Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі


тақырыптық және  ұялық-тақырыптық



Pdf көрінісі
бет15/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография

тақырыптық
және 
ұялық-тақырыптық
болып екіге бөлінеді. Тақырыптық сөздіктерде әр ғылым жүйесі 
тақырыптарға жинақталып, әр тақырыпқа қатысты терминдер өз ішінде 
алфавит ретімен беріледі. Ал ұялық-тақырыптық сөздіктерде ғылым 
саласы тақырыптарға жинақталмайды, тек терминдер әр терминнің 
аясында ұяға топтастырылып беріледі де, ал ұяның негізіне алынған 
термин алфавит ретімен орналастырылады. Алайда, бұл сөздік алфавит 
ретімен берілетін жоғарыда айтылып өткен ұялық сөздіктерден өзгешелеу. 
Ұялық-тақырыптық сөздік оған қарағанда көптеген терминдерді қамти 
алады, ұя негізіне алынған терминнің сөздік мақаланың көлемі ауқымды 
болып келе алады. Ал бұған қарағанда ұялық алфавиттік сөздік тек 
терминнің түрлерін, грамматикалық ерекшеліктерін көрсетумен ғана 
шектеледі. 
Тақырыптық сөздіктердің тағы бір түрі идеографиялық сөздіктер
немесе оларды тіл білімінде тезаурус сөздіктер деп атайды Тезаурус 
сөздіктер алфавит реті бойынша орналастырылмайды. Тезаурус негізге 
алынған 
дескриптор 
терминнің 
(сипатталушы 
термин) 
басқа 
терминдермен мағыналық байланыстары арқылы түзіледі. Тезаурусты 
түзуде негізге алынатын терминдердің арасындағы мағыналық 
байланыстарға қарай тіл білімінде ассоциациялық және жүйелік 
(иерархиялық) тезаурустар бар. Ассоциациялық тезауруста дескриптор 
терминмен мағыналық жағынан ассоциациялық байланыстағы терминдер 
көрсетіліп, дескриптор терминнің ұғымымен байланысты басқа да 
терминдер қамтылады. Ал жүйелік тезаурус сөздіктерде 
45 


дескриптор терминнің басқа да мағыналық байланыстары (қарама-қарсы, 
тектік-түрлік, салалык, қатыстық

т.б. қатьшастары) арқылы оның
жүйедегі орны көрсетіледі. Бұл жөнінде басқа жұмыстарымызда жан-
жақты талдағанбыз
1

Қорыта келгенде, терминдерді сөздікте берудің тәсілдері, олардың 
түрлері мен ерекшеліктері жеткілікті. Терминологиялық сөздіктің түріне, 
мақсаты мен міңдетіне, тиімділігіне қарай аталған тәсілдер сұрыптап 
пайдалануды қажет етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет