мәселелерін көрсете отырып, қалыптасып келе жатқан жеке сала ретінде
терминографияның табиғаты аша түсуді қажет етеді. Нақтырақ айтқанда,
терминографияны жеке сала ретінде қарастырудың, қалыптастырудың
негізді- негізсіздігі ғылыми тұрғыдан дәлелденгені орынды.
Ал басқа тұрғыдан алғанда, қазіргі бар ғылым салалары мен олардың
ішкі салаларының көпшілігі арнайы дәлелдеуді
қажет еткен жоқ және
қажет етпейді де. Өйткені ғылым саласының қажеттілігі оның
айналасындағы
шешуді,
зерттеуді
керек
ететін
мәселелердің
жинақталуына, зерттеу нысандарының айқындалуына байланысты, әрі
соған сәйкес жүргізілген зерттеу нәтижелеріне байланысты пай да болып,
қалыптасып, дамиды. Бұл тұрғыдан келгенде, қазіргі терминологиялық
сөздіктердің сапасы, ондағы көптеп кездесетін кемшіліктердің шешілмей
отыруы, терминологиялық сөздік түрлері
мен оларды жасаудың әдіс-
тәсілдерінің айқындалмай отыруы, қазақ тіл біліміндегі терминологиялық
сөздіктер жасау тарихының қарастырылмай отыруы сияқты т.б. көптеген
мәселелер және оларды зерттеудің қажеттілігінің өзі-ақ терминографияны,
әсіресе, қазақ терминографиясын арнайы сала ретінде қарастырудың
орынды екендігін дәлелдей алады. Бір сөзбен айтқанда, қазіргі
терминологиялық сөздіктерді түзу барысында басшьшыққа алатын арнайы
бір әдебиеттің болмай отыруының өзі де терминографияның аясындағы
зерттелуге тиісті мәселелердің жеткілікті екендігін айқындай түсіп, сапалы
терминологиялық сөздіктер жасауды қиындатады.
Дегенмен, терминография мәселелеріне арналған
кейбір еңбектер мен
ғылыми мақалаларда "терминографияның"
28
орнына
"терминологиялық
лексикография",
"ғылыми-техникалық
лексикография" терминдері де қолданылып келгендігін жоғарыда айтып
өттік. Біздіңше, мұндай қолданысты терминографияның жеке сала
ретіндегі
қалыптасу
сатысындағы,
"терминография"
терминінің
қолданысына дейінгі және терминографияның өзіндік өзекті мәселелері
жан-жақты қарастырылмай тұрғанға дейінгі кезеңдегі қолданыстың
нәтижесі деп бағалау керек. "Терминографияның"
тіл біліміндегі орнын
нақтылай түсу аталған терминдердің қолданысын бірізге түсіріп,
"терминография" терминін сала атауы ретінде қалыптастыруға мүмкіндік
бермек. Ал аталған "тсрминография" терминін аудармай алудың орынды
екендігі, арнайы қалыптасқан бір үлгі бойынша жасалғандығы туралы
терминолог-ғалым Ш. Құрманбайұлы өз еңбегінде жан-жақты талдап
көрсетеді
1
.
Бұл арада, сондай-ақ, "терминологиялық лексикография"терминінің де
қолданысы терминографиялық жұмыстар үшін қажет екендігін айтып
өткен
жөн.
Себебі,
терминографиядағы
бұл
бағыт бойынша
терминологиялық
сөздіктер
жасау
мәселесі
қарастырылмайды,
керісінше,терминдердің лексикографиядағы
филологиялық сөздіктерде
берілуі, ондағы мәселелер мен ерекшеліктер айқындалады. Сондықтан
терминдердің
терминологиялық
емес
создіктерде
берілуі
де
терминографияның маңызды зерттеу нысандарының бірі екендігіне мән
беруіміз керек.
Тіл біліміндегі терминографияны түсіндіретін анықтамаларға мән
берсек, ғалымдар терминографияны әр түрлі
1
Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасы терминденуінің кезеңдік сипаты. -
Астана: Елорда, 2002. 106-б.
'
29
тұрғыдан түсіндіруге ұмтылатынын байқауға болады. Анықтамалар мен
ғылыми
түсініктемелердің
бірінде
терминографияны
оның
лексикографиямен арақатынасы тұрғысынан түсіндіруге ұмтылса, енді
бірінде терминология мен лексикографияның байланысы тұрғысынан
түсіндіруге ұмтылады.
Сондай-ақ, терминографияны лексикология мен
лексикография сияқты терминологиямен байланысты сала рстінде
көрсететін пікірлер де бар.
Сондай түсініктемелерден нақты мысалдар келтірсек, мысалы, орыс
терминографы С.В. Гринев: "Терминологическая лексикография или, как
ее принято в
последнее время называть, терминография возникла как
Достарыңызбен бөлісу: