Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет34/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   59
мақсаты.
Олар қызметіне байланысты аударып беру, түсіндіру, ақпарат, мәлімет 
беру сияқты мақсаттарды көздейді. Алайда, аталған мақсаттардың жүзеге 
асырылуы үшін олардың құрылымы көздеген мақсаттарға сәйкес келуі 
тиіс. Мысалы, аударма сипатындағы сөздік болғандықтан екінші тілдегі 
баламасы толық аударма түрінде берілуі тиіс. Өкінішке орай, қазақ 
терминографиясындағы сөздіктердің аударма сөздіктердің көпшілігі осы 
талапқа жауап бере бермейді. Себебі, кірме терминер көп болғандықтан 
олардың орыс тіліндегі нұсқасы да, қазақ тіліндегі нұсқасы да сол 
қалпында қайталанып беріледі. Мұндай жағдайда терминді аударып беру 
мақсаты, сөздіктің негізгі қызметі орындалмайды. Сондықтан аударма 
сөздіктерге кірме терминдерді беретін өзгелеу құрылым қажет. 
Терминологиялық сөздіктерге тән келесі талап - олардың қамтитын 
тілдері 
жөнінде. Қазақ терминографиясындағы сөздіктер негізінен орыс
қазақ тілдерін қамтиды. Әрі екі 
1
 Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. - Алматы, 2000. 
104 


тілді сөздіктер болып келеді. Ал үш тілді сөздіктер соңғы уақыттардың 
еншісінде ғана пайда бола бастады. Өзге тілдерге қатысты 
терминологиялық сөздіктер қазақ терминографиясында ғана емес, 
лексикографиясында да жоқтың қасы. Орыс, қазақ тілдерін негізге алған 
терминологиялық сөздіктердің өзі негізінен орысша-қазақша түрінде 
болып келеді. Ал қазақша-орысша сөздіктер қатары соңғы кезеңдерде
ғана пайда бола бастады. Тілдің кейін немесе алдында орналасуының өзі 
терминологияда да, лексикографияда да маңызды рөл ойнайды. Мұны 
арнайы мақалада қарастырған болатынбыз1.
Қазақ терминографиясына қатысты терминологиялық сөздіктерге 
қойылатын өлшемнің бірі - олардың 
құрылымымен 
байланысты. 
Аударма сөздіктер екі тілде болғандықтан реестр түрінде, яғни тізбе 
түрінде келеді. Құрылымына қатысты ерекшеліктер, олардың жасалу, 
тәсілдерімен, мақсатымен де тығыз байланысты. Яғни, бұл талаптар 
сөздіктің құрылымында бір-бірімен өзара тығыз байланысты түрде жүзеге 
асырылады. 
Келесі өлшем - сөздіктердің көлеміне қатысты. Көлемі жағынан қазақ 
терминографиясындағы сөздіктер шағын, орташа және көлемді сөздіктер 
болып келеді. Қазақ терминографиясында қамтитын саласы мен 
мақсатына байланысты әр түрлі көлемдегі сөздіктерді көрсетуге болады. 
Терминогиялық сөздіктерге тән бір ерекшелік-қамтыған саласына 
қатысты. Әр саланың терминдеріне арнал- 
1 Әбдірәсілов Е. Терминдік сөздіктерде тілдердің орналасу реті және олардың терминдерді 
қалыптастырудағы рөлі // Қазақ терминологиясының өзекті мәселелері. - Астана, 2002. – Б. 
87-92. 
105 


ған терминологиялық еңбектер жеке авторлар тарапынан шығарылуда. Бұл 
үрдіс кеңестік дәуірден бері шығып келе жатқан терминологиялық 
сөздіктердің барлығына тән. Әр сөздік жеке салалардың терминдерін 
қамтиды. Тек жалпы редакциясын профессор С. Аманжолов басқарған, 
мүмкіндігінше барлық салалардың терминдерін қамтыған 12 томдык 
сериялық сөздік (1959-1962)1 пен соңғы шыққан 31 томдық 
терминологиялық сөздіктер (2000) барлық салалардың терминдерін әр 
томда жинақтап, топтастырып камтыған. 
Қажетті 
терминдерді, 
беру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет