Л, рдыбыстарынан басталып, одан кейін а, ә, е, у, ұ, идыбыстары келетін түбір сөздердің басында ы, і әріптері жазылмайды: лаж, лайық, лас, лай, лайсаң, лақ, леген, рай, рас, лауазым, лашын, лашық, лақа (балық), лақап, лезде, леп, лепіру, лоблу, рақат, рақым, рет, ренжу, рең, реңк, ру, рух, рухани, рұқсат, риза, рия, ризық, рәсуа.
Л, р дыбыстарынан басталып, одан кейін қысаң ы, і дыбыстары келетін сөздердің басында (л, р әріптерінен бұрын) ы, і әріптері жазылады: ырыс, ырым, ырық, ырылдау, іріту, ілігу. Сөз р немесе л дыбыстары мен қатаң дауыссызға аяқталып, шұғыл айтылатын жағдайда бұлардың арасына ы,і әріптері жазылмайды. Мысалы: ұлт, жұрт, кілт, бұлт, қарт, төрт, құрт, күрт, жалт- жұлт, тарс-тұрс, бырт-бырт, жарқ-жұрқ, салт, қалт (етті).
Е с к е р т у. Шұғыл айтылмайтын соңғы сонор мен қатаң дауыссыздың арасына ы, і қойылып жазылады: жарық (сәуле), қарыс (бір қарыс сақалы бар), қарыт (аязға бетін қарытып алды), тұрыс (бұл тұрысың маған ұнамайды).
§ 6. Л, э әріптері орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады: пулемет, Петр, Семен, этажерка, эпос, поэма, эволюция, экономия. § 7. Я, ю әріптері қазақ сөздерінде й + а, й + у қосар дыбыстарын таңбалап, дауысты әріптен кейін ғана (я әрпі бірен-саран қазақ сөздерінің басында да) жазылады: аю (айу), үю (үйу), қою (қойу), аян (айан), қоян (қойан), баяндауыш (байандауыш), яғни, яки, япырмай. Бұл әріптер орыс тілінен енген сөздерде қосар йа, йу дыбыстарының да (каюта, маяк), жалаң а, у дыбыстарынын да таңбасы ретінде қолданылады. Соңғы жағдайда дауыссыз дыбыстан кейін келеді де, оны жіңішкертіп тұрады: октябрь- окт’абрь, поляр - пол- ’ар, бюджет- б’уджет, бюллетень- б’уллетень, полюс - пол’ус.