Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі


Терминологиялық сөздіктердің микроқұрылымы



Pdf көрінісі
бет16/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография

2.2. Терминологиялық сөздіктердің микроқұрылымы 
 
Терминография саласын зерттеушілер терминологиялық сөздіктердің 
және арнаулы лексикаға жататын тілдік бірліктерді қамтитын сөздіктердің 
макроқұрылымнан және микроқұрылымнан тұратындығын ажыратып 
көрсетеді. Сондықтан сөздіктердің макроқұрылымы мен микроқұры- 
лымы сөздіктің негізгі құрылымын құрайды екен. 
Терминологиялық сөздік құрылымындағы маңызды бөліктердің бірі - 
оның микроқұрылымы. Терминографиядағы сөздіктің макроқұрылымына 
оның кіріспесінен бастап, қорытындысы мен қосымшасына дейінгі 
аралықтағы сөздіктің жалпы құрылымына қатысты элементтерді 
жатқызсақ, микроқұрылымға сөздік мақаланы түзуде оның ішкі
:
құрылымында қолданылатын элементтер жатады. Микрокұрылым 
элементтері сөздікке алынған термин туралы 
1
 
Әбдірәсілов Е. Лингвистикалық терминдердің семантикалық 
қатынастары. Кандидаттық диссертацияның авторефераты. - Алматы, 
1999. -29 б. 
46 


ақпаратты беруге негізделеді. Сондықтан әлемдік лексикография мен 
терминографияға қатысты еңбектерде сөздіктердің жалпы құрылымын 
макроқұрылым деп атаса, микроқұрылымды ішкі құрылым деп атайды. 
Қазақ лексикографиясын зерттеуші ғалым М. Малбақов та өз еңбегінде
микроқұрылымды "ішкі құрылымдық атаулар" деп колданады
1
. Өйткені 
термин туралы ақпаратты жан-жақты беруге негізделген микроқұрылым 
элементтерінің жиынтығы сөздік мақаланы құрап, әр терминді беретін 
сөздік мақаланың ішкі құрылымында орналасады. Микроқұрылымды 
сондықтан ішкі құрылым деп немесе термин туралы ақпарат беруші 
мәліметтердің жиынтығы деп те атауға болады. Ғалым М. Малбақов 
көрсеткен лексикографиядағы "ішкі құрылым атаулары" деген терминдік 
қолданысты терминография құрылымын талдауда да қолдануды ұсынған 
болар едік. Лексикографиямен салыстырғанда терминографиядағы сөздік 
мақаланы 
құрастыру 
барысында 
қолданылатын 
ішкі 
құрылым 
элементтерінде өзгешелік болғанымен, екі салада да бір терминді қолдану 
қайшылық тудырмайды. Бұл басқа терминдерді де ортақ қолдануға 
қатысты. Мұндай қолданыстар қайта лексикография мен терминография 
арасындағы 
байланыстың 
болуы 
керектігін 
айғақтайды. 
Тек 
терминография 
тұрғысынан 
терминологиялық 
сөздіктердің 
ішкі 
құрылымына жататын элементтер арнайы анықтауды қажет етеді.
Әр терминологиялық сөздік ішкі құрылым атауларын әр түрлі 
дәрежеде қамтиды. Тіпті, кейбір терминологиялық 
1
Малбақов М.М: Бір тілді түсіндірме сөздіктің құрылымдық негіздері. – 
Алматы: Ғылым, 2002. -42 б.
 
47 


сөздіктерде ішкі құрылым атаулары мүлдем қамтылмауы мүмкін. Соңғы 
уақыттарда шығып жатқан, терминдері сөзтізбе (реестр) тәсілімен берілген 
аударма термин логиялық сөздіктердің көпшілігін осындай сөздіктердің 
қатарына жатқызуга болады. Орыс терминографиясыныц ішкі құрылым 
атаулары мен олардың қолданысын анықтай отырып, С.В. Гринев ішкі 
құрылым атауларының түсіндірме терминологиялық сөздіктерде неғүрлым 
толық көрініс табатындығын көрсетеді. Ғалымның пікірінше, түсіндірме 
терминологиялық сөздіктен басқа аударма, оқулық жәнс ақпараттық сөздік 
сияқты т.б. терминологиялық сөздік түрлері түсіндірме сөздікті негізге 
алып жасалады. Түсіндірме терминологиялық сөздік терминографиядағы
сөздіктердің арасында ішкі құрылым атауларын көбірек қамтуы жағынан 
жетекші орын алады. Бұл сөздік түрінің негізгі мақсаты - термин 
дефинициясы туралы ақпараттарды жан-жақты түсіндіріп беру 
болғандықтан, оның сөздік мақалаларының ішкі құрылым элементтерін 
көбірек қамту мүмкіндігі бар екендігімен келісуге болады. 
Терминографиялық зерттеу еңбектерде терминологиялық сөздіктердің 
сөздік мақалаларындағы ішкі құрылым атауларының тіркеуші мәліметтері, 
шартты мәліметтер, этимологиялық мәліметтер, лексикалық қабатқа 
жіктелуі туралы мәліметтер, түсініктеме, ассоциациялық белгілер, 
прагматикалық жағдайы, безендірілуі, микроқұрылымдық элементтер 
сияқты топтары көрсетіліп жүр. Ғалым Ю.Н. Марчук та өз еңбегінде 
терминологиялық сөздіктердегі ішкі құрылым атауларын осындай тығыз 
топқа жинақтап көрсетеді
1

1
 Марчук Ю.Н. Основы терминографии. - М.: ЦИИ МГУ, 1992. - С.56. 
48 


С.В.Гринев 
алғашқы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет