дарлауы қажет. Мұнымен байланысты оларды беру тәсілдерін және
олардың бірізді болуын да бағдарлап| жоспарлап алуы тиіс.
Терминологиялық сөздіктерді түзуде сөздіктердің
көлемдік бағдары
терминологиялық сөздіктердің қанша терминді қамту керектігін, қандай
көлемде шығарылуы керектігін, қандай жағдайда қолдануға ыңғайлы болу
керектігін бағдарлауға мүмкіндік береді. Сөздіктің осы бағдарына қарай
олар толық немесе қысқаша сөздік түрінде шығарылуы мүмкін. Мұндай
терминологиялық сөздік түрлері қазақ терминографиясында бар. Әдетте,
қысқаша сөздіктердің көлемі кішігірім, ал түсіндірмелі терминологиялық
сөздіктердің көлемі үлкен болып келетіндігі белгілі. Сөздіктің көлемі мен
атқаратын қызметінің байланысы негізінде сондай-ақ, терминографияда
терминологиялық қалталы сөздіктер шығарылуы мүмкін. Еңбектің
қалталы болуы оның мақсатына байланысты - кішігірім,ұстауға, алып
жүруге қолайлы болып шығарылады, алайда, қамтитын терминдері
жағынан
қалталы сөздіктер де толық немесе қысқаша терминологиялық
қалталы сөздіктер болып жіктеле алады.
Терминологиялық сөздіктерді шығаруда негізге алатын ең қиын
мәселелердің бірі -
Достарыңызбен бөлісу: