Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет40/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография

нақты ғылым салаларының
терминдері. Бұл терминдер тек бір ғана ғылым саласына тән терминдер. 
Белгілі бір ғылым саласының терминологиялық сөздігіндегі терминдердің 
көп бөлігін терминологиялық қабатқа жататын терминдер қамтиды. 
Терминологиялық сөздіктерді түзу барысында ғылыми жүйені жүйелеп 
көрсету үшін оларды мүмкіңдігінше толық қамтуға ұмтылу мақсаты 
қөзделу керек. 
Аталған терминдер қабатынан басқа терминологиялық сөздіктерді түзу 
ісінде 
жаңа терминдердің
қабатын да ескерудің, өзіндік ерекшеліктерін 
айқындап алудың тиімді 
1
 
Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминденуі. - Алматы: Ғылым, 1998. – 208 б. 
2
 
Даниленко В.П. Терминология современного языка науки // Терминоведение и 
терминография в индоевропейских языках. - Владивосток: ДВО АН СССР, 1987, - С. 64. 
122 


екендігін айта кеткен жөн. Өйткені, қазіргі терминологияда жаңа 
терминдер мен жаңа сөздердің арасын ажырата алмау жиі кездеседі. 
Мұндай жайт терминологиялық сөздіктерде де орын алып жатады. 
Қарастырылған терминдер қабатын терминологиялық сөздіктерді 
түзуде 
ескеру 
қажет. 
Сондай-ақ, 
терминографиялық 
тұрғыдан 
жалпығылыми және салааралық терминдердің жеке сөздігін дайындауға 
болатындығын айта кеткен жөн. Мұндай сөздік түрін жеке ғылым 
салаларының терминологиялық сөздіктерін түзуде пайдалану сөздік түзу 
ісін жеңілдеткен болар еді. 
Қорыта 
келгенде, 
терминдер 
қабатын 
айқындап, 
оларды 
терминологиялық сөздіктер түзуде пайдалану белгілі дәрежеде тиімді 
болмақ. 
4.5. Терминологиялық сөздіктерді түзуге терминдерді сұрыптап 
алудың қайнар көздері 
 
Терминологиялық сөздіктер түзу барысында алдымен терминдер 
жинақталады немесе осыған дейінгі жасалған терминологиялық сөздіктер 
негізге алынып, ол жаңа терминдер ретімен толықтырылып, өзгертіліп, 
қайта басып шығарылады. Қалай болмасын, терминологиялық сөздіктерде 
қамтылатын терминдер сол ғылым саласына қатысты ғылыми еңбектер 
мен материалдарға сүйенеді. Сондықтан мұндай қайнар көздер мен оларды 
пайдалану 
қажеттігін, 
олардың 
терминологиялық 
сөздіктерді 
құрастырудағы 
маңызын 
талдап 
көрсету 

қазіргі 
қазақ 
терминографиясындағы маңызды мәселелердің бірі. 
123 


Терминологиялық сөздіктерге қажетті терминдерді сұрыптап алып
олардың сөзтізбесін жасап шығу терминологиялық сөздіктерді 
құрастырудың алғашқы сатысы болып табылады. Терминдерді сұрыптау, 
олардың сөзтізбесін жасамас бұрын алдымен мынандай мәселелерді 
анықтап алуға тура келеді. Мұндай мәселелердің қатарына: 
- терминологиялық сөздіктің жоспарланган көлемі; 
- сөздікте қамтылуға тиісті терминдердің тақырыпты аясы; 
- терминологиялық 
сөздіктің негізгі мақсаты мен қолданылу 
аудиториясы; 
- сөздікте қамтылатын терминдердің орташа саны; 
- сөздікте терминдерді сұрыптап алатын қайнар көздер, олардың 
түрлері; 
- сөздікте терминдерді беру үшін қолданылатын шартты белгілер мен 
таңбалар, микроқұрылым жүйесі жатады. 
Аталған мәселелердің барлығы да терминдерді сұрыптау барысында 
негізге алынуға тиісті. Бұлардың барлығы да бір бірімен тығыз 
байланысты екендігін де түсіну керек. А
ЛАЙДА
да, әр мәселенің ескерілуі 
үшін сөздік құрастыру ісін
жеңілден күрделіге қарай жасау қажет. 
Көрсетілген мәселелердің ескерілуі және терминологиялық сөздіктің 
белгіленген сатылар бойынша жүзеге асыру - термииологиялық сөздіктің 
сапалы, жүйелі болуына, онда қамтылатын терминдердің қайталанбауына, 
бірізді берілуіне ықпал етеді. Мұндай талаптарға жауап беру – 
терминологиялық сөздіктерге қойылатын ерекше талап. 
Сондықтан терминологиялық сөздікті жасау барысында алдымен оның 
мақсаты мен атқаратын қызметіне 
124 


байланысты орташа көлемі жоспарланып, соған сәйкес қамтылатын 
терминдерінің түрлері мен саны бағдарлануы тиіс. 
Бұдан кейінгі кезектегі ең басты әрекет - терминдерді ішкі салаларға, 
тақырыптарға қарай жүйелеп отырып, сөзтізбесін жасау. Бұлай істеу 
ғылым саласындағы ішкі салаларға сүйене отырып, негізгі терминдерді 
жинақтап алуға мүмкіндік береді. Терминдердің жалпы сөзтізбесін жасау 
барысында маңыздысы - терминдерді алатын, негіз етіп сүйенетін қайнар 
көздер, нақтырақ айтқанда, ғылым саласындағы басты-басты ғылыми 
әдебиеттер, соған дейінгі шыққан сөздіктер, оқулықтар мен құралдар 
қажет. Мұндай қайнар көздерге сүйенбей терминологиялық жүйеге тән 
басты терминдерді қамтып беру тағы мүмкін емес. Сондықтан 
терминологиялық сөздіктерді құрастырудың алғашқы сатысындағы 
аталған мәселелердің ішіндегі ең бастысы да, маңыздысы да - терминдерді 
алатын қайнар көздерді анықтап алу, олардың сапасына, мән беру болып 
табылады. Сөздік түзу ісінде бұл сияқты негізге алатын қайнар көздер 
олардан терминдерді алу үшін ғана емес, терминдерді талдап, 
терминологиялық сөздіктің сапасын жақсартатын дұрыс нұсқасын беру, 
кемшіліктерін анықтау, жарыспалы баламалардан арылу үшін де қажет. 
Сондықтан терминологиялық сөздіктер түзуде белгілі бір әдебиеттерді 
негізге алу көшіру үшін ғана керек емес. Өкінішке орай, көптеген 
сөздіктердің көшірме нұсқа түрінде шығып жатқаны да қазіргі 
терминографиялық 
еңбектерге 
тән 
ерекшелік. 
Сондықтан 
терминологиялық сөздіктің көлемі шамамен болса да айқын болғаннан 
кейінгі басты мәселе - негізге алынатын қайнар көздерді сұрыптап алу ісі. 
Біріншіден, оларды сұрыптауда ғылыми әдебиеттер
125 


мен еңбектерді сөздіктердің сапасы, қолдау тәжірибесінде айқындалған 
жетістіктері 
мен 
кемшіліктері 
айқындалу 
керек. 
Екіншіден, 
терминологиялық сөздіктің көлеміне, қамтитын салалары мен соған сәйкес 
терминдерінің санына қарай негізге алынатын қайанар көздердің саны да 
әр түрлі - аз немесе көп болуы мүмкін. Сонымен, терминологиялық 
создіктерді түзуде негізге алатын қайнар көздерге нелер жатады? Орыс 
терминографиясындағы маңызды монографиялардың бірі С.В. Гриневтың 
еңбегіне сүйенсек, орыс терминографиясында мұндай қайнар көздерді 
түрлерге жіктеп көрсетуге ұмтылған еңбектер де бар екен
1
. С.В. 
Гриненевтың еңбегінде көрсетілгендей, бір еңбектерде терминологиялық 
сөздіктерді түзуде терминдерді алуға болатын еңбектердің үш түрі 
көрсетілсе, енді бірінде 9 түрі, ал терминографиямен айналысушы 
ғалымдардың бірі А.С. Герд 10 түрін көрсетеді. Мысалы, батыс 
терминографиясында сөздіктер түзуге қажетті әдебиеттердің мынадай үш 
түрін көрсеткен: а) терминологиялық арнайы басылымдар; ә) оқулықтар, 
салалық энңиклопедиялар, анықтама әдебиеттер, ғылыми мақалалар; б) 
ғылыми өдебиеттер. Сондай-ақ, осы көрсетілген әдебиеттердің үшінші 
түріне жататын еңбектердің қатарында " салалық ұғымдардың тізбесі" 
сияқты басылымдар да көрсетіледі Демек, батыс тіл білімінде арнайы 
ғылыми ұғымдардың тізбесін беретін осындай басылым түрлері бар деген 
сөз. Қазақ тіл біліміндегі қазіргі бар еңбектер мен әдебиеттерді талдай 
келіп, терминологиялық еңбектерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет