Сонымен, қазақ тіл білімінде терминографияны қолға алудың қандай
себептері бар? Қазақ терминографиясын қолға алып, қалыптастырудың
ғылыми негізділігіне көз жеткізудің аясындағы мәселелердің негізі осы
сұрақпен және оған алынар жауаппен тікелей ұштасып жатыр.
Біріншіден,
терминологиялық
создіктерді
түзу
барысында
лексикографиядағы жинақталған тәжірибені пайдалануға болса да,
терминологияның дамуына байланысты терминдерді сөздіктерде беру
ерекшеліктері үнемі
лексикографиялық талаптармен, ерекшеліктермен
сәйкес келе бермейді. Ғалымдар көрсетіп жүргеніндей, жалпы
филологиялық сөздіктер мен арнаулы сөздіктердің ерекшеліктері бұрын
бір ғана лексикографияның аясында қарастырыла берсе, қазір
терминологиялық сөздіктерді бұл үрдіспен шығару олардың сапалылығын
қамтамасыз ете алмай отырғандығын уақыттың өзі көрсетіп отыр. Оған
дәлел - қазіргі қазақ тіл білімінде шығарылып жатқан түрлі салалық,
сериялық терминологиялық сөздіктердің
қолданысқа ие бола алмай,
қолданушылардың талаптары мен сұраныстарын қанағаттандыра алмай
отыруы.
Екіншіден, керісінше, лексикографиялық зерттеу енбектердің
нәтижелері, ерекшеліктері терминологиялық сөздіктер жасау ісін
толығымен, жан-жақты, өз деңгейінде қамтамасыз ете алмайды. Яғни,
лексикографиядағы
теориялық
еңбектердің,
ондағы
теориялық
қағидалардың барлығын терминологиялық создіктер
жасауда негізге ала
беруге келмейді. Лексикографиялық еңбектердің нәтижелері терминдерді
сөздіктерде сапалы берудің ерекшеліктерін ескере бермейді. Бұл -
тоқталып өткен
10
терминографияны қолға алудың қажеттілігінің бірінші себебінің екінші
жағы. Бұл себептер бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Бұл арада
лекеикографиядағы қажетті деген талаптар мен ұстанымдардың
терминографияда да пайдаланылатындығын жоққа шығаруға болмайды.
Терминографияның
лексикографиядан ерекшеленетін, басқа өзіндік
зерттеу нысандары бола тұрса да, бұл сала лексикографиядан мүлдем
өзгеше деген біржақты түсінік тумауы тиісті және олардың өзара тығыз
байланысты екендігін ұмытпау керек.
Үшіншіден, терминологиялық сөздік түрлері соңғы кезеңдерде
қарқынды түрде дамуда. Осыған байланысты терминологиялық
сөздіктердің өзіндік ерекшеліктерін ашу үшін
алдымен олардың
лексикографиялық еңбектерден айырмашылықтарын оларды сапалық
жағынан жақсарту үшін негізге алынуға тиісті өзіндік талаптары мен
принциптерін анықтау қажет болып отыр.
Төртіншіден,
терминографияның
лексикографиядан
ай-
ырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтаумен қатар әр салаға қатысты
терминологиялық
сөздіктердің әрқайсысының салалық-тұрғыдан
анықталуға
тиісті
ерекшеліктерін,
олардың
бір-бірінен
өзара
айырмашылықтары
мен
ұқсастықтарын
ашып
көрсету
де
терминографияны қолға алуға негіз болатын басты себептердің бірі болып
табылады. Бұл себеп терминографияның лексикографиядан іргесін
ажыратып көрсету үшін ғана емес, терминологиялық
сөздік сапасын
жақсартуда тетік болатын әдіс-тәсілдерді нақты көрсетіп, терминдердің
қолданысын реттеу жұмыстарымен байланысты.
11
Бесіншіден, терминографияда терминологиялық сөздіктердің түрлерін
жіктеп көрсетіп, оларды топтастыруда негізге алынатын басты белгілерді
анықтап беру қажет.
Алтыншыдан, әр сөздік түріне, нақтырақ айтқанда, әр сөздік түрінің
құрылымына қойылатын талаптарды анықтау қажет. Ғалымдардың
көрсетуі бойынша сөздік түрінің ішкі микроқұрылымдық талаптары
олардың мақсаты мен қызметіне тікелей байланысты. Мысалы,
аударма
сөздік қызметі - аударып беру болғандықтан онда қосымша
материалдардың, түсіндірме мысалдардың көп қамтылуы міндетті емес.
Осы сияқты әр сөздік түрін түзуге байланысты ерекшеліктердің
болатындығы түсінікті жағдай. Алайда, терминологиялық сөздік түрлері
құрылымдық ерекшеліктері жағынан қазақ тіл білімінде талдана қоймаған.
Бұл себептердің барлығы Ш. Құрманбайұлының еңбегінде көрсетілген
"терминологиялық сөздіктерде әр саланың ғылыми ұғымдар жүйесінің
ерекшелігін
беру",
терминологияның
дамуына
байланысты
"терминографияның да лексикографиядан біртіндеп іргесін ажырата
бастауы", "жалпы филологиялық сөздіктер мен арнаулы сөздіктердің
өзіндік ерекшеліктерінің" жеке қарастырылуы сияқты терминографияның
жеке сала ретінде қарастырылуына әсер еткен негізгі факторларға
топтасады
1
. Ғалым атап көрсеткен факторлар
- терминографияны қолға
алуға әсер етіп отырған негізгі себептер болып есептелуі тиісті. Және өзге
елдердің тіл білімінде кезінде терминографияны арнайы сала ретінде
қарастыруға ықпал
Достарыңызбен бөлісу: