Қазақстан республикасы мәдениет, АҚпарат және қОҒамдық келісім министрлігі



бет18/143
Дата11.10.2024
өлшемі0,95 Mb.
#147744
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   143
Байланысты:
Қазақ аныктагыш

Е с к е р т у. Бұл ережеге с, ш қатаң дыбыстарынан басталатын қосымшалар: -сыз, -сіз, -са, -се, -сың, -сің, -шы, -ші, -шыл, -шіл, -ша, -ше, -шаң, -шец, -шық, -шік т.б. бағынбайды. Мысалы: бала+сыз, бала+сың, көйлек+шең, сөз+шең, көп+шіл, ұран+ шыл.

ә) Сөздің соңғы дыбысы қатаң дауыссыздардың және в, б, г, д ұяң дауыссыздарының бірі болса; дауыссыздан басталатын қосымшаның бірінші дыбысы қатаң болады: кітап+тар, кітап+қа, хат+ ты, клуб+қа, педа-гог+тер, араб+тар.


б) Сөздің соңғы дыбысы с, з болып, оған с, ш дыбыстарынан басталатын қосымша жалғанғанда, оның соңғы дыбысы өзгертілмей жазылады: жұмыс+шы (айтылуы - жұмышшы), бас+шылық (айтылуы - башшылық), ауыз+ша (айтылуы - ауұшша), жаз+саң (айты­луы жассаң), сөз+сіз (атылуы-сөссүз), орыс+ша (айтылуы - орұш- ша).
в) Ш дыбысына бітетін сөздерге с дыбысынан басталатын қосымша жалғанғанда, қосымшаның басқа дыбысы өзгеше айтылуына қарамастан, өзгертілмей жазылады: іш+сең (айтылуы - ішшең), ұш+саң (айтылуы - ұшшаң), күш+сіз (айтылуы - күшшүз), көш+сін (айтылуы - көшшін).
г) Сөздің соңғы дыбысы қатаң п, қ, к болса, жалғанатын қосымшалар дауыстыдан басталғанда, қ, к дыбыстары ұяңдап, ғ, г дыбыстарына, ал п дыбысы б, кейде у (қосымшада тағы бір п дыбысы болған күнде) дыбысына айналады да, естілуінше жазылады: күрек+і - күрегі, тарақ+ы - тарағы, тік+у - тігу, тап+у - табу, тап+ып - тауып, кеп+у - кебу, кеп+іп - кеуіп, блок+ы - блогы, ток+ы - тогы, бак+ы - багы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет