терминография
- соңғы уақыттарда жалпы тіл
білімі деңгейінде терминологиялық сөздіктерді зерттейтін ғылым саласы
ретінде қалыптаса бастады. Әлемдік тіл білімінде аталған термин жеке
сала атауы ретінде соңғы бірнеше онжылдықта орнықты қолданылып
келеді. Сонымен, орыс ғалымдарының көрсетуі бойынша орыс тіл
білімінде терминография, терминограф терминдері 1975 жылдан бері
қолданыс тапқан. Кейбір еңбектерде
терминография
терминінің орнына
терминологиялық лексикография термині де қолданылып келді. Содан
бергі кезеңде орыс тіл білімінде терминографияны жеке сала ретінде
қалыптастыруға, өзіндің қарастыратын зерттеу нысандары мен
мәселелерін, мақсаты мен міндеттерін белгілеп беруге, ғылымдағы орнын
көрсстуге ұмтылған ғылыми еңбектер жарық көріп үлгерді.
Аталған термин қазақ тіл біліміне іргелес орыс тіл біліміндегі
қолданылып жүрген нұсқасы бойынша алынып отырғандығы белгілі.
Бірақ, бұл терминология саласына тікелей қатысты сала болса да, қазақ
терминологиясында бүгінгі күндері ұлттық терминдер қалыптастыру
бағытына басым мән беріліп отырса да бұл терминді осы өзге тілде
қалыптасқан нұсқасымен қабылдаған орынды. Бұл бұрынғы үрдіс
бойынша термин жасау ісін жалғастыру деген біржақты пікір тудырмауы
тиіс. Термиңдер негізінен ұлт тілінде жасалуға тиіс болғанымен, оның да
өз реті, қажет жерінде кірме терминдерді де алуға болатындығын, ал
қазіргі қазақ терминологиясында көтеріліп жүрген мәселелер қазақ тілінде
жасап, қалыптастыруға болатын
17
терминдердің өзін жасауға шектен тыс мән бермей кеткендіктен екендігін
түсіну керек. Әзірге "терминография" термині осы ұғымды беруде сәтті
жасалған
термин
болып
отыр.
Бұл
әрі
термин
жасау
шығармашылығындағы жүйелілік, бірізділік принцинтеріне де сәйкес
келеді. Қазақ терминологиясында қолданыс тауып жүрген лексикография,
орфография, стенография сияқты т.б. терминдердің жасалу жүйесіне
сәйкес
келетіндігін,
барлығының
бір
терминжасам
тәсілімен
жасалғандығын, жүйелілікті сақтау үшін терминография терминін де сол
күйінде қабылдап қолдану орынды екендігін Ш.Құрманбайұлы өз
еңбегінде жан-жақты талдап көрсетеді.
Ендігі жерде қазақ тіл білімінде де осы саланы қалыптастырып,
терминографиялық еңбектер жазудағы яғни, терминологиялық сөздіктер
жасаудағы ерекшеліктер зерттеліп, жан-жақты айқындалуы тиісті. Өйткені
терминологиялық сөздіктердің айналасындағы шешуді қажет ететін
қиындықтардың көбейе түсуіне байланысты терминография саласына
қатысты зерттеу еңбектер қазақ тіл білімі үшін де қажет. Мұндай
жұмыстар арқылы терминографияның тіл біліміндегі орны мен ролін
айқындап қана қоймай, "терминография" терминін тіл білімінде
қалыптастырып, оның жеке сала ретінде орнығып, дамуына,
терминологиялық сөздіктерге қатысты өзекті мәселелердің шешілуіне
ықпал етуге болады.
Бұл тұрғыдан қазіргі кезге дейін терминологиялық сөздіктерді жасау
барысында
тек
лексикографиялық
еңбектерге
сүйенетініміз,
терминологиялық сөздіктерді түзуде басшылыққа алатын, өзіндік
ерекшеліктері мен ескеруге тиісті принңиптерін көрсетіп беретін арнайы
18
құралдың жоқ екендігі жасырын емес. Сондықтан қазіргі қазақ тіл
білімінің терминография саласына қатысты зерттеулерді қажет етуі занды
екендігін түсінген жөн. Қазақ тілімен байланысты терминологиялық
сөздіктердің сапасын жақсарту ісі де осындай жұмыстарды қажет етіп
отыр.
Негізінен терминология мен терминографияның да, соған
І
сәйкес
терминолог пен терминографтың да мақсаты - терминдерді реттеу,
үйлестіру, қалыптастыру. Тек терминология термин табиғатына қатысты
барлық ауқымды мәселелерді қарастырса, терминография қалыптасқан
терминдерді терминологиялық және филологиялық сөздіктерге
жинақтап, жүйелеп, үйлестіруге қатысты мәселелерді қамтиды.
Лексикографияның лексикологиядағы теорияларды негізге алатыны,
лексикологияға сүйенетіні сияқты, терминография да терминологияның
теориялық мәселелерін негізге алып, терминологиядағы талаптарға сәйкес
терминдерді
терминологиялық
сөздіктерде
беруге
ұмтылады.
Терминография терминологиямен тығыз байланысты.
Қазақ тіл білімінде де бұл бағыттағы зерттеулердің қажеттіліг айқын
сезіле бастағандығын жоғарыда айтып өттік. Терминологиялық
сөздіктердің құрылым-құрылысы мен онда сақталуға, негізге алуға тиісті
принциптер мен талаптарды көрсетіп беретін арнайы жұмыстардың жоқ
екендігін, бұл мәселеге мән берілмей келгендігін жоққа шығаруға
болмайды. Дегенмен, осыған дейін терминологиялық сөздіктерді
жасаудың мәселелері практика жүзінде қарастырылмай келді деп айта
алмаймыз. Қазіргі қазақ тіл білімінде терминографияға қатысты ғылы-
19
ми еңбектер мүлдем жоқ деуге де болмайды. Осы уақытқа дейін
шығарылған
терминологиялық
сөздіктердің
қай-қайсысы
да
терминографиялық еңбектердің қатарына жатады. Сондықтан қазақ
тіліндегі терминологиялық сөздіктердің терминография теориясына
қатысты еңбектерді негізге алмай, орыс тіліндегі және басқа тілдердегі
терминологиялық сөздіктердің құрылымына сүйене отырып, сондай-ақ,
бертін келе қазақ тілінің өзіндік терминологиялық сөздіктер жасау
тәжірибесін байыта отырып, тәжірибелік тұрғыдан дамығандығын
айтуымыз керек. Бұл қазақ терминографиясын тәжірибелік тұрғыдан жан-
жақты дамытуға жеткілікті болды деп те айта алмаймыз. Осы негізде
терминографияны
тәжірибелік
терминография
және
теориялық
терминография деп жіктеп қарастыруға болатындығын аңғара аламыз.
Демек, қазақ тіл білімінде тәжірибелік терминография дамығанымен,
теориялық терминографияға қатысты еңбектер жазылмады. Ал қазіргі
тәжірибелік терминографиядағы терминологиялық сөздіктердің қиын-
дықтар мен кемшіліктерге кезігуі теориялық терминографияны
қалыптастыруды, соған сүйенуді қажет етеді. Өйткені, тәжірибелік
саланың үнемі теориясыз дами беруі мүмкін емес. Бүл орайда теориясыз
тәжірибе шектелетіндігін де ұмытпаған дұрыс. Бірақ терминография
теориясы тәжірибелік терминографияға сүйенетіндігін, және керісінше,
тәжірибелік терминография теорияға түсіруді қажет ететіндігін де жоққа
шығармау керек. Терминографияның екі саласы бір-бірін толықтырып
отыратын, бір- бірімен байланысты ішкі салалар. Сондықтан қазіргі қазақ
20
тіліндегі терминологиялық сөздіктерде кездесетін қиындықтардың
көптігін теориялық терминографияның қажеттілігімен, ондағы шешуді,
анықтауды керек ететін мәселелердің жинақталып қалғандығымен
түсіндіру керек.
Терминографияға катысты еңбектерде сондай-ақ, терминография
тарихын аныктаудың да маңызды екендігін
І
атап көрсетеді. Расыңда;
терминография тарихын анықтау терминография тәжірибесін теориялық
тұрғыдан да а байыта түсуге мүмкіндік береді. Әсіресе, тәжірибелік
терминографиядағы терминологиялық сөздіктердің кемшіліктері мен
жетістіктерін, ұтымды тұстарын айқындау терминографиядағы
сөздіктердің сапасын жақсартуға ықпал етеді. Бұдан байқайтынымыз,
қазақ терминографиясының тарихын теориялық терминография тарихы
және тәжірибелік терминография тарихы деп топтап
қарастыруға
болады. Алайда, тәжірибелік казақ тсрминографиясының тарихыда
қарастыратын, анықтайтын мәселелер мол болғанымен, теориялық қазақ
терминографиясының тарихы соншалық бай емес екендігін де
мойындауымыз керек. Ал тәжірибелік қазақ терминографиясының тарихы,
ондағы кемшіліктер мен жетістіктер, жекелеген терминологиялық
сөздіктердің қазақ терминографиясындағы орны, оларды құрастырушы
ғалымдардың еңбектері арнайы қарастыруды қажет етеді.
Қ
АЗІРГІ
қазақ терминографиясында осындай жағдай қалыптасып отыр.
Сондықтан қазақ тіліндегі терминологиялық сөздіктердің құрылым-
құрылысын, түрлерін, олардың мақсаты мен қызметін, терминологиялық
сөздік түрлеріне тән ерекшеліктерді, олардың ұқсастықтары мен
21
айырмашылықтарын, сөздікке терминдерді сұрыптау принциптерін, сөздік
түрлерін жасау әдістемесін анықтайтын терминография саласында
зерттеулер жүргізу қажет. Терминографияның зерттелуі терминографияда
сөздік түрлерін түзуде негізге алатын тапаптарды, ұстанатын бағ-
дарларды, белгілі бір сөздік түрін түзудің әдістемелік негіздерін белгілеп
беруі
тиісті.
Аталған
өзекті
мәселелердің
жиынтығынан
терминографияны өзіндік зерттеу нысаны мен қарастыратын өзекті
мәселелері, мақсаты мен міндеті, зерттеу әдістері бар жеке ғылым саласы
ретінде қарастыруға, дамытуға болатындығын түсінген дүрыс.
Сонымен, терминдерді сөздіктерде берудің өзіндік ерекшеліктерінің
болатындығы терминологиялық сөздіктер жасаудағы тәжірибелерден
белгілі болып жүр. Сонымен қатар терминологиялық сөздіктер жасаудың
қиындықтары мен оны берудің тиімді жолдарын анықтаудың қажеттілігі
туындап отыр. Сол себепті, жаңа сала ретінде терминографияның тіл
біліміндегі зерттейтін өзге де негізгі мәселелеріне - зерттеу нысандарына
тоқталған жөн. Кез- келген сала сол саланы қайткенде қалыптастыру керек
деген қажеттіліктен қалыптаспайды. Керісінше, белгілі бір өзекті
мәселелерді шешу негізінде, сол шешімін табуды қажет ететін сұрақтарға
жауап іздеудің, тиімді жолдарын қарастырудың және соның негізінде
атқарылатын істердің қажеттілігінен барып қалыптасады. Сондықтан қазақ
терминографиясы да бұл уақытқа дейін қолға алынбағандықтан, оның
мәселелері
лексикография
саласының
аумағында
қарастырылып
келгендіктен зерттейтін сұраулары
22
жеткілікті сала болып табылады. Терминографияның біз белгілеп алғалы
отырған зерттеу нысандарының өзі жоғарыда тоқталып өткен
терминографияның жеке сала ретінде бөлініп зертгслуіне ыкпал еткен
ссбептермен тығыз байланысты.
Терминографияның алдында, басты зерттеу нысандарының бірі -
қазіргі кезде қеңінен жарық көріп жатқан терминологиялық сөздіктердің
түрлерін анықтау. Өйткені, қазақ тіл білімінде лексикографиядағыдай
терминологиялық сөздіктердің де түрлері көбеюде. Оның үстіне,
терминографиядағы сөздік түрлерін анықтау арқылы олардың
әрқайсысын дайындауда иегізге алынатын црипциптерді жүзеге асырудың
жолдары мен тәсілдерін де анықтап алуға болады. Бұған ұқсас пікірді
орыс тіл білімінің терминография саласында енбектеніп жүрген ғалым
С.В. Гриневтің де мақаласынан кездестірдік'. Бүдан шығатыны, барлық
тілдердегі
гермииографияның
басқа
мәселелерін
шешу
үшін
терминологиялық сөздіктердің түрлерін ғылыми тұрғыдан жүйелеу –
бірінші
сатыдағы маңызды зерттеу нысаны екендігіе көз жеткізуге
болады. Бұл нысанды зерттей отырып, әр сөздік түрінің терминдерді
берудегі мақсатын, ерекшеліктерін, мақсатына орай оларды дайындаудың
әдіс-тәсілдерін де белгілеуге болады. Терминографиядағы бұл мақсат әрі
терминологиялық сөздік түрлерінің параметрлерін яғни, өзіндік
өлшемдерін анықтап, олардың құрылымына қойылатын талаптарды
белгілеп береді. Демек, терминографиядағы сөздік түрлерін
Достарыңызбен бөлісу: |