Е с к е р т у. Мына сияқты сөздердің ортасында ы, і әріптері жазылмайды: баурай, баурау, лоблу, мәжнүн, малғұн, медресе, сахна, яғни (бұлардың жазылуы емле сөздігі бойынша реттеледі).
Кейбір сөздердің соңғы буындарындағы ы, і дыбыстары сол сөздерге белгілі бір қосымшалар жалғанғанда, айтылуы да, жазуда да сусып түсіп қалады. Мысалы: орын + а - орна /ды/, ойын + а - (>ойна/ды/ (бірақ ойын + ым - ойыным, ойын + ы - ойыны), бұйыр+ ық - бұйрық, жиын + а + лыс - жиналыс, қорық+ ыт - қорқыту, қорық + а + атын - қорқатын, үрік +ек - үркек, ауру + у (адам) (бірақ етістік ауыру), ерін + еу - ернеу, қырық + ыншы - қырқыншы, айыр + ық + ша (айрықша.
Ескертулер. 1. Айыр-, қайыр-, майыр-, шойыр-, үйір-, шүйір- сияқты етістік түбірлеріне етіс жұрнақтары (-ыс, -ыл т.б.) жалғанғанда й-ден кейінгі ы, і әріптері түсірілмей сақталып жазылады: айырылу, айырысу, қайырылу, қайырысу, үйірілу, шүйірілу.
2. Соңғы буынындағы ы, і әріптерін түсіріп не түсірмей жазу бірқатар сөздердің мағынасын айыру үшін пайдаланылады. Мысалы: ауыру – етістік (көп ауыруға болмас) және ауру - зат есім (Ауру адам жазылып келеді; Ауруды асқындырмау керек); ұмтылу - талпыну және ұмытылу - естен шығу.
Соңғы буындарында ы, і дыбыстары бар сөздерді тәуелдегенде, көбінесе соңғы буындарындағы ы, і әріптері сақталып жазылады: киім + і - киімі, бауыр + ы- бауыры, бақыт + ы - бақыты, бұйым + ы бұйымы, дәуір + і - дәуірі, пейіл + і - пейілі, рақым + ы - рақымы, уақыт + ы- уақыты, уыт +ы - уыты, ырыс + ы - ырысы, иіс + і - иісі, ғылым + ы - ғылымы.
Е с к е р т у. Тәуелдегенде соңғы қатаң дауыссыз дыбысы ұяңдап кететін сөздерде ы, і әріптері түсірілмейді: көрік + і - (ұстаның) көрігі, білік + і - (арбаның) білігі, Халық + ы - (Мұсабайдың) Халығы. Бірақ бұған қарап кез келген сөзге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, соңғы буынындағы ы, і дыбыстарын сақтап жаза (беруге болмайды. Мына сияқты сөздерді, яғни соңғы буынындағы қысаң ы, і дыбыстары үнді (сонор) дыбыс пен қатаң дыбыстың ортасында келген сөздерді тәуелдегенде, қысаң дыбыстар сусып түсіп қалады және түсіріліп жазылады: бөрік +і - бөркі, көрік + і - көркі (“ажар, келбет” мағынасында), мойын + ы - мойны, мұрын + ы - мұрны, халық + ы - халқы, ерік + і - еркі, әріп + і - әрпі т.т.
Ы, і дыбыстарына аяқталатын сөздерге дауысты дыбыстан басталған қосымша жалғанғанда, ы, і әріптері түсіріліп жазылады. Мысалы: алты + ау - алтау, жеті + еу - жетеу, екі + еу - екеу.
Ы, і дыбыстарына аяқталатын етістіктерге -у жұрнағы жалғанғанда, ы, і әріптері түсіріліп жазылады: оқы + у- оку, тоқы + у - тоқу, кемі + у - кему, жібі + у - жібу, иі + у - ию, кейі + у- кею.
Достарыңызбен бөлісу: |