тыяр, тыйған, тыйса, тыймақ; сыйымды, сыйғызу, сыяды, сыю, сыймақ, сыйса, сыйғалы; сыйлау, сыйынатын, сыйынғыш; сыйлық, сый-сияпат т.т.
§ 10. Ы, і дыбыстарына біткен етістіктерге көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда, қосар -ый, ій әріптерінің орнына дара и әрпі жазылады: жібі-й(ді) - жібиді, ері + й(ді) - ериді, йі + й(ді) - ииді, тасы + й(ды) - тасиды, тоқы + й(ды) - тоқиды, оқы + й(ды) - оқиды.
И дыбысына біткен етістіктерге тұйық райдың -у жұрнағы -ю болып, көсемшенің -а жұрнағы -я болып жалғанады: ки + у - кию, ти + у - тию, жи + у - жию, жи + а- жияды, қи+ у - қию, қи+ а(ды) - қияды.
§ 11. Йы, йі дыбыстарына біткен етістіктерге көсемшенің -й жұрнағы жалғанғанда, ый, ій әріптерінің орнына жалғыз и әрпі жазылады. Мысалы: байы + й - байи (Біздің ауыл жылдан-жылға байи бермек), байимын, байисың, байиды (және осылардың көпше түрлері), байитын; кейі+й - кейи (Сен оған кейи берме), кейимін, кейисің, кейиді, кейитін; ұйы + й(ды) - ұйиды (Сүт тез ұйиды), иі + й(ді) - ииді (Бұл сиыр тез ииді).
2. КЕЙБІР ДАУЫССЫЗДАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ
§ 12. Ф, х әріптері, көбінесе, орыс тілінен және орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздер мен жалқы есімдерде, оның ішінде кісі аттарында жазылады: фабрика, фонетика, шкаф, шеф, химия, хлор, техника, цех, Фэтима, Фазыл, Фэрида, Хамит, Халел, Райхан, Мұхтар, Ахмет.
X әрпі араб-парсы тілдерінен енген бірқатар сөздерде де жазылады: халық, хат, хал, хан, ханзада, хас (“тән” деген мағынада), хош (иісті), мұхит, сахна, тарих, рухани, - хана (асхана).
§ 13. В, ч, ц әріптері орыс тілінен енген және орыс тілі арқылы енген сөздерде ғана жазылады: вагон, велосипед, вокзал, аквариум, цирк, чек, очерк, диспетчер.
-Ов, -ев, -ова, -ева жұрнақтарымен жасалған қазақ фамилияларында в әрпі жазылады: Асанов, Асанова, Бәйішев, Бәйішева.
Достарыңызбен бөлісу: |