сөздікте терминологиялық бірлікті беру прин ципін (терминдерді беру тәсілдерін), сөздіктің құрылымын тандау,
терминологиялық тіркестерді беру тәсілдері, омоним терминдерді беру тәсілдері және қосымша бөліктер (көрсеткіштер) сияқты негізгі элементтер жатқызылып жүр.
Бұдан басқа, жоғарыда айтып өткендей, мейлі терминографияда болсын
мейлі лексикографияда болеын сөздіктің кіріспесі мен қорытындысы,
әдебиеттері мен егер болса қосымшасы, тіпті баспада жарық көру
барысында анықталған қателіктерді түзетуіне дейін, оған қоса болса, кейде
ескертпелер сияқты элементтер де негізгі болып есептелмесе де, сөздіктің
макроқұрылымына
кіретіндігін
айту
керек.
Аталған
қосымша
элементтердің әрқайсысының кішкентай болса да қызметі тұтас сөздіктің
қызметіне әсер етеді. Сондықтан қосымша элементтердің осындай
ерекшеліктерін, макроқұрылымдағы орнын ұмытпау керек.
Терминологнялық
сөздіктердің
макроқүрылымына
жататын
элементтердің бірі - сөздікте терминологиялық бірлікті беру принципі
(терминдерді орналастыру реті). Яғни терминдерді сөздікте беру жолдары.
Терминдерді беру сөздіктің, мақсаты мен міндеттеріне де байланысты
екендігі түсінікті. Терминдерде сөздіктерде берудің тәсілдерін шартты
және таңырыптық деп бөліп көрсетуге болады. Терминдерді сөздік түзуде
орналастырудың шартты түрлерінің бірі - алфавит бойынша шартты түрде
беру. Өйткені тіл білімі бойынша тілдегі дыбысты бейнелейтін әріп, оның
ретті
40
жиынтығы - алфавиттің өзі шартты құбылыс. Алфавит реті бойынша беру
- терминдерді сөздікте берудің қазіргі кездсгі сөздіктердегі кең тараған
түрі. Алайда, ғалымдардың пікірінше, жалпы сөздік жасау ісінде алғаш
қолданылған тәсіл -