Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі


терминдердің сөздіктерде берілу тәсілдері тұрғысынан



Pdf көрінісі
бет11/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография

терминдердің сөздіктерде берілу тәсілдері тұрғысынан
да екі саланың арасында айырмашылық бар. Соңғы кезеңде қолға алынып 
жүрген тақырып бойынша жинақтап беру, информатикалық-ізденіске 
негіздеп жүйелеп беру сияқты тәсілдердің терминологиялық сөздіктер 
жасауға ыңғайлы екендігін аңғару қиын емес. Өйткені, аталған тәсілдердің 
өзі жүйені беруге негізделген. Ал бүл лексикографияда сәтті қолданыс 
таба бермейді. Мұндағы ортақ қолданылатын тәсіл - сөздік мақалаларды 
алфавит реті бойынша орналастыру. 
Төртіншіден, 
сөздіктің макроқұрылым элементтері тұрғысынан
қарастырсақ, сөздік мақалалардың орналастырылуына, кейбір 
мәліметтердің берілуіне, қаріптер мен сөздіктің жалпы безендірілуіне 
байланысты негізінен, ортақ мәселелер көп екендігін мойындау керек. 
Бесіншіден, сөздік түзуде қолданылатын шартты белгілер тұрғысынан 
да үлкен айырмашылық бар. Мысалы, лексикографияда қолданылатын әр 
түрлі стильдік белгілердің терминографияда бір ғана түрі, кай сала 
терминін білдіру үшін қолданылатын ғылым атауының қысқартылған
нұсқасы ғана қолданылатындығын айту керек. 
35 


Алтыншыдан, 
сөздіктердің қайта басып шығарылуына қойылатын 
талаптар тұрғысынан
келсек, терминологиялық сөздіктерге қойылатын 
талаптар, лексикографиялық сөздіктерді қайта басып шығаруға қойылатын 
талаптардан біршама өзгешеленеді. Бұл терминологиялық создіктердің 
мақсаты мен міндеттеріне, термин табиғатының жалпытілдік бірліктерден 
айырмашылықтарына байланысты. 
Жетіншіден, 
сөздіктер тарихын зерттеу тұрғысынан
, әр саладағы 
сөздіктер жасаудың өзіндік тарихы бар екендігін ескеру керек. Сондықтан 
терминологиялық сөздіктер тарихын анықтауға ондағы кемшіліктер мен 
жинақталған тәжірибені айқындау тұрғысынан келіп, терминографияның 
төңірегінде өз алдына талдануы тиісті. Оның өзі бір саланың зерттеу 
нысаны бола алатын қомақты мәселе екендігі дәлелдеп жатуды қажет 
етпейді. Ал лексикографиялық сөздіктер жасау тарихы да өз алдына, 
өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып зерттеуді қажет етеді. 
Мұндай айырмашылықтар мен ұқсастықтарды тілдік бірліктерге 
берілетін түсіндірме, сөздіктің микроқұрылым элементтері сияқты т.б. әр 
түрлі, көптеген талаптар тұрғысынан анықтап, оларды нақтырақ 
мысалдармен көрсетіп беруге болады. 
Жинақтай айтқанда, көрсетілген бұл сияқты өзгешеліктер әр саланың 
өзіндік принциптерінің айқындалу керектігін, келтірілген дәлелдер 
терминографияны өз алдына қарастырудың негізділігін көрсетеді. 
36 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет