- Сөздік материалдары мен безендірілуінде бірізділік сақталмайды.
Осыған ұқсас орыс тіліндегі терминологиялық сөздіктердегі кемшілік
түрлерін орыс терминографы С.В. Гринев та өз еңбегінде атап көрсеткен
1
.
90 жылдарға дейін орыс терминографиясында да терминологиялық
сөздіктер түзу ісінде негізге алатын ғылыми еңбектер мен құжаттар
жоқтың қасы болған. Тек С.В. Гринев
2
пен Ю.Н. Марчук
3
еңбектерінің
пайда болуы орыс ғылыми терминографиясын әрі теориялық, әрі
тәжірибелік тұрғыдан дамытуға ықпал етті. Аталған кемшіліктердің
терминологиялық
сөздіктерде
жіберілмеуі
үшін
тәжірибелік
терминографияда қолданылатын әдіс-тәсілдер мен оларға қойылатын
талаптар ғылыми түрғыдан негізделіп көрсетілгені орынды. Бұл жан-
жақты талдауды және реттеуді, теориялық терминографияның ғылыми-
теориялық негіздерін, өзіндік жүйесін қалыптастыруды қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: