ҚОСЫМШАЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУЫ
§ 25. Қосымшалар, негізінен, сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай буын үндестігі бойынша я жуан, я жіңішке жалғанады да, естілуінше жазылады: ең-бек + ші + лер + іміз + дің, жұ-мыс + шы + лар + ымыз + дың, кі-тап + тың, мұға- лім + нің, га-зет + ке, ки-но + ға, ко-нус + ты.
Соңғы буынында (бір буынды сөздің өзінде) у дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жуан жалғанады: ксурс-қа, авто-бус +қа, инсти-тут +қа, кани-кул +ға, тай-фун + ның, шу-руп + ты. Бұл ережеге г дыбысына аяқталатын сөздер мен жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір буынды сөздер және бль, ль дыбыстарына аяқталатын сөздер бағынбайды, оларға қосымша жіңішке жалғанады: ок-руг-ке, руль-ге, пат-руль +ге, ансамбль +ге, ансамблі.
Соңғы буынында (не бір буынды сөздің өзінде) и дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жіңішке жалғанады: кассир + ге, синтак-сис + тік, маг-нит + тік, каль-ций + дің, маг-ний +ге, Горький+ге, Маяков-ский +ге.
§ 26. Фамилия жасайтын -ев (-ева), -ов (-ова), -ин (-ина) қосымшалары буын үндестігіне бағынбайды: ев (-ева) қосымшасы сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамастан й және ш дыбысына аяқталған жалқы есімдерге жалғанады. Бұл қосымша жалғанғанда, түбірдегі й әрпі түсіріліп жазылады: Тәжібай +ев + Тәжібаев, Жабай+ев-Жабаев, Имашев, Рашев, Мұқашев, Мұқашева, Жақашева. Дауысты дыбыстарға аяқталған кісі аттарына да -ев (-ева) қосымшасы жалғануы мүмкін. Мұса+ев - Мұсаев, Абдолла + ев, Бөке + ев - Бөкеев. Түбір сөздің соңғы дыбысы ы, і болса, -ев (-ева) қосымшасы жалғанғанда, ол дыбыстардың орнына и әрпі жазылады: Сары- +ев-Сариев, Жұмалі+ев-Жұмалиев, Аққозы+ев – Аққозиев. Й мен ш дыбыстарынан басқа барлық дауыссыздардан кейін -ов (-ова) қосымшасы жалғанады, мұнда да сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігі есепке алынбайды: Мұ-рат+ов, Ме-дет+ов, Сұл-тан+ов, Жү-ніс+ов, Сейіт + ов. Дауысты дыбысқа аяқталған кісі аттарынан, әдетте фамилия -ин (-ина) қосымшасы арқылы жасалады, мұндайда соңғы дауыстылар түсіріліп, түбірге -ин (-ина) қосымшасы тікелей жалғанады және сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігі есепке алынбайды: Нұралы+ин - Нұралин, Алтынсары+ин - Алтынсарин, Дербіса- лы+ин - Дербісалин, Ғайса+ин - Ғайсин. -ин (-ина) жұрнақтары жалғанғанда, кейде түбірдегі ұ, ү, о, о дыбыстары у болып өзгеріп айтылуы және солай жазылуы мүмкін (ал -ов, -ова жұрнақтарымен жасалғандарында түбір өзгермейді). Мысалы: Мұса+ин - Мусин (ал Мұса+ев - Мұсаев), Жұма+ин - Жумин (ал Жұма+ев - Жұмаев), (Абдолла+ин - Абдуллин) (ал Абдолла+ев), Бөке+ин - Бөкин (ал Бөке- +ев - Бөкеев). Сонымен қатар Абдоллин деп түбірін сақтап жазу да орын ала алады.
-ов, -ев жұрнақтары арқылы жасалған фамилияларға қосымша бастапқы түбірдің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады: Аймановка, Тәжібаевқа дегенде Ай-ман, Тәжі-бай түбірлерінің соңғы буындары жуан болғандықтан, қосымша да жуан жалғанып тұр. Ал Жүнісовке, Әйтиевке дегендерде түбірдің соңғы буындарында жіңішке дауысты дыбыс болғандықтан (Жү-ніс, Әй- ти), қосымшаның да жіңішке варианты жалғанып тұр.
Достарыңызбен бөлісу: |