Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет10/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография

тілдік 
бірліктердің 
сұрыпталуы 
тұрғысынан

терминография мен лексикографияның арасында үлкен айырмашылық бар 
екендігін айту керек. Бұл арада қандай сөздік жасау барысында болмасын, 
оған алынатын тілдік бірліктерді жинақтап, сұрыптап алудың жеңіл емес 
екендігін жоққа шығармаймыз. Алайда, терминологиялық сөздіктерге 
терминдерді сұрыптап алуға анағүрлым қатаң талаптар қойылатындығын, 
оның негізі терминдерді термин емес сөздерден ажыратып алудың 
қиындығымен байланысты екендігін айту керек. Бұған қарағанда, 
лексикографиялық сөздіктерде тілдік бірліктерді жинап алу ісі қиын 
болғанымен, оларды сұрыптау ісі салыстырмалы түрде терминологиялық 
сөздіктер түзудегідей тым ауыр емес екендігін түсінуге тура келеді. Оның 
үстіне, тілдік бірліктерді алатын қайнар көздер мен терминдерді сұрыптап 
алатын қайнар көздердің арасындағы үлкен айырмашылық бар екендігі де 
түсінікті.
Екіншіден, 
сөздік түрлері тұрғысынан
, лексикографиядағы сөздік 
түрлері мен терминографиядағы сөздік түрлері қызметіне байланысты 
ұқсас болғанымен (аударма, түсіндірмелі), мақсаты мен міндетіне 
байланысты әр түрлі болып келетіндігін байқауға болады. Оның үстіне, 
терминдерді жүйелі етіп беру мақсатында терминографияда жаңа 
сөздіктердің түрлері пайда болып жатқандығын, олардың қүрьшымы мен 
оларға қойылатын талаптар ар- найы қарастыруды қажет ететіндігін де 
ескеру керек. Сондықтан терминологиялық сөздіктің лексикографиядағы 
сөздік түрлерінің бірі ретінде ғана қарастырылуы терминдердің жүйелі, 
бірізді берілуін, терминдерді 
34 


үйлестіру ісін, жалпы айтқанда, терминологиялық сөздіктер жасау ісін 
дамытуды тежеген болар еді. 
Алайда, терминографиядағы жаңа пайда болып жатқан сөздік түрлерін 
лексикографияда пайдаланып, жаңа үлгідегі лексикографиялық сөздіктер 
де түзуге болатындығын, бұл тұрғыдан өзара байланысты болуы 
керектігін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ әр салада берілетін тілдік 
бірліктердің берілуіндегі өзіндік ерекшеліктер айқындалуы тиіс. 
Үшіншіден,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет