Рдыбысынан басталатын бірқатар сөздердің басында (р әрпінен бұрын) ы,і әріптері жазылады да, бірқатарында жазылмайды. Бұл сөздердің саны аса көп емес, сондықтан сөздіктен қарап жазуға болады. Дегенмен бұларды ажырататын белгілердің бірі мынадай: егер сөз басындағы р дыбысынан кейін қысаң ы,і дауыстыларынан басқа дауыстылар келсе, сөз басында ы, і әріптері жазылмайды: рас, рай, рақмет, ресми, рәсім, рең, рет, риза, рия, ру, рүқсат, рәсуа. Ал р дыбысынан кейін ы, і қысаң дауыстылары келсе, олар сөз басында да жазылады: ырым, ырыс, ырық, ірі, іріту, ырылдау т.б.
Түбір сөздің басындағы л дыбысынан кейін дауысты дыбыс келсе, сөз басында ы,і әріптері жазылмайды (ілім деген сөзден басқасында); лақ, лаж, лас, лай, лезде, лек-лек, леп, леген, лоблу, лоқсу, лық (толды). Бұл ережеге қарап ілу, ілесу, іле-шала дегендердің жазылуын шатастырмау керек: Бұл сөздердің түбірі іл болғандықтан, сөз басында да і әрпі сақталады.
И әрпі кірме сөздердегі жалаң и дыбысымен қатар (кино, икс, философ), ій, ый қосар дыбыстарын да таңбалайды. Жінішке айтылатын и- дің алдынан і әрпін жазбау қазақ емлесінде бірсыпыра қалыптасып, орнықты: би, тиек, киім, биік, имек, ирек, иіс, ине. Сондай-ақ и дыбысының жуан айтылған түрі де (ый) жалаң и әрпімен таңбаланады: бидай, диқан, риза, қария, иық, дария, кағида, қиын, сиыр, Сағира, Қалима. Ій, ый дыбыстарын жалаң и-мен, сол сияқты үу, ұу дыбыстарын жалаң у таңбасымен беру оқыту ісінде, мысалы, сөздерді буынға бөлуде қиындық келтіретіні айтылып жүр. Тіл табиғатына қарасақ, қиын, қиық, қуыс, гуілдеген сөздер дұрысында қы-йын, қы-йық, құ-уыс, гү-уіл болып буындалуы керек, ал қазір жазылуына қарап шартты түрде қи-ын, қи-ық, қу-ыс, гу-іл деп буындап, соған қарай тасымалдап жүрміз.
Ый қосар әріптері тек тый, сый деген сөздерде ғана (олардың түбір тұлғасында да, қосымшалы түрінде де) жазылатынын негізгі ережеден ауытқу ретінде есте тұту керек: сый, сыйлық, сыйлау, сыю, сыяды, сыйды; тый, тыю, тыйылдьі т.т.
Дауыссыздардың ішінде х әрпінің қазақ сөздерінде (негізінен араб, парсы тілдерінен енген сөздерде) жазылуына өте ұқыпты қарау керек. Не морфологиялық, не фонетикалык принципке сай келмесе де, бірсыпыра сөздерде х әрпі жазылып, дәстүрге айналып кетті: хат, хабар, халық, мұхит, сахна, -хана. Оларды сөздіктен қарап жазуға болады. Ерекше есте болатын жағдай - араб, парсы тілдерінен енген көптеген сөздерде х әрпін жазудан сақ болу керек. Бақыт, құрмет, қатер тәрізді сөздерді бахыт, хұрмет, хатер деп жазу түпнұсқаға жуық келгенмен, қазақ емлесінде қалыптаспағандығын білу қажет. X әрпі қазақ тіліндегі жалпы есімдерден гөрі, жалқы есімдерде (адам аттарында) жиірек қолданылады: Мұхтар, Ахмет, Хамит, Халел, Хафиза, Райхан т.б.
Қосымшалардың жазылуында да мына мәселелерге коңіл аударуға болады. Қазақ тілінде қосымшалар, негізінен, үндестік заңы бойынша жалғанады. Қосымшаның жуан не жіңішке жалғануына келгенде, түбірдің соңғы буынындағы дауыстының жуан- жіңішкелігі ескеріледі: кі - тап + тың, мұға - лім + нің, ки - но + ға, те - атр +ға. Бірақ қосымшалардың буын үндестігінен ауытқып жалғанатын тұстары да бар. Мұндайда қосымша сөздің соңғы буынындағы дауысты дыбыстың жуан-жіңішкелігіне қарай емес, соңғы дауыссыз дыбыстың (не дыбыстардың) жуан-жіңішкелігіне қарай жалғанады. Бұл құбылыс әсіресе орыс тілі арқылы енген сөздерге қазақ тілі қосымшалары жалғанғанда айқын байқалады. Мысалы, руль, ось деген сөздердегі дауыстылар жуан болғанмен, бұлардың соңындағы дауыссыздар жіңішке айтылатындықтан, қазақ тілі қосымшалары да жіңішке жалғанады: рульдің (рульдың емес), рулі (рулыемес), жердің осі (осы емес). Соңғы дауыссыздың жіңішкелігіне қарап қазақ тілі қосымшасын жіңішке жалғау ль дыбысына аяқталатын көп буынды сөздерге келгенде тек тәуелдік жалғауларына қатысты болады, яғни магистраль, фестиваль сияқты соңғы буыны жуан көп буынды сөздерге дауыссыздардан басталатын қосымшалар жуан жалғанады да, дауыстылардан басталатын тәуелдік жалғаулары жіңішке жалғанады: магистраль + ға, магистраль + дык, бірақ магистралі, фестивальға, бірақ фестивалі. Енді бірқатар тұстарда, керісінше, сөздің соңғы буынында жіңішке дауысты дыбыстың әрпі таңбаланғанмен, қосымшалар жуан жалғанады. Мысалы, кінә, күнә, күмән, Күләш, Іңкәр тәрізді соңғы буындарында ә әрпі жазылған сөздерге қосымша жуан жалғанады: кінәлау (кінәлеу емес), күнәлы (күнәлі емес), күмәндану (күмәндену емес), күнәға (күнәге емес), Күләшқа (Күләшке емес).