раздел лексикографии. Последняя обычно определяется как наука и
практика составления словарей. В соответствии можно определить
терминографию как науку и практику создания специальных словарей'',-
деп көрсетеді
1
.
Осы сияқты пікірді өз еңбегінде Ю.Н Марчук та айтып өтеді
2
. Ал,
украин ғалымы В.В. Дубичииский терминографияға: "Терминография
представляет
собой
науку
о
теории
создания
специальных
терминологических
словарей.
Эта
дисциплина
комплексная,
объединяющая терминоведение как науку о терминах и лексикографию
как искусство создания словарей», - деген түсініктеме береді
3
.
Аталған пікірлерден ғалымдардың тұжырымдары бір жерден шығып
жататындығын, тек олардың әрқайсысы
1
Гринев С.В. Принципы теории терминографии // Теория и практака
научно-технической лексикографии. Сб. статей. - М.: Русский язык, 1988.
- С. 6.
2
Марчук Ю.Н. Основы терминографии. - М.: ЦИИ МГУ, 1992. - ,С. 17.
3
Дубичинский В.В. Основные принципы и понятия терминографии //
Лексикология. Терминоведение. Стилистика. Сб. науч. трудов,
посвященный юбилею В.М. Лейчика. - Москва-Рязань, 2003. - С. 79 с.
30
терминографияны әр қырынан түсіндіруге ұмтылатындығын байқауға
болады. Расында, термннография терминология мен лексикографияның
бірлігі
негізінде
қалыптасқан,
әрі
терминологиямен,
әрі
лексикографиямен тығыз байланысты, бірақ өзіндік зерттеу нысаны мен
қарастыратын мәселелері жеткілікті сала екендігін түсінуге толық негіз
бар.
Қалай болғанда да, жоғарыда көрсетілген терминдердің қолданысынан,
әрі көрсетіліп өткен анықтамалардан терминографияны лексикографиямен
байланыстырушы немесе оларды бір-біріне қарама-қарсы қоятын
бағыттардағы пікірлер мен ұстанымдарды байқауға болады. Осы арада
терминографияның дамуына, қажеттілігіне байланысты ғылымда
терминография _ лексикография антитезасының байқалатыны да шындық.
Бұл антитезаны лексикографияның негізінде терминография сияқты жаңа
тіл білімі саласының қалыптасып келе жатқандығының айқын көрінісі
ретінде бағалауға болады. Бұл олардың арасындағы өзіндік зерттеу
нысандарының айкындала түсіп, негізгі мәселелері мен мақсаттарының
басым көпшілігі ортақ болып келетіндігіне қарамастан, өзіндік
қарастыратын мәселелері бар екендігін айғақтай түсіп, салалардың бір-
бірінен іргесін ажыратудағы қажеттіліктен туындаған ғылыми
алғышартты нақтылай, дәлелдсй түседі.
Өйткені
терминографияны
жеке
қарастыруға
байланысты
"Терминографияның
лексикографиядан
айырмашылығы
қандай?",
"Терминографияның да қарастыратын мәселелері де сөздік жасау ісімен
байланысты болса, онда терминологиялық сөздіктер жасау мен оған
байланысты өзекті мәселелерді де неге лексикографияның-ақ аясында
31
қарастыра беруге болмайды?", «Терминографияны, термиңологиялық
сөздіктер жасау ісін жеке қарастырудың мәні, маңызы неде?» деген
сияқты сұрақтардың туындайтындығы сөзсіз.
Ең алдымен бұл сұрақтарға жауап алу, "терминография" терминінің
қолданысы мен оның жеке сала ретіндегі өзіндік ерекшеліктерін ашып
беру үшін ғылыми тұрғыдан тиімді. Екінші жағынан, аталған сұрақтарға
жауап іздеу терминографиялық зерттеулердің қажетгілігін нақты, әрі жан-
жақты дәлелдермен көрсетіп беруге ықпал ететіндігі түсінікті.
Бұл жөнінде соңғы кезеңдерде қазақ терминологиясын жан-жақты
зерттеп
жүрген
ғалым
Ш.
Құрманбайүлы
еңбегінде
қазақ
терминографиясын зерттеудің қажеттілігін сөз ете келіп: "Аякталған
ғасырдың жиырмасыншы жылдарынан бері термин мәселесінің үздіксіз
сөз болып, сол кезеңнен бастап, көптеген терминологиялық сөздіктердің
жарыққа шыққанын ескерсек, терминографияны бізде терминтанудың
арнайы қарастырылып, жан-жақты сөз болуға тиісті саласы ретінде тануға
толық негіз бар. Бұл терминография тарихын зерттеу үшін ғана емес,
жалпы терминологиялық сөздіктер кандай принципке негізделіп жасалуы
керек, оларды түзуде қандай кемшіліктерге жол бермей, нені басты
назарда ұстау қажет және алдағы уақытта қай типтегі сөздіктер жасау
қажеттілігін анықтау үшін де, арнайы қарастырылуға тиісті мәселе», -
деген негізді пікір айтады
1 .
Бұл орайда, терминографияның лексикографиядағы тәжірибелер мен
қағидаларды қажетіне қарай пайдалана
1
Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасы терминденуінің кезеңдік сипаты. -
Астана: Елорда, 2002. - 104 б.
32
алатындығын, терминография мен лексикография бір-бірімен байланысты
салалар екендігін де жоққа шығаруға болмайды. Бірақ, сонымен бірге
терминографияның жеке сала екендігін де түсіну керек. Мұндай
қорытынды жасауымыздың негізділігін уақыт сұранысынан туындаған
қажеттілік факторы, терминологиялық сөздік жасау ісінің айналасында
қордаланып қалған өзекті мәселелердің жиынтығы көрсетіп отыр.
Сондықтан
терминографияның
ғылымдағы
өзіндік
орны
мен
ерекшеліктерін ашып көрсету үшін, оны лексикографиямен салыстыра
отырып қарастырудың орынды екендігін аңғаруға болады. Терминография
мен лексикографияны өзара салыстыра отырып қарастыру олардың
арасындағы ортақ мәселелерді, ұқсастықтарды білуге, сонымен бірге екі
саланың қарастыратын мәселелерінің арасындағы айырмашылықтарды
ажыратып көрсетуге, әр саланың ішкі мәселелері арнайы сол саланың
төңірегінде қарастырылуы керектігін айқындап алуға, терминографияны
лексикографиядан жеке қарастырудың негізділігіне көз жеткізуге
мүмкіндік бермек.
Сондықтан терминография мен лексикографияны қатар салыстыра
қарастырсақ, ондағы байқалатын негізгі өзгешеліктерді, өзекті мәселелерді
шешудегі өзіндік ерекшеліктер, сондай-ақ, қажетіне қарай ортақ
мәселелерді көрсетудің маңызды екендігі байқалады. Бұл мәселеге жалпы
сөздіктерге, олардың құрылымына тән ұғымдар мен оларға қойылатын
талаптар тұрғысынан келіп, біраз мәселеген қатысты екі саланың ұқсас
жақтары мен айырмашылықтарын көрсетуге болады.
33
Біріншіден,
Достарыңызбен бөлісу: |