Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі



Pdf көрінісі
бет39/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59
Байланысты:
Әбдірәсілов терминография

терминдер қабаты
(терминологический пласт) деп атап, оның қазіргі 
терминологиядағы үш түрін көрсетеді: 
жалпығылыми, салааралық
және 
нақты бір ғылым саласының
терминдері. Демек, ғалымның пікірі 
бойынша, терминдік өзіндік ерекшеліктеріне, атқаратын қызметіне 
байланысты осындай үш қабатқа бөлінеді. Терминологиялық 
қабаттардың, мұндай жіктелісіне терминдердің беретін мағыналық 
дефинициясының да үлесі бар екендігін өз тарапымыздан қосымша 
көрсеткен болар едік. Сондай-ақ, терминдердің осындай қабаттарға 
жіктеуде негізге алынатын басты белгі - олардың қолданыс ауқымы. 
Ғылым тілінің терминологиялық қоры бір-бірімен өзара байланысты және 
белгілі бір дәрежеде бір-бірінен ажыратылатын, өзіндік құрылымы бар 
осындай терминдер қабатынан тұрады. Әр қабат белгілі бір көлемде жеке 
ғылым саласының терминдерін қамтиды немесе керісінше түсіндірсек, 
ғылым саласының барлық терминдері осындай үш терминдер қабатына 
топтасады. Терминдер қабатын бұлай жүйелеуге олардың семантикалық 
мағынасындағы "жалпылық-жал-қылық" қатыстағы белгілерін негіз етіп 
алуға болады. Ғалым В.П. Даниленко 
119 


да өз жүйелеуінде осы семантикалық белгіні негізге алғандығын атап 
көрсетеді
1
. Терминологиялық сөздіктерді түзуде ғылым саласының 
терминдерін осындай қабаттарға жіктеп алу белгілі дәрежеде 
терминологиялық жүйені жүйелі әрі бір-бірімен байланысын түсіне 
отырып беру, үшін пайдалы. Бірақ бұл мәселені толық шешіп бере алады, 
терминология сапасының жүйесін толық
көрсетіп береді деп кесіп айту 
қиынырақ. 
Терминдердің бірінші қабаты - 
жалпығылыми
қолданыстағы 
терминдер. Бұл терминдер қабатын ғылым салаларының барлығына ортақ, 
барлық ғылым салаларының ғылым тілінде қолданатын терминдер 
құрайды. Мұндай терминдерге 
жүйе, құрылым, құрылыс, қызмет 
(функция), элемент, моделъ, ақпарат
, т.б. сияқты терминдік бірліктерді 
жатқызуға болады. 
Ғалым В.С. Готт бастаған авторлардың еңбегінде жалпығылыми 
терминдерге тән ерекшеліктерді былай көрсетеді: "Философиялық 
бағыттағы талдаулардан тыс жалпығылыми терминдер зерттейтін әр түрлі 
нысандарының мазмұндық ұғымын, шартты, сандық және сапалық 
қасиеттерін бере алу мүмкіндігімен ерекшеленеді"
2

Ғалымның көрсетуі бойынша, жалпығылыми терминдерге түрлі 
нысандардың мазмұндық ұғымын, шартты ұғымын, сандық және сапалық 
ұғымдарын көрсете алатын терминдер жатады. Аталған ұғымдарды 
білдіру - жалпы ғылыми терминдерге тән ерекшеліктер. 
1
 
Даниленко В.П. Терминология современного языка науки // Терминоведение 
терминография в индоевропейских языках. - Владивосток: ДВО АН СССР, 1987, - С. 61 
2
 
Готт В.С., Семенюк Э.П., Урсул А.Д. Категории современнои науки. - М.: Мысль, 1984. 
– 118 
120 


Сондай-ақ, жалпығылыми терминдер жеке ғылым саласының өрісінде 
қолданылғанда 
беретін 
семантикалық 
мағынасының 
нақтылана 
түсетіндігін де ескеру керек. Яғни, жеке ғылым саласының өрісінде жалпы 
ғылымдардың барлығында қолданылатын термин нақты сол өріске ғана 
тән ғылыми ұғымды беруге бейімделеді. 
Екіншіден, жалпығылыми терминдердің әр өрісте қарсы ұғымды 
білдіретін терминдері пайда болып, антонимдік жұпты құрайды. Ғалым, 
В.П. Даниленко қарсы сыңарының болуы жалпығылыми терминдерге тән 
дәстүрлі ерекшелік деп көрсетіп, мұндай терминдер негізінен философия, 
логика,математика сияқты салалардың терминдері болып келетіндігін атап 
өтеді. Мысалы: абсолют шындық – салыстырмалы шындық, абстракті - 
нақты, т.б. Бұл терминдер тіл білімінде деректі зат есім - дерексіз зат есім 
түрінде кездесетіні сияқты басқа салаларда антонимдік жұп құрай алады. 
Сондықтан терминологиялық сөздік түзу барысында жалпығылыми 
терминдердің аталған ерекшеліктерін ескеру керек. 
Терминдердің келесі қабатын салааралық терминдер құрайды. Бұл 
терминдер де бірнеше ғылым салаларына ортақ болуы жағынан алғашқы 
терминдер қабатына ұқсас. Бұл терминдер жалпы ғылым атаулының 
барлығында бірдей қолданылмайды, тек бірнеше ғылым салаларында ғана 
қолданылумен 
шектеледі. 
Бұл 
ғылыми 
терминдер 
жиынтығы 
жалпығылыми 
терминдерден 
осы 
ерекшелігімен 
ажыратылады. 
Салааралық терминдер кемінде екі немесе одан көп ғылым салаларында 
қолданылады. Бұл терминдер қабатына 
редакция, құрал, аспап, тамыр, 
түбір, сәуле, морфология
т.б. сияқты терминдер жатады. Мысалы, 
121 


реакция термині химия, физика ғылымдарының салаларында немесе түбір 
термині биология және тіл білімдері садаларында қолданылады. 
Салааралық терминдердің болатындығы және олардың қайта терминдену 
тәсілімен жасалатындығы белгілі ғапымдардиіц еңбектерінде айтылып 
жүр. Бұл жөнінде ғалым Ш. Құрманбайұлының монографиясында жан-
жақты талданған
1

В.П. Даниленко салааралық терминдердің биология ғылымдары, 
техника ғылымдары, жалпы жаратылыстану ғылымдары, геология
ғылымдары 
сияқты 
салалалық 
комплекстерге 
ортақ 
болып 
топтасатындығын айта келіп, бұл терминдер қабатына сондай-ақ, 
агглютинация (тіл білімі мен медиңина), аккумуляция, аккумулирование 
(геология, политехника, экономика) сияқты процестік ұғымдарды 
білдіретін терминдердің жататындығын мысал ретінде көрсетеді
2

Терминдердің келесі қабаты - 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет