Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі


 ҚАЗАҚ ТЕРМИНОГРАФИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ



Pdf көрінісі
бет43/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография

5. ҚАЗАҚ ТЕРМИНОГРАФИЯСЫНЫҢ ТАРИХЫ
 
5.1 Қазақ терминографиясының бастау көздері 
Қай ғылым саласының болмасын басталу, қалыптасу дәуірін анықтап, 
оған тиесілі алғашқы еңбектер мен ғылыми зерттеулерді көрсетіп беру - 
ғылым саласының тарихын зерттеудегі маңызды да қиын сұрақтардың 
бірі. Әсіресе, өткен ғасырдың бас кезеңіндегі әр түрлі қоғамдық-саяси 
оқиғалар мен ондағы түрлі өзгерістерге байланысты белгілі бір мәселе 
төңірегінде болжам жасап, тұжырым жасаудың өзі күрделілеу мәселе. 
Қазақ терминографиясы тарихының алғашқы кезеңі де осы кезеңмен 
байланысты болып отыр. 
Қазақ, терминографиясының тарихын зерттеу барысьшда да бұл 
мәселелерге байланысты бір жақты тұжырым жасаудың оңай мәселе емес 
екендігіне көз жеткізуге болады. Соңғы жылдары ғана қолға алына 
бастаған теориялық терминографияның тарихына қатысты қалыптасып 
отырған жағдай, теориялық тұрғыдан терминографияны қарастырған 
еңбектердің болмай келгендігі өз алдына түсінікті мәселе. Ал тәжірибелік 
терминографияның тарихында белгілі бір еңбекті алғашқы еңбек ретінде 
нақты көрсетіп, кесімді пікір айту мүмкін болмай отыр. Қазақ 
терминографиясының жалпы тарихына қатысты алғашқы еңбек 
анықталған күнде де, ол тәжірибелік қазақ терминографиясы тарихының 
еншісіне қатысты еңбек болуы тиісті екендігі анық жайт. Қазіргі уақытқа 
дейін "терминография" терминінің қазақ тіл білімі үшін таныс болмай 
келгендігі, терминологиялық сөздіктердің осыған дейін лексикографиялық 
еңбектердің 
137 


тәжірибелеріне, іргелес орыс тіл біліміндегі терминологиялық сөздіктер 
шығару тәжірибесіне сүйене отырып жасалып келгендігінің өзі бұл 
тұжырымның негізділігіне дәлел бола алады. 
Салалық ғылымдар мен оларға қатысты мәселелердің тарихын 
зерттеуде оны тарихи кезеңдердің ішкі қойнауынан арғы 
кезеңдерінен 
бастау дәстүрі де бар. Мысалы, сөздік жасау ісіне қатысты сондай 
еңбектердің бірі ретінде орта түркі дәуіріне тән Махмұд Қашқаридың 
белгіла "Диуани лүғат ат-түрк" атты сөздігі тәрізді еңбектерді негіз етіп 
алуға да болар еді. Бірақ, қазақ лексикографиясының болсын
терминографиясының болсын тарихын орта түркі дәуірінде шығарылған 
орта түркілік кезеңдегі белгілі ғалымдардың сөздіктерінен бастау біршама 
негізсіздеу болған болар еді. Тек түркітану саласында ғана емес, әлемдік 
лексикографияның қалыптасу жолында үлкен маңызға ие болып отырған 
еңбектердің қазақ тіл біліміне, лексикографиясы мен бүгінгі қолға алынып 
отырған терминографиясына қатысы барлығын жоққа шығаруға да 
болмас. Ол еңбектердің екінші жағынан, қазақ тіл білімінің де жалпы 
тарихына қатыстылығын, қазақ тілі мен оны зерттейтін ғылымның адамзат 
өркениетінің даму қалыптасу тарихындағы орнын көрсетіп беру 
тұрғысынан аса қажет екендігін жасыра алмаймыз. Сол кезеңдегі| 
тілдерінің бір бұтағы болып есептелетін қазақ тілініц, оның ішінде қазақ 
лексикографиясы мен терминографиясының тарихында аталған араб 
ғалымдары мен түрік ғалымдиры құрастырған орта түркі тілдік 
материалдары негізіндегі белгілі еңбектердің, оның ішінде, Махмұд 
Қашқаридың "Диуани лүғат ат-түрк" атты сөздігінің өзіндік орны бар 
138 


екендігі анық. Бұл еңбектер тарихи маңызы тұрғысынан бағаланғаны 
орынды. 
Бұл еңбектер жөнінде белгілі түркітанушы ғалым Кеңесбай Мұсаев та 
өз еңбегінде сөз ете келіп, тек "Диуани лүғат ат-түрк" сөздігі ғана емес, 
сол кезеңдегі өзге де "Қорқыт Ата" кітабы, "Кодекс Куманикус" сияқты 
белгілі еңбектерде қоғамдық-саяси терминдердің, әскер ісі, өнер, әдебиет, 
металлургия, философия сияқты т.б. салалық терминдердің болғандығын, 
қазіргі түркі тілдеріндегі терминдердің қалыптасуы осы еңбектердегі 
лексикалық бірліктерден бастау алатындығын жоққа шығармайды. Ғалым 
өз кезегінде осы еңбектердің сөздік ретіндегі қазіргі тіл біліміндегі, 
терминографиядағы орнына былай деп баға береді: "Кейбір көне 
сөздіктер, мысалы, Махмұд Қашқаридың "Диуани лұғат ат-түрк" атты 
түркі сөздігі (XI ғ.), "Кодекс Куманикус" (XIII ғ.) сөздігі және т.б. еңбектер 
қазіргі түркі халықтарының ешбірінің тілімен сәйкес келмейді. Олар түркі 
халықтары тілдерінің жіктелу кезеңінің көрінісі, сондықтан олар қазіргі 
түркі тілдеріндегі терминдердің дамуында соншалық маңызды қызмет 
атқармайды. Олар тек тарихи сипатқа ие"
1

Бұл 
пікірдің 
негізінде 
аталған 
сөздіктердің 
қазіргі 
қазақ 
терминографиясындағы да орнын тарихи маңыздылығы тұрғысынан атап 
өтудің жөн екендігін нақтылай түсеміз. Сол себепті қазақ тілі жеке сөйлеу 
тілі, ұлт тілі ретінде қалыптасқан кезеңнен бері қолға алынып келе жатқан 
қазақ тіл біліміне әлемдік лексикография тарихында жоғары бағаланып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет