Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет41/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59
1
Гринев С.В. Введение в терминографию. 2-е изд. перераб. и доп. - М.: 
МПУ, І995 С.67. 
126 


түзуде негізге алуға болатын әдебиеттердің мынандай түрлерін көрсетуді 
жөн көрдік 1) терминологиялық басылымдар; 2) терминологиялық сөздік 
түрлері; 3) ғылыми еңбектер мен ғылыми мақалалар; 4) оқулықтар мен оқу 
құралдары, әр түрлі анықтамалық басылымдар. 
1) 
Терминологиялық 
басылымдарға 
кезінде 
шығарылған
"Терминологиялық 
бюллетень", 
қазір 
шығарылып 
жатқан 

"Терминологиялық хабаршы" сияқты еңбектер мен терминдерді талдауға 
қатысты сын мақалалар және терминология саласына қатысты жазылған 
ғылыми еңбектер жатады. Бір сөзбен айтқанда, терминологиялық 
басылымдар деп көрсеткен орынды деп есептейміз. Алайда, бұлардың 
қатарына терминологиялық сөздіктерді жатқызған жоқпыз. Себебі, 
терминологиялық 
сөздіктерді 
түзу 
барысында 
терминологиялық 
сөздіктерді негізге алудың орны ерекше. Оның маңыздылығын бірнеше 
себептермен дәлелдеп көрсетуге болады. Бұл мәселеге төменде өз 
кезегінде тоқталатын боламыз. 
Сондай-ақ, "Терминком" тарапынан шығарылып жатқан басылымдарды 
негізге алудың міндетті екендігін айрықша көрсеткен дұрыс. 
Терминологиялық сөздіктерді түзуде қазіргі " Терминологиялық хабаршы" 
сияқты басылымдар негізге алынуға тиісті әдебиеттердің қатарына жатуы 
керек. Өйткені "Терминком" бекіткен терминдердің сөздіктерде сол 
күйінде көрініс таппай, жарыспалы терминдердің қолданылып жатуы 
қазіргі ұлттық терминологиядағы басты кемшілік екендігі жасырын емес. 
Қазіргі "Терминком" тарапынан істеліп жатқан жұмыстар мен қазақ 
терминографиясының арасында толық қарама- 
127 


қайшылық орын алуда десе де болады. Бұған соншалық дәлел іздеп 
жатудың қажеті шамалы. Тек терминологиялық комиссия бекіткен 
терминдердің 
терминологиялық 
сөздіктерден 
көрініс 
таппай 
жатқандығын, әр сөздікте бір ғана терминнің әр түрлі нұсқаларының 
кездесетіндігін
терминком бекіткенімен, терминдерді қолдануда негізге алынатын басты 
құрал болып есептелетін терминологиялық сөздіктерде сол бекітілген 
терминдердің қамтылмай жатуын қалай түсінуге болады?! Бұл сөзсіз 
терминологияны реттеудегі жүйесіздік жөнінде түсінік қалыптастырады. 
Оның өзіндік себептеріне үңіліп көруге болады. 
Оның себебі терминологиялық комиссияның терминологиялық 
сөздіктерді де қадағалап, олардың басылып шығуына рұқсат беретін
терминологиялық сөздіктердің шығуын қадағалап отыратын мәртебесінің 
болмай отыруымен де байланысты. Ал шын мәнінде, "Терминологиялық 
комиссия" терминдерді бекітумен айналысатын мекеме болса, онда оның 
терминдерді реттеумен, бірізге түсірумен айналысатын, терминдерді 
қолдануда басшылыққа алынатын негізгі құрал терминологиялық 
сөздіктердің де басып шығарылуын қадағалайтын, олардың мазмұны мен 
ондағы терминдердің сапасын талдай алатын мүмкіндігі болуы қажет. 
Демек, бір сөзбен айтқанда, "Терминком" тек терминдердің бірізділігін 
ғана емес, терминографиялық жұмыстарды да қадағалап отыратын 
мүмкіндігі үлкен, заңдық құқығы бар мекеме болуы керек. Ал соған сәйкес 
терминологиялық сөздіктерді түзуде "Терминком" тарапынан шығарылып 
жатқан басылымдардың негізге алынуы керектігі жүзеге 
128 


асырылуы тиісті, орындалуы міндетті, белгілі бір жүйеге бағытталған 
әрекет екендігі күмән туғызбайды. 
Екінші себеп - елдегі жалпы "сөздік" туралы, оның ішінде әсіресе 
терминологиялық сөздік" туралы дүрыс түсініктің қалыптаспай 
отырғандығымен де байланысты. Терминологиялық сөздіктер әр 
ғалымның, әр терминологиялық сөздік жасаушы автордың термин 
жасаудағы шығармашылық қабілетін сынайтын "шығармашьшық 
лаборатория" болмауы керек. Лексикографиялық сөздік болсын, 
терминографиялық сөздік болсын "сөздік" атын иемденіп жарыққа 
шыққаннан кейін міндетті түрде қолданылуы керек. Бұл - бір. Екіншіден, 
кемшілігі бар, құрамындағы терминдерінің қалыптасқандығына сенім 
болмаған, жарыспалы терминдердің пайда болуына себепкер болатын, 
"терминологиялық сөздік бола алмайтын" жұмыстар "сөздік" атын 
иемденіп басылып шықпауы керек. 
2) Терминологиялық сөздіктер түзуге қажетті қайнар көздердің екінші 
түріне - терминологиялық сөздіктер жатады. Алдыңғы шығарылған 
терминологиялық сөздіктерді ескерудің маңызды екендігін жоғарыда 
айтып өттік. Оның өзіндік себептері де жоқ емес. 
Біріншіден, алдыңғы сөздіктердегі кемшіліктерді айқындап, ондағы 
қателіктерді түзіліп отырған сөздікте болдырмау керек. 
Екіншіден, түзіліп отырған терминологиялық сөздік алдыңғы 
терминологиялық сөздіктен өзіндік айырмашьшығы, соған сәйкес мақсаты 
мен міндеті болуы керек. Олай болмаған жағдайда, терминологиялық 
сөздікті қайта түзіп, басып шығарудың қажеті де болмауы керек. Ондай 
айырмашылықтың қатарына – кемшіліктердің жойылуы, жаңа 
129 


сөздіктің жаңа пайда болған терминдер қорымен баюы, терминдерді 
алдыңғы сөздікке қарағанда бірізге түсіруі және т.б. жатады. 
3) Ғылым саласына қатысты негізгі, сапалы болып есептелетін ғылыми 
еңбектер мен ғьшыми мақалалар. Жаңа пайда болған терминдерді қамту 
үшін және ғылыми ұғым жөніндегі жан-жақты мәлімет алу үшін ғылыми 
еңбектерге сүйенудің өзіндік тиімді жақтары бар. Ғылыми еңбектер
сондай-ақ, белгілі бір ғылым саласына қатысты сәтсіз терминдердің сәтті 
баламасын іздеу үшін де қажет. Алайда, бұл жағдайдың өзінде де 
таңдалып алынған терминдердің қалыптасқандығына көз жеткізу, оған 
білікті маман ретінде талдау жасау - маңызды шарт. Бұл тұрғыдан, 
ғылыми еңбектерге мән беру тек жаңа терминдерді алу үшін ғана емес, 
сәтсіз терминдерді де талдап, жарыспалы қолданыста жүрген термин 
нұсқаларының анағүрлым қалыптасқан тұлғаларын таңдап алу үшін де 
қажет. 
Сондай-ақ, ғылыми жүйенің бейнесін толық, жүйелі етіп беру үшін 
ғылыми еңбектерге сүйенудің өзіндік қажеттілігі бар. 
4) Оқулықтар мен оқу құралдары, әр түрлі салалық анықтамалық 
басылымдар, салалық энциклопедиялар, т.б. еңбектердің де 
терминологиялық түзуде қолданылуы артық болмайды. Аталған еңбектер 
де терминологиялық жүйе туралы түсінік беру үшін көмекші құрал бола 
алады. Алайда, энциклопедиялық, анықтамалық құралдардан терминдерді 
термин емес кәсіби сөздерден ажыратып алуға тура келеді. 
130 


көрсетілген еңбектерді терминологиялық сөздіктерді түзуде негізге алу 
терминологиялық сөздіктің сапасына әсер ететін, оның басылып шығу 
қажеттілігі мен қажетсіздігін айқындайтын басты фактор болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет