Ескертулер. 1. Орыс тілінен енген сөздердің соңғы буындарында о әрпі жазыла береді: кино, динамо, аккорд, паспорт, синоним.
2. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында (яғни олардың екінші сыңарларының алғашқы буынында) о, ө әріптері жазыла береді: көркем- өнер (көркем//ө-нер), кәсіпорын (кәсіп//о-рын), алабота (ала//бо-та), Айнамкөз (Айнам//көз), оқтын-оқтын (оқтын//оқ-тын), төсек-орын (тесек//о-рын).
§ 4. Ұ, ү әріптері, негізінен, сөздің бірінші буынында және бір буынды сөздерде жазылады: ұ-лы, ұ-зын, ұлан, құ-лақ, жұ-дырық, құ- мыра, үл-кен, тү-йініиек, түй-реуіш, ұн, ұл, үн, үш, құн, күн, күрт.
Алдыңғы буындағы еріндік ұ, ү, о, ө дыбыстарының әсерімен келесі буында естілетін (айтылатын) ұ, ү дыбыстарының орнына ы, і әріптері жазылады: құндыз (айтылуы – құндұз), құрық (айтылуы - құрұқ), бүгін (айтылуы - бүгүн), күбір (айтылуы - күбүр), орын (айтылуы - орұн), өңір (айтылуы - өңүр), домбығу (айтылуы - домбұғұу).
Ескертулер.1. Мына тәрізді түбір сөздердің екінші буындарында естілуінше ұ, ү әріптері жазылады: бұлбұл, байғұс, мазмұн, мақұл, мағлұмат, дүлдүл, мәжбүр, дәстүр, марқұм, нақұрыс, әңгүдік (бұлардың жазылуын орфографиялық сөздіктерден қарап білуге болады).
2. Біріккен сөздер мен қос сөздердің соңғы буындарында (яғни олардың екінші сыңарында) ұ, ү әріптері жазыла береді: көкқұтан (көк//құ-тан), Аққұдық (Ақ//құ-дық), қыстыгүні (қысты//гү-ні), мал-мүлік (мал//мү-лік), күп-күрең (күп// кү-рең).
§ 5. Ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады: ыс, ыстық, ыдырау, қыдырыс, қыртыс, торы, іс, кіріс, ірі, кідіріс.
Ү ш буынды сөздердің ортасында дүдәмалдау естілетін қысаң ы, і дыбыстардың әріптері көбінесе түсірілмей жазылады: абырой, адыраспан, адыраю, ажырау, азына, айырым, ақымақ, аңызақ, аңырау, атырап, атырау, әсіресе, бадырақ (көз), бадыраю, бытыра, дәрігер, едірею, ежірею, елегізу, жадырау, жайылым, жапырақ, жауырын, жұдырық, көбінесе, көкірек, қабілет, қағілез, қазына, қапырық, қасірет, қатынас, қоңырау, құбылыс, құдірет, құжынау, құмыра, құрылыс, мағына, маңырау, мәжіліс, мәлімет, мәміле, мейірім, меңіреу, мөңіреу, омырау, өкімет, саңырау, сүмірею, тамызық, тебірену, тоқырау, топырақ, төңірек, ұмыту, ұмытылу (“естен шығу” мағынасында), үзіліс, үкімет, шекірею, шұғыла, ыдырау, ықылас, ысырап.
Достарыңызбен бөлісу: |