Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі


тақырып бойынша топтап орналастыру



Pdf көрінісі
бет14/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59
тақырып бойынша топтап орналастыру 
(тақырыптық).
Тақырып бойынша топтап орналастырудың ежелгі латын 
лингвистикасында алғаш пайда болған түрі - глоссарий. 
Ал қазіргі лексикография мен терминографиядағы қолданылып жүрген 
тиімді тәсіл - алфавит реті бойынша беру. Алфавит реті бойынша беру 
барысында негізінен көптеген сөздіктерде қамтылуға тиісті тілдік 
бірліктердің немссс терминдердің жалпы жиынтығы жаппай бірізді түрдс 
алфавит тәртібіне сай беріледі. Бұл лексикографиялық еңбектерде де, 
терминографиялық еңбектерде дее де кең қолданылатын және қазіргі 
лексикография мен терминографиядағы ең қолайлы тәсілдердің бірі. 
Терминдерді орналастыруда қолданылатын тәсілдердің бірі -
мәтіннің 
соңына қажетті сөздердің сөздігін беру
. Мұндай сңбек арнайы жеке 
сөздіктердің қатарына жатпайды. Аталғаи тәсіл бойынша жасалған сөздік 
көбінесе соңғы кездерде оқулықтарда кеңінен қолданылып жүр. Бұл 
жағдайда мәтіннің соңында берілетін сөздікте терминдерді немесе тілдік 
бірліктерді алфавит реті бойынша орналастыру негізге алынады. 
Сондықтан мұндай сөздікті түзу барысында алфавит реті бойынша 
орналастыру тәсілі де қолданыс табады. 
Терминография саласын зерттеп жүрген ғалымдардың пікірлеріне 
сүйенсек, терминографияда сөздік жасау 
41 


барысында соңғы әріптерін негізге ала отырып, соңғы әріптерін алфавит 
бойынша орналастыру тәсілі де кездеседі екен. Мұны кері алфавит реті 
бойынша орналастыру тәсілі деп те атауға болады. Бұл жөнінде С.В. 
Гринев: "Алфавит тәртібі бойынша орналастыру тәсілінің түрліше 
қолданылуына лексемалардың кері алфавиттік орналасу тәртібін 
жатқызуға болады. Бұл тәсіл бойынша лексемалар соңғы әріптеріне қарай 
алфавит бойынша орналастырылады. Бұл жалпы, лексикографияда 
қолданылады, бірақ терминография үшін де тиімді бола алады. Мысалы, 
жекелеген 
салалардың 
грамматикалық 
ерекшеліктерін 
анықтап 
көрсетуде", - деп көрсетеді
1

Терминдерді алфавит реті бойынша орналастыру барысында сондай-ақ, 
бір терминнің өзі сөздіктің құрылымында бірнеше рет, әр әріптің ішінде 
берілуі мүмкін. Мұндай тәсілмен негізінен тіркесті терминдер беріледі. 
Тіркесті терминдер түрлі оралыммен беріліп, алғашқы сөзінің бастапқы 
әріпіне байланысты бір рет берілген термин сөздіктің құрылымында 
қайталанып отырады. Мысалы, қатыстық сын есімдер - сын есімдер 
(сапалық) - сын есімдер (қатыстық) түрлерінде беріліп, бір ғана қатыстық 
сын есім термині алфавит реті бойынша берілген терминологиялық 
сөздіктің екі жерінде беріледі. Термии әрі "қ" әріпіне байланысты, әрі "с" 
әріпіне байланысты терминдердің ішінде қамтылады. Бұл тәсілді 
терминографияда аралас беру тәсілі деп атайды. Алайда, мұндай оралымға 
байланысты қайталау қатаң жүйені беруге негізделген терминологиялық 
сөздіктер үшін тиімсіз 
1
 Гринев С.В. Введение в терминографию; 2-е изд. перераб. и доп. - М.: 
МПУ, 1995. - С.34. 
42 


екендігін, мұндай қайталап беру терминографияда кездескенімен, алдағы 
терминологиялық сөздіктерді түзу ісінде мүмкіндігінше қолданылмау 
керек екендігін айтқымыз келеді. 
Терминдерді терминологиялық сөздікте орналастырудың тағы бір 
тәсілі – ұялық тұрғыдан орналастыру. Бұл тәсіл тектік-түрлік қатынастағы 
терминдердің түрлерін оның тегімен байланыстырып, бір ұяға топтап 
көрсету үшін қажет. 
Терминологиялық сөздіктерде терминдерді алфавит реті бойынша 
орналастырудан басқа да шартты тәсілдері кездеседі. Мысалы, 
сөздіктердің ежелгі латын лингвистикасында алғаш пайда болған түрі - 
глоссарий. Глоссарийде лексикалық бірліктер мәтіндегі кездесу ретіне 
қарай мәтіннің соңына берілген. Мұндай тәсілдің қазіргі кезде 
оқулықтарда қолданылып жүргендігін жоғарыда атап өттік. Қазіргі таңда 
глоссарийлердің практикадағы қолданысы алфавит реті бойынша түзілген 
сөздіктерге қарағанда кең тарамаған. Практикада алфавит реті бойынша 
берілетін сөздіктер кең қолданыс тапқан, әрі пайдалануға ыңғайлы болып 
есептеледі. Ал глоссарийлерді терминологиялық жүйені беру үшін 
қолдану тиімді бола бермейді. Нақты жүйені жинақтап беруде алфавит 
тәртібі бойынша терминологиялық бірліктердің орналастырылуы ыңғайлы
болып табылады. Бұл орайда, терминдердің глоссарий сөздігін жасауға 
болмайды деп айта алмаймыз. Белгілі бір ғылыми еңбек негізінде сол 
еңбекте кездесетін терминдердің глоссарийін жасап шығуға болады. Бұл 
тәсіл бойынша терминдерді жүйеге сәйкес, оның ғылым саласындағы өз 
орнын айқындай отырып көрсетіп беру 
43 


қолайсыз. Сондықтан терминологиялық сөздіктерде терминдерді 
глоссарий реті бойынша орналастыру салыстырмалы түрде талдап 
көрсетсек тиімсіздеу. Сондай- ақ, осы принцип бойынша әр терминнің 
даму сипатын көрсететін хронологиялық терминологиялық сөздіктерді 
түзуге болады. Ал мұндай терминологиялық сөздіктердің қазақ 
терминографиясы үшін қажет екендігін, қазіргі қазақ терминографиясында 
бұл сияқты сөздіктердің жоқ екендігін айту керек. 
Сондай-ақ, терминдерді терминологиялық создіктерде беруде әлемдік 
терминографияда қолданылатын тәсілдердің бірі - терминдерді ғылыми 
мәтінде кездесу жиілігіне қарай беру. Мұндай сөздіктерді жиілік сөздігі 
деп атайды және олардың екі түрі бар. Бірі терминдерді ғылыми мәтінде 
көп кездесетін терминдерден бастап аз кездесетін терминдерге қарай 
реттеп орналастырса, екіншісі, керісінше, терминдерді ғылыми мәтінде аз 
кездесетін терминдерден бастап көп кездесетін терминдерге қарай 
орналастырады. Алайда, терминографияда бұл тәсіл қосымша ақпарат 
беруге арналған сөздіктер үшін қолданылады. Арнайы терминологиялық 
сөздіктерде аталған тәсіл кең қолданылмайды. 
Сонымен, жинақтай айтқанда, терминдерді сөздіктерде алфавит реті 
бойынша беру, мәтіндегі кездесу ретіне қарай, хронологиялық тәртіп 
бойынша беру және мәтінде кездесу жиілігіне қарай беру терминдерді 
берудің шартты тәсілдерінің қатарына жатады. 
Ал терминдерді тақырыптық жағынан орналастыру тақырыптық 
сөздіктерде қолданылады. Алфавит реті бойынша 
44 


түзілетін тақырыптық сөздіктер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет