Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет16/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

Ескертулер. 1. -мен (-бен, -пен), -паз, -қор, -қой, -нікі, -тікі, -гер, -кеш, -гөй,-хана, -тал, -дар қосымшалары сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай, осы көрсетілген түрлерінде ғана жазылады: кесемен, қасықпен, мақтампаз, өнерпаз, әсемпаз, жеңімпаз, пайдақор, әзілқой, саудагер, жүлдегер, арбакеш, әзілкеш, ақылгөй, шайхана, шеберхана, ұғымтал, сезімтал, өсімтал, хабардар, діндар, ауылдікі, мемлекеттікі.
2. Ә әрпіне аяқталған немесе сонғы буынында ә әрпі жазылған сөздерге қосымшалар жуан жалғанады: кінә+лау (кінәлеу емес), күнә+сыз (күнәсіз емес), күнә+ға (күнәге емес), күмән+дану (күмәндену емес), Күлән+ға (Күләнге емес).

§ 27. Орыс тілінен енген к, г дыбыстарына аяқталған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары буын үндестігіне қарай, яғни сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың әуеніне қарай жалғанады: фи-зик+тер, лак+тың, га-мак+тың, по-ляк+тар, ма-як+қа, бам-бук- +тың.




Е с к е р т у. ог, уг дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша жіңішке жалғанады: педагогке, педагогі, педагогтік, округке, округі, округтік.


§ 28. Орыс тілінен енген рк, рг, ск, кт, кс, нк, нг, лк, нкт деген дыбыстар тізбегіне аяқталған сөздерге қазақ тілінің қосымшалары жіңішке жалғанады: паркке, парктер, Омскіге, Омскіден, киоскіге, киоскісі, фактіге, фактісі, танкіге, танкілер, полкке, полктер, полкі, пунктке, пункті.
§ 29. Жіңішкелік белгісіне аяқталған көп буынды сөздерге қазақ тілі қосымшалары буын үндестігі бойынша жалғанады, яғни сөздің соңғы буыны жуан болса, қосымша жуан, соңғы буында жіңішке дауысты дыбыс болса, қосымша да жіңішке жалғанады: ла-герь+ге, ла-гер+і, банде-роль+ға, фести-валь+ға.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет