Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі


Терминологиялық сөздіктер, оларды оқыту барысында



Pdf көрінісі
бет42/59
Дата15.11.2023
өлшемі1,11 Mb.
#124165
түріБағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59
 
4.6 Терминологиялық сөздіктер, оларды оқыту барысында 
пайдалану 
 
Терминологиялық сөздіктер - құрамына қарай әр салаға қатысты 
терминдерді жинақтап, жүйелеп беруге ұмтылатын құрал. Сондықтан онда 
терминдер туралы мәліметтер нақты әрі сол ғылым саласындағы 
дефинициясына сәйкес берілуі тиісті. Былайша, терминологиялық 
сөздіктер арнайы бір ғылым саласына қатысты терминдерді барынша 
жинақтап, қамтып беруге тырысатын анықтағыш қызметін атқарады. 
Сондықтан да оның жүгі ауыр болуы, әрі терминологиялық сөздікті 
шығару барысында мамандардан үлкен сапа, сапаның жоғарғы деңгейде 
болуын қамтамасыз ете алатындай жауапкершілік талап етілуі қажет. 
Сөздік шығару, оның ішінде, терминологиялық сөздік шығару ісі соңғы 
кездердегі тілдегі белең алып отырған түсініктер сияқты жеңіл шара 
болмауы тиіс. Қазіргі кезде терминологиялық сөздіктер шығара салу, 
салыстырмалы түрде айтқанда, салалық мамандар үшін жеңіл 
орындалатын іс болып есептеліп, бұл түсінік үрдіске айналған, сондай-ақ, 
терминологиялық сөздіктер шығару жеке авторлардың, ғалымдардың 
ғылыми еңбектерінің санын көбейту тәсілінің бірі де болып жүр. Оған 
дәлел – соңғы кезде әркімнің өз терминін ұсынып, өз 
131 


түсінігіндегі жүйесін қамтып беретін, саны бар, сапасы сөздік талаптарына 
жауап бере алмай, терминдерді бірізге, жүйелі қолданысқа, нормаға 
түсіруге қызмет ете алмай отырған терминологиялық сөздіктер реті. 
Терминологиялық сөздіктердің құрамындағы терминдерді оны 
пайдаланушы оқырман қалыптасқан тілдік бірлік ретінде қабылдайтындай, 
мағынасы мен ұғымдық дефинициясын сөздікте қалай берілсе, солай 
пайдаланатындай қызмет атқаруы тиісті. Сөздік болған соң сол сөздікте 
берілген терминдік нұсқаны көпшілік қауымнан, ғалымдардан, 
оқытушылар мен мұғалімдерден, журналистерден, жазушылардан тұратын 
жалпы қоғам талап ете алатындай болуы тиісті. Сонда ғана "сөздік" деп 
айдар тағып, атау берген еңбек өз атына сай, сапалы еңбек ретінде 
қолданыс тауып, терминдер қолданысының жүйелілігін, реттілігін 
бірізділігін қамтамасыз еткен болар еді. Бұл – екінші жағынан, 
терминологиялық сөздіктерге терминография саласының принциптері 
тұрғысынан қойылатын басты талаптардың бірі болып есептеледі. 
Өкінішке орай, қазіргі терминологиялық сөздіктер бұл талаптарға жауап 
бере алмай отыр. Ал, ондай түрлерін, әсіресе, шарттылығы басымдау 
келетін терминдерді қамтитын терминологиялық сөздіктерді сөздік 
қатарына жатқызу да қиынырақ. Дегенмен, терминологиялық еңбектердің 
ерекшеліктері мен оған қойылатын талаптар өз алдына жеке, кеңінен 
талдауды қажет етеді. Бұл мәселе жөнінде өз алдына сөз қозғалады. 
Осы терминологиялық сөздіктерге қойылатын талаптармен байланысты 
ендігі мәселе - аталған терминографиялық талаптардың іске асуы, 
сөздіктердегі терминдердің 
132 


Қолданылуы 
жөнінде. 
Яғни, 
терминологиялық 
сөздіктердің 
пайдаланылуы, олардың қолданыс аясы жөнінде. Өйткені, сөздіктің 
сапалануы олардың қолданысына, пайдаланылу деңгейіне де байланысты. 
Осыған қатысты қазіргі терминологиялық сөздіктер практикалық 
жақтан қолданыс таба ма? Қолданыс тапса, олар қандай жағдайларда, 
кімдер тарапынан қолданыс тауып жүр? Терминологиялық сөздіктердің 
сөздік ретінде қолданылу дәрежесі, қолданылу жиілігі қандай? деген 
сияқты 
сауалдардың 
туындайтындығы 
анық. 
Терминологиялық 
сөздіктердің пайдаланылу ерекшеліктерін айқындау үшін осы сұрақтарға 
жауап іздеп көрейік. 
Терминологиялық сөздіктерді, біріншіден, практикада ғылыми 
көпшілік қауым жиі пайдаланбады. Тіпті, шыққан терминологиялық 
сөздіктер мүлдем пайдаланылмайды деуге долады. Бұл пікірлерді нақты 
дәйектермен дәлелдеп жатудың өзі артық. Терминдерді қолдану 
барысында олар терминологиялық сөздіктерге жүгінбей, қарамай, жазуда 
да, айтуда да өз білгенімізше бір терминді әрқайсысымыз әртүрлі 
қолданатындығымыз да рас. Соның салдарынан жарыспалы терминдердің 
пайда болып, дұрыс терминдердің қалыптаспай, сынға ұшырап 
жататындығы қупия емес. Екінші жағынан, шыққан терминологиялық 
сөздік өз қызметін атқармай, қолданыс таппай, тек аты бар заты жоқ, саны 
бар, сапасы жоқ еңбек ретінде шаң басып қоғамға пайда әкелмейін дүние 
болып қала беретіндігі бар. Бір пайдалы болса, тек авторлығымен шыққан 
ғалымдардың, жеке тұлғалардың жеке есебі үшін ғана пайдаға асуы 
мүмкін. Бұл - кейбіреулердің намыстарына тиіп жатса да ащы шындық. 
Үшіншіден, жоғарыда да айтып
133 


кеткендей, терминологиялық сөздіктердің бұлай қолданылмауынын 
себебі - олардың сапасыма байланысты. Сапасыз дүниенің қажеттілікке ие 
болмайтындығы заңдылық. 
Сондықтан терминологиялық сөздіктерді де, ондағы қолданысқа 
қажетті терминдерді де бірізге түсірудің жолы - терминологиялық 
сөздіктерді түрлі орындарда, түрлі мақсаттарға сай пайдалану болып 
табылады. Бұл бір жағынан, терминдерді сұрыптауға ықпал етеді, 
екінішіден терминологиялық сөздіктердің сапалық жағынан іріктеліп 
сұрыпталуына тиімді әсерін тигізеді. Яғни, сапасы жағынан төмен 
сөздіктер автоматты түрде қолданыстан шығып сұранысқа ие болмайды. 
Сонымен, 
қандай 
қажеттіліктерге 
қандай 
мақсаттарға 
орай 
терминологиялық сөздіктерді пайдалану қажет? 
Ең 
алдымен, 
терминологиялық 
сөздіктердің 
жоғары 
оқу 
орындарындағы сабақтарда жиі пайдаланылуы қажет.| Өйткені, студент 
қауымына негізінен өздігінен ізденуге бағыт беретін тапсырмалар ретінің 
берілуі тиіс. Кез-келген дәріс тақырыбын өткен кезде сол тақырыпқа 
қатысты терминдерді сөздіктен тауып, олардың мағынасы мен мәнін 
термин ретіндегі дефинициясын терминологиялық сөздіктерден біліп 
келуге тапсырма беруге болады. Бұл арқылы студент сабақ тақырыбын 
ғана терең игеріп қоймай сол пәнді жақсы меңгеріп, пәнге қатысты терең, 
жүйелі білім алып, өзі оқып жатқан пәннің ғылыми аппаратымен жан-
жақты танысқан болар еді. Мұндай тапсырмаларды тек лекция сабақтарда 
ғана емес, лабораториялык және практикалық сабақтарда да орындатып, 
студенттердің терминологиялық сөздіктерді пайдалануын жүзеге асыруға 
134 


болады. Бұл - әрі сапалы маман дайындауға, әрі терминологиядан хабары 
бар, ғылыми ұғымның не екендігін, оларды қолдануда терминдердің 
бірізділігіне жете мән беру керек екендігін сезінетін маман дайындауға 
ықпал етпек. Яғни, терминологиялық сөздіктермен жұмыс істеуді барлық 
жоғары оқу орындарында кез-келген пәнге байланысты, әр сабаққа 
қатысты жүзеге асырып, оқыту ісіне пайдалануға болады, Мысалы, тілге 
қатысты практикалық сабақтарда (қазақ, ағылшын, неміс, француз тілдері 
сабақтары) тіл заңдылықтарына, тіл жүйесіне байланысты қолданылған 
түсіндірілген терминдер туралы қосымша мәлімет алу үшін, ол терминнің 
дефиниңиясын, тіл біліміндегі орнын терең түсіну мақсатында 
терминологиялық сөздіктермен жұмысты үйге тапсырма ретінде беруге 
немесе сабақ үстінде орындатуға болады. 
Екіншіденн, терминологиясы үлкен өзгеріс үрдісін бастан өткеріп 
отырған қазақ терминологиясындағы өзгерістерді, жаңа терминдерді 
пайдаланып, қазақ тіліңде дәріс оқитын оқытушылардың өздері де бір 
мезгіл терминологиялық сөздіктерге жүгіне отырып, ондағы терминдерді 
сұрыптап қолданып, өз лекцияларында пайдалануға болады. 
Үшіншіден, практикалық сабақтарды өту барысында сабақ үстінде, 
аудиторияда терминологиялық сөздіктермен тікелей жумыс істеуге, 
оларды талқылап, таңдап қолдануға болады. 
Тақырып аясын жекелеген терминдер жиынтығына топтастыра отырып, 
ғылыми тән ұғымдардың әрқайсысы туралы үй тапсырмаларының берілуі, 
терминдердің дефинициясы туралы біле отырып, олардың қазақ тіліндегі 
нұсқасының қалай болуы мүмкін екендігін талдау, қазақ тіліндегі термин 
жобасын жасау және соған 
135 


сәйкес термин жасау ісіне дағдыландыру сиякты тапсырмалар реті тек 
терминологиялық сөздіктерді оқыту процесінде қолдану тұрғысынан ғана 
емес, екі жақты да тиімді болған болар еді. Мұндай тапсырмалар реті бір 
жағынан білім алушылардың оқып отырған ғылым саласы, пән туралы 
білім деңгейлерін жақсартса, екінші жағынан, мамандарды терминжасам 
үрдісіне араласуға дағдыландырған, сөйтіп салалық мамандардың 
арасынан терминолог, терминограф мамандарды дайындауға ықпал еткен 
болар еді. 
Төртіншіден, жекелеген сабақтарды терминдермен жұмыс істеуге 
арнап, онда терминологиялық сөздіктерді қолданып, өтілген терминдердің 
дефинициясын, жүйесін талдап, терминдермен танысуға болады. 
Бесіншіден, журналистер де мақала жазу барысьшда не репортаж 
жүргізу барысында өз материалында кездесетін, қолданатын терминдерін 
терминологиялық сөздіктерден көріп, олардың дұрыс нұсқасын қолданып, 
терминдердің қолданысындағы бірізділікті сақтауға үлес қоса алған болар 
еді. 
Жинақтап айтсақ, терминологиялық сөздіктерді сабақ үстінде немесе 
сабақтан тыс пайдаланудың осындай нақты әдіс-тәсілдері бар. 
Терминологиялық сөздіктерді оқыту үрдісінде пайдаланудың әр түрлі 
мақсаттар тұрғысынан тиімді екендігіне көз жеткізу қиын емес. 
136 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет