§ 14. Щ әрпі орыс тілінен енген жалпы және жалқы есімдерде, қазақ тілінің ащы, тұщы, кеще деген түбір сөздерінде ғана жазылады: училище, Щорс, Щедрин.
Ескертулер. 1. Түбір сөз ш дыбысына аяқталып, оған ш дыбысынан басталған қосымша жалғанғанда, қос шш әрпі жазылады (щ әрпі жазылмайды): аш +шы - ашшы (Есікті ашшы), іш+ші - ішші (Шай ішші).
Түбір сөз с, з дыбыстарына аяқталып, оған ш дыбысынан басталған қосымша жалғанғанда, қос шш дыбысы естілгенімен (айтылғанымен), сөз бөлшектерінің түбірі сақталып жазылады: сөз + шең – сөзшеңь (айтылуы - сөщең), бас + шы – басшы (айтылуы - бащы), қос + шы - қосшы (Үлесіңді маған қосшы).
§ 15. Б, в, г, д дыбыстарына, негізінен, орыс тілінен енген және орыс тілі арқылы енген сөздер аяқталады: клуб, штаб, автив, штатив, педагог, монолог, округ, отряд, парад. Араб, жад деген бірен- саран кірме сөздер де б, д дыбыстарына аяқталады.
§ 16. ь, ъ белгілері орыс тілінен енген және орыс тілі арқылы енген сөздерде ғана жазылады: асфальт, вольт, руль, премьер, батальон, съезд, разъезд, объект, субъект.
§ 17. һ әрпі естілген жерінде жазыла береді: каһар, каһарлы, қаһарман, гауһар, жиһан, баһра, Жауһар, Маһида, Маһинұр, аһ, уһ, еһе, аһа, аһлады, уһледі. Һ әрпі жазылатын сөздер қазақ тілінде аса көп емес, олар, негізінен, араб, парсы тілдерінен енген сөздер мен одағайлардың ішінде кездеседі.
§ 18. Ғ әрпі сөздің басында және ортасында ғана жазылады: ғылым, ғана, ғалам, жаға, шағала, жаңғалақ, жалығу, жалығады, ғалаға, қазға.
Достарыңызбен бөлісу: |