Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет7/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография


Гринев С.В. Принципы теории терминографии // Теория и практика 
научно-техническойлексикографии. Сб. статей. - М.: Русский язык, 1988. 
- С. 6. 
23 


жүйелей отырып, терминологиялық сөздіктердің әрқайсысының 
ерекшеліктерін ашу сияқты термннографияның келесі зерттеу нысандарын 
зерттеуді жүзеге асыра аламыз. Яғни, бұл екі зерттеу нысандары бір-
бірімен тығыз байланысты. Бүл бағыттағы зерттеулердің сөздік жасаушы 
мамандардың, ғалымдардың терминологиялық сөздіктерді жасаудағы ісін, 
оларды дайындау сатысын жеңілдетері және терминологиялық сөздіктер 
сапасын арттыратыны сөзсіз. 
Терминографияның 
келесі 
зерттеу 
нысандарының 
бірі 

терминографияның лексикографиялық еңбектерден айырмашылықтары 
мен ұқсастықтарын анықтау арқылы терминографиялық еңбектердің 
өзіндік табиғатын айқындай түсуге ұмтылу. Бүл бағыттағы зерттеулер 
терминографияның лексикографиядан іргесін бөліп, жеке сала ретінде 
орнығуына, сол арқылы терминографиядағы сапалы сөздіктердің жарық 
көруіне тиімді болған болар еді. 
Терминографияны қолға алу барысында әсіресе, терминологияның 
дамуына байланысты терминдерді сөздіктерге іріктеп алу мәселесіне 
байланысты, оларды сөздіктің мақсатына сай жүйелі беруде негізге 
алынатын принңиптерді де белгілеп беру қажет. Бүл тұрғыдан 
терминология саласындағы өзгерістер мен ғалымдардың термин 
жасаудағы ұстанымдарын да негізге алып, терминдік ұғымдардың 
сөздіктерде берілуін терминологиядағы принциптермен байланыста 
қарастыру керек. 
Терминографиядағы 
зерттеу 
жұмыстарының 
бір 
бағыты 
терминографиялық еңбек пен терминографтың арақатынасына қатысты 
толып жатқан мәселелерді ашып 
24 


көрсетіп, терминографқа маман ретінде қойылатын тапаптарды басқа 
қырынан айтқанда, терминографтың терминологиялық сөздік жасау 
барысында сақтауы тиіс ережелерді, оның сөздік жасаушы ғалым ретіндегі 
жеке көзқарасының сөздікке әсер ету деңгейін белгілеп беру сияқты 
мәселелермен байланысты болуы керек. 
Терминографиялық еңбекті орындаушы негізгі тұлға - термииограф. 
Терминологиядағы 
терминологқа 
қойылатын 
өзіндік 
талаптың 
болатындығы сияқты терминография теориясында да терминографтың 
рөлі мен маңызы басты моселе болып табылады. Өйткені 
терминографиялық жұмыс - терминологиялық сөздіктің белгілі бір түрін 
құрастыра отырып, терминограф та сол салаға сәйкес қабілет пен икемге 
ие болуы шарт. 
Терминологиялық сала мамандарын дайындап, террминологиялық 
жұмыстарды іске асырудың қажеттілігі хақында қазақ тіл білімінде де, 
жалпы тіл білімінің шеңберінде де айтылып, тіпті дамыған, 
терминологиялық жұмыстарға жауапсыз қарамайтын елдерде арнайы 
мектептер мен ұйымдар жүмыс істеп келеді. Негізі термииограф та 
терминологиялық бағытта білім алып, терминологияның теориялық, 
практикалық мәселелерінен хабардар болуы қажеттілігі міндетті талап. 
Сондықтан қазіргі қазақ терминографиясының теориялық мәселесі
тұрғысынан терминограф мамандардың да әрі терминологиялық, әрі 
терминографиялық, үшінші жағынан лексикографиялық бағыттарда 
дағдылануы, дайындалуы орынды болған болар еді. Қазіргі терминограф, 
ол - кез-келген ғылым салаларының маманы, тілші-филолог, тіпті 
25 


өздігінен сөздік құрастырушылар болып жүр. Бұл терминограф ретінде 
сөздік қүрастырушылардың қай- қайсысы да біздің қоғамда терминоғраф 
бола алады деген сөз. Алайда, мұның дұрыс та, бұрыс та жақтары бар 
екендігін талдап көрсеткен орынды. Дұрыс жағы сөзсіз терминогра- 
фиялық еңбектердің көбеюі, пікір ауқымының кеңеюі, терминографиялық 
еңбектер шығару тәжірибесінің артуы. Бұрысы - теориялық тұрғыдан 
қарастырсақ, кез-келген тұлғаның терминограф бола алуы орынды бола 
қоймайды. 
Олар 
жарыса 
қолданылатын 
сөздіктер 
арқылы 
терминологиялық сөздіктерді пайдаланушыларды шатастырса, екінші 
жағынан сапасыз сөздіктер санын көбейтеді. Сондықтан кез-келген сала 
маманының білім деңгейі негізінде айтылып жүрген терминологтың 
мамандануы секілді, терминографтың мамандануы да қазіргі қазақ 
терминтану ғылымындағы қажетті шарт. 
Біздің байқауымызша, терминологиялық аударма создік жасау 
барысында қай тілдің материалының қандай кезекпен орналастырылуы 
терминологиялық сөздік жасау ісіндегі өзекті мәселе болуы тиіс. Бүл 
сүраққа тек терминографтар ғана емес, лексикографтар да үлкен мән беруі 
керек және алдағы тарауларымыздьщ бірінде арнайы қарастырылады. 
Сондықтан, бір қарағанда көзге көрінгісіз бүл сүрақ жан-жақты зерттеу 
нысанына айналуы тиіс. 
Сондай-ақ, әр салаға қатысты терминологиялық сөздіктерді шығару ісін 
реттейтін жүйе қажет. Ол үшін терминологияльщ сөздіктер шығару 
жүмысын үйлестіретін орталық қажеттігін атап өткен жөн 
Қазақ терминографиясында сонымен бірге терминографиялық 
еңбектердің ерекшеліктері, даму тарихы да басты 
26 


назарда болуы тиіс. Сондай-ақ, терминдердің жалпы филологиялық басқа 
сөздік түрлерінде берілуі де терминографияның қосымша әрі маңызды 
зерттеу нысаны болып, оның теориясының дамуына ықпал ететін 
мәселелердің бірі болуы тиісті. 
Жинақтай келе, қазақ терминографиясында қарастырылуы тиісті өзекті 
мәселелердің жеткілікті екендігіне көз жеткіземіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет