Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет3/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

ƏН ҮЙРЕТУ

Қ

азақ  халқының  балаларды  тəрбиелеп,  оларға  түрлі  өнер-бі-



лім үйретуінің өзіндік үлгі, əдіс-тəсілдері мол. Балаларға əн үй ре ту де 

олардың өз дене мүшесін таныстыратын тілге жеңіл, ойға орамды «Ақ 

бі лек» деген əннен бастауға болады. Бұл əнді баланың білегін тү ріп, 

ақы рын сипай отырып былай үйретеді:



– Ақ білек-ау, ақ білек,

Шынашағы шақ білек.

Бес саусағы егеудей

Балама тəн пəк білек.

Балбыраған бал білек,

29

29

Ауыл толы мал білек.



Тез қартайып,

Сомдалып,

Ел ішіне бар білек!

Құрыштай боп шыңдалып,

Іске қолды сал білек!

Сүйіп Отан-анаңды,

Айтқан тілді ал білек! –

деп баланың өз дене мүшесінен бастап түрлі атау-терминдермен та-

ныстырады. Өлең-жыр, əн-күй үйрену – баланы жастайынан Ота нын 

сүю ге,  ата-бабаны  ардақтап,  зейінді  де,  зерделі  азамат  болуға  үй ре-

теді.

КҮЙ ҮЙРЕТУ

Қ

азақ халқы күй – көңіл көзін ашатын, жан дүниені уайым-қай-



ғы дан  арылтатын,  адамдарды  ізгілікке  жетелейтін  рухани  азық  деп 

қа рап, ұрпақтарына жастай күй үйретіп, жан дүниесі таза, рухы сер-

гек адам болып есеюіне жан-жақтылы мүмкіндік жасап отырған жəне 

əнші-күйшілерге  ерекше  құрметпен  қараған.  Сондай-ақ,  ба ла лар ға 

күй  үй ре ту де  еліктіру,  қызықтыру  тəсілін  қолданған.  Сондай  тə сіл-

дер дің бірі – «Өртеке».

«Өртеке»  былай  жасалады:  жұқа  тақтайдан  немесе  үлкен  ағаш 

жаң қа сы нан  теке  мүсінін  ойып  алып,  оған  төрт  аяқ  салып  əрі  аяқ-

та ры еркін қимылдап тұратындай етіп шегемен бекітіп, сауыры мен 

жел ке сін  тесіп  жіңішке  ұзын  жіп  өткізіп,  жіпті  тұйықтап  бай ла ған 

соң, «өртекенің» аяғы жерге емін-еркін тиетіндей етіп жіпті домбы-

ра шертетін баланың қолына байлап қояды. Сонда қолдың қа ғы сы на 

қа рай «өртеке» алуан түрлі секіріп, ойнақ салып, балалардың ішек-

сілесін қатырады. Тіпті, үйренгісі келмей қашқалақтаған балалар да 

бі рі нен соң бірі домбыраға таласып, күй шертуге ықыласы арта тү-

седі.


30

30

ЕРТЕГІ ҮЙРЕТУ

Б

ала айтқанды толық ұға бастағанда ата-анасы мен əжелері əң гі-



ме, ертегілер айтып беріп, олардың сөйлеу, əңгіме айту қабілетін же-

тіл ді ру ге жұмыстанады.

Қазақ  халқының  ертегі  үйрету,  ертегі  айтуының  өзіндік  дəс тү рі 

бар. Əсіресе, ертегі, əңгіме айтқанда балаларды өздеріне елік ті ріп бау-

рап алу үшін:

– Ерте, ерте, ерте заманда,

Ешкі жүні бөрте заманда,

Қырғауыл жүні қызыл заманда,

Балақ жүні ұзын заманда, –

деп  бастап  айтатын  ертегіні  ары  қарай  жалғастыра  береді.  Мысалы: 

Алла Тағала жер жүзіндегі адам, жан-жануарларға:

– Ертең ерте барлығың менің алдыма түгел келіңдер. Мен сендер-

ге дүниенің сыры, əлемнің құпиясын ашатын, сондай-ақ, бір-біріңмен 

сөйлесіп, ойларыңды ортаға салатын «тіл» деген ғаламатты беремін, – 

деп жар салыпты. Сонда адам Алла Тағаланың алдына бəрінен бұрын 

барып «тіл өнерін» жеке еншілепті…

Адамнан кейін екінші болып барған есекке «а» деген дауыс тиіп, 

ол үнемі «а, а, а» деп аңырап жүретін болыпты. Үшінші болып бар-

ған  түйеге  «бө»  деген  дауыс  тиіп,  ол  ылғи  «бө,  бө,  бө»  деп  боздап 

жү ре тін болыпты. Есек пен түйеден кейін барған қойға «м», қарғаға 

«қ»,  торғайға  «ш»  дауыстары  тигендіктен,  олардың  біреуі  «мə»  деп 

ма ңы ра са; біреуі шырылдап, біреуі қарқылдап жүретін болыпты деп, 

тір ші лік  құбылыстарының  сырын  ұғуды  ертегі  арқылы  ұғындыруға 

күш салады.

Балаларға  ертегі  үйретудің  де  өзіндік  тəрбиелік  маңызы  зор.  Ол 

балалардың ой қорытуын, тілдік қорын молайтуын, қиял əлемін, зат-

тар мен құбылыстар жайында түсінігін жəне білімін жетілдіреді. Бала-

ларды адамгершілікке, ізгілікке, əділеттілікке бау лиды.



31

31

ӨЛЕҢ-ЖЫР ҮЙРЕТУ

Ө

лең-жыр  –  өмір  көркі»,  «ақын  болу  –  өз  еркің,  азамат  болу  – 



бо ры шың», «жақсы ақын болу үшін – ең алдымен жақсы адам болу 

шарт»,  «жанашырлығы  жоқты  –  жақыным  деме,  адамгершілігі  жоқ-

ты  –  ақыным  деме»,  «əнді  өмір  –  сəнді  өмір»  деп  білген  қазақ  хал-

қы  əн-күй,  өлең-жырды  адамның  жан  дүниесін  жаңартып,  рухын 

сер  піл  те  тін; мерейін асырып, жігерін тасытатын қасиетті өнер санап, 

ұр пақ та рын  жастайынан  əн-күй,  өлең-жыр  үйренуге  баулыған.  Сон-

дай-ақ, ақындары мен əншілеріне, жыршылары мен күйшілеріне ас-

қақ  адамгершілік,  биік  мораль,  мұрат  талабын  қойып  отырған  əрі 

«əділ  ді  гі болмаса – əкім деме, адамдығы болмаса – ақын деме» деп, 

ақын-жазушылары мен əнші-күйшілерін ойына келгенін істеп, аузы-

на келгенін айтатын əлдекім емес, керісінше, халықты өнер-білім мен 

ас қақ  адамгершілікке  жетелейтін,  үлгі-өнеге  таратып,  рухани  күш-

қуат  беріп,  теріс  қылықтарды  тектеп;  озбырлықты  шектеп,  ел  ішін-

де гі түрлі жаман қылықтарды əшкерелеп, əділет пен ізгілікті ту ғып 

ұс тай тын, ақыл-парасаты мен өнер өрісі биік адам деп қарайды. Сон-

дық тан да ертеде қазақ ақындары мен əнші-күйшілері өздеріне қа таң 

адам гер ші лік жəне ізгілік талабын қойып, сөйлеген сөз, істеген іс, тіп-

ті жүріс-тұрыс, алыс-беріс, барыс-келіс, ішіп-жеуге дейін бас қа лар ға 

үлгі-өнеге болатын; ауыздарынан гүл төгілетін; өн бойларынан шына-

йы адамгершілік пен мораль, мұрат иісі аңқып тұратын, бас қа лар дан 

өнері мен кісілік мəдениеті жағынан озық адам болған.

Бұл өнерді үйретуде тəжірибелі кісілер балаларын жастайынан ел 

ішіндегі  ақын-жырауларға  шəкірттікке  беріп  немесе  сондай  өнер лі 

кісілерді ауылдарына арнайы шақырып əкеліп, олардан үлгі-өне ге, тə-

лім-тəрбие алдырған. Тіпті өнері мен адамгершілігі асқақ, ел құр ме ті-

не бөленген кісілерге тілдерін ашқызып, бармақтарын тістетіп, сар қы-

тын ішкізіп, отырған орындарына аунатып, ұрпақтарын сол адамдар 

сияқты өнерлі, өнегелі етіп тəрбиелеуге күш салған.

Жастайынан  өлең-жыр  үйренген  балалардың  үлгі-тағылымы  ар-

тып,  жақсы  тамаша  мінез-құлығы  қалыптасып,  тілдік  қоры  байып, 

ақын дық қабілеті жоғарылайды.


32

32

ТІЛ ҰСТАРТУ

Қ

азақ  халқының  балалардың  тілін  жетілдіруі,  тіл  ұстартуы  – 



баға жетпес үлкен ғылым.

Ұрпақ тəрбиесіне баса мəн беретін ата-бабаларымыз балаларға ыр-

ғақ ты,  нақышты,  тақпақ  жыр  үлгісінде  келетін,  сондай-ақ,  əлем нің 

көр  неу жəне көмескі сырларын ашуға жетелейтін қызықты, маз мұн-

ды, ше ші мі адамға ой саларлық, зейін-зердені ашуға төтенше тиім ді 

жұм бақ, жаңылтпаштар үйретіп, балалардың мүлтіксіз дұрыс сөй леу 

қа бі лет те рін жетілдіруге ерекше күш салған. Мысалы, 

– Он екі түйе, он жылқы,

Тоғыз сиыр, бес ешкі.

Екі қоян, үш түлкі,

Таба алмасаң бол күлкі.

Қара сиырым – қарап тұр,

Қызыл сиырым – жалап тұр.

Əй, Тайқарбай!

Қойыңды ақша қарға жай, Тайқарбай!

Қыр құлдилар,

Қыр құлдилар.

Қырғи қуған бөдене

Сай құлдилар! –

деген  сияқты  айтылуы  қиын,  бірақ  сөз-сөйлемдері  тілдің  ішкі  үй ле-

сі мі не сай бірыңғай ұяң немесе бірыңғай қатаң дыбыстармен ке  ле  тін 

тұл ға лас  сөйлемдер  тіркестіре  айтылатын  жұмбақ-жа ңылт паш тар ды 

қай та-қайта айтқызу, шештіру арқылы бала тілін ұс тар та ды (же тіл ді-

ре ді). Мысалы,



– Алтын табақ болмаса,

Көре аласың қай гүлді?

Күміс табақ болмаса,

Біле алмайсың ай, жылды, –

33

33

деген сияқты балалардың ойлау қуатын арттырып, көз аясын ке ңей-



тіп, зейін-зердесін ашып, таным-түсінігін тереңдететін жұмбақ сөз дер 

арқылы балаларды тапқырлыққа, ізденгіштікке жетелейді. Тіл дік қо-

рын молайтып, сөйлеу қабілетін жоғарылатады.

АЙДАР ҚОЮ

Е

ртеде перзент көрмей зарығып жүріп, ұлды болса, оның тө бе сі-



не бір шоқ шаш қойып, оған маржан-моншақ араластырып өріп қоя-

тын салт болған. Бұдан тыс, кейбір хан ұрпақтары мен бай-манаптар 

да жақсы көрген ұлдарының төбелеріне кішкене шаш қойып, оны «ай-

дар» деп атаған. «Айдарлы ұлың, тұлымды қызың бар ма» деген тəм-

сіл, əне, содан қалған.

Бұл дəстүрдің де өзіндік мəні бар. Өйткені айдарды балаларға «осы 

балам ел-жұрттың қолдап-қорғауына, үміт-тілегіне ие болса екен» деп 

қояды.


ТҰЛЫМ ҚОЮ

З

арығып жүріп көрген немесе бір топ ұлдың ішіндегі жал ғыз қыз 



болса, оның екі шекесіне екі шоқ шаш қойып, оны өріп, түрлі мон шақ-

маржан тағып, оларды басқа балалардан ерекшелеп қойған. Бұл салт 

«тұлым қою» деп аталған. 

Қыз балаларға тұлым қойғанда, аналары шағын қуаныш салтын өт-

кі зіп, қуанышын көппен бөліскен. 

Тұлым қоюдың да өзіндік мəн-мағынасы бар. Өзге балаларға қа ра-

ған да тұлымды қыздарға ел-жұрт ерекше сүйіспеншілікпен қа райды.

Оларға бар жақсы тілектерін тілеп отырады.



ЖЕТІМГЕ ЖЕЛКЕ ШАШ ҚОЮ

Е

ртеде  ата-аналарынан  жастай  айырылып  жетім  қалған,  жан-



ашыр  туыс-туғаны  жоқ  балалардың  желкесіне  бір  шоқ  шаш  қоятын 

салт  болған.  Бұлай  істеу  «осы  бала  тұлдыр  жетім.  Мұны  кім-кімнің 



34

34

де  құ қық-мүддесін  қорғау  жауапкершілігі  бар»  дегені.  Бұл  «же тім-



нің желке шашы» деп аталып, оны көрген адамдар жетім екенін бі ліп, 

оған аяу шы лық пен қарап, сырттай қамқорлық көрсетіп, тіпті бала қып 

ба ғып алып отырған. 

Жетімдерге желке шаш қою, қазіргі замандағы сияқты аналар мен 

балалардың  құқық-мүддесін  қорғайтын  заң-ережелер  мен  мекеме 

орындары  жоқ  заманда  қоғамда  белсенді  рөл  атқарған.  Ол  адам дар-

дың жанашыр жақыны жоқ ұрпақтар алдында борыштылық жəне жа-

уап кер шілік  сезімдерін  оятып,  оларды  өзімшілдіктен,  қа йы рым сыз-

дық тан, рақымсыздықтан бойларын аулақ ұстап, ізгі ниетті, қа йы рым-

ды, мейірімді болуға баулыған.



ТАНАБАУ ТАҒУ

Ұ

л  бала  алғаш  рет  əкесіне,  қыз  бала  шешесіне  ілесіп,  түрлі  жұ-



мыс та ры на қолғабыс тигізіп жүргенін бірінші рет көргенде туыс-ту-

ған, дос-жаран, көрші-қолаңдары:«Балаларың жігіт болыпты, бой же-

тіп ті, қажетке жарапты», – деп жабыла құттықтап, балаға түйме-тана, 

бі ле зік, сөлкебай тағып жібереді. Кейде оны көптің атынан біреу ба-

рып тағып қайтады. Міне, бұл «танабау тағу» деп аталады.

Салт бойынша, баласына «танабау» тағылған ата-ана бұл жағ дай-

ды міндетті түрде атап өтеді.

Танабау  шайына  барған  кісілер  баланың  ата-анасына  «ба лаң ның 

танабауы»  деп  əртүрлі  бағалы  тартулар  мен  қой-қозы,  тай-тайынша 

бе ріп, игі тілектерін айтады.

Бұл дəстүр адамдар арасындағы достық сүйіспеншілік пен береке-

бірлікті нығайтып, адамдарды күйініш-сүйініште бірге болуға ша қы-

рады.

ТҰЛЫМ-ШАШ АЛУ

Б

алалы-шағалы, өбере-шөберелі болып, артына жақсы ұрпақ қал-



ды ру ды адамдық парыз, азаматтық міндет деп білген халқымыз, көп 

перзентті болуды ерекше қуаныш санап, еркелеткен қыздарына «тұ-



35

35

лым»,  ұлдарына  «айдар»  қойған.  Олар  беске  келгенде  жақын-жуық-



ты ша қы рып «тұлым-шаш (айдар) алу» жоралғысын жасап отыр ған. 

Онда: тұ лы мын немесе айдарын алатын баланың шашын төрде отыр-

ған ақ са қал дан бастап келген жұрт аз-аздан қырқып шығады. Сондай-

ақ,  ба ла ға  өз  шама-шарқыларына  қарай  сыйлық  атап  (беріп)  «от ба-

сың нан айдарлы ұл, тұлымды қыз үзілмесін» деп ықылас-баталарын 

айтады.  Со ңын да  шала  қырқылған  айдар  немесе  тұлымды  инабатты 

кі сі лер дің бі рі не ұстарамен алдыртып тастайды да, дастарқан басында 

бас қосып, кө ңіл көтереді.

«Тұлым-шаш алудың» да өзіндік мəн-мағынасы бар. Ол адам дар-

дың ұрпаққа деген сүйіспеншілігін арттырып, болашақта өне ге лі жан-

ұя болуларына бастама береді.

БАЛАЛАРДЫ ОЙЫН АРҚЫЛЫ ТƏРБИЕЛЕУ

Б

аланы табу – қиын, жақсылыққа бастау – одан да қиын деп біл-



ген қазақ халқы балаларды есейгенде Ота ны ның, хал қының азаматы 

етіп тəрбиелеуде алуан түрлі айла-тəсіл қол дан ған. Тіп ті, алғаш аяғын 

еркін басып, тілі толық шығып ойнай бас та ған да, олар  ға «санамақ», 

«ханқыз» сияқты айтуға жеңіл, тап қыр лық пен ақын  дық  қа жетелейтін 

ойын түрлерін үйреткен.

Мысалы, «Санамақ» ойынында:



– Бір,

– Біздің үйге кір!

– Екі,

– Ет турайтын бəкі.

– Үш,

– Сені жықпақ күш.

– Төрт,

– Маңдайыма шерт!

– Бес,

– Майлы құлақ кес!

– Алты,

– Ата-баба салты.

36

36

– Жеті,



– Жел-боранның өті.

– Сегіз,

– Болсын серкең семіз.

– Тоғыз,

– Борсық жейді қоңыз.

– Он,

– Атаң киген тон.

– Он бір,

– Қонақ келсе қондыр!

– Он екі,

– Жаман – насыбай, темекі! –

деп еркін ұйқас, мəнді сөз саптауға жаттықтырса; ал «Хан-қыз» ойы-

нында: ұшып жүрген бір хан қызды (ел қайда көшер) ұстап алып, оны 

саусағына қондырып:

– Ел қайда көшеді?

Суды қайдан ішеді? – деп бірнеше рет əндетеді де, хан-қыз сау сақ-

та ры ның басына барып қанатын ашып ұшуға айналған кезде:

– Қызым, қайда барасың?

– Көк жайлауға барамын.

– Көк жайлауда нең бар?

– Алтын буған тең бар.

– Дария-суды кім ішер?

– Шөлдеп барған шал ішер.

– Тұр, балақай, сəлем бер! –

деп өздері сұрау қойып, өздері жауап беріп, соңында, хан-қызды өз-

ді гі нен ұшпаса үрлеп ұшырып жіберіп, «ел мына жаққа көшеді екен» 

деп шуылдап хан-қыздың соңынан қуа жөнеледі…

Бұл  ойын  балалардың  ақыл-ойын  дамытып,  дүниені  тануын  мо-

лайтып,  кейбір  зиянды  əдеттерден  алыс  болуға  баулып,  үлкендерді, 

қа рия лар ды құрметтеп, сəлем беру секілді кісілік жол-жосынды ұғын-


37

37

ды ра ды. Ең маңыздысы, балалардың жасампаздық қабілетін жо ға ры-



ла тып, өмірге деген құштарлығын арттырып, жан сезімін байытады.

АТҚА МІНГІЗУ

Б

аланы тұңғыш атқа мінгізу – қазақ тəлім-тəрбиесіндегі мəн-ма-



ғы на сы терең, тəрбиелік қуаты күшті салттарының бірі.

Баланы  атқа  мінгізуден  бұрын  əр  отбасы  алдын  ала  балаларына 

ашамай, кішкене ер-тұрман əзірлетіп, мінетін тай-құнандарын жуасы-

тып, баласы өз тізгінін өзі алып жүретіндей болғанда, сəтті бір күні 

ел-жұрт,  бауыр-туыстарын  шақырып,  «ашамай  тойын»  жасап  атқа 

мін гі зе ді. Мұнда көпті көріп, көп жортқан қариялардың бірі баланы: 

«əуіп, біс міл лə!» деп қос қолмен көтеріп атқа мінгізіп: – Міне, бү гін 

азамат боп атқа қондың, өмір жолың ашық болсын, дұшпаның қа шық 

болсын! Шу, жануар! – деп бала мінген атты жүргізіп жібереді. Ба ла-

ның аты ның басын ұстап тұрған ересек екі адам:



– Тартып міндің ат жалын,

Сəтті болсын шапқаның.

Тəтті болсын татқаның,

Дүбірлетіп далаңды,

Бақ-дəулеттің тап бəрін! –

деп екі жағынан демеп атты жетелей жөнеледі. Бұл баланың алғаш рет 

ат жалын тартып мінуі, өмірге бір азамат ретінде тұңғыш қадам басуы 

болып есептеледі. 

Бала  алғаш  атқа  мінгенде  жығылмау  керек.  Қазақ  халқы:  «ал ғаш 

ат жалын тартып мінгеннен бастап…» деп тұңғыш атқа мінген күн ді 

өмір сапарына балайды. 

Ертеде  қазақ  халқы  ат  –  адамның  қанаты,  серігі  деп  біліп,  атты 

қуса жететін, қашса құтылатын басты көлігіне балаған.

Баланы атқа мінгізу арқылы оларда «азамат болдым, ел қажетіне 

жарайтын шағым таяды» дейтін жауапкерлік сезімін тудырып, ер лік-

ке, ептілікке баулиды.



38

38

БАЛАНЫ АҚЫЛДЫҚ ТАНЫМҒА ЖЕТЕЛЕУ

Б

ұл – тəрбие қазақ тəлімгерлігіндегі мазмұны терең, илан ды рар-



лық қуаты күшті тəрбиелердің бірі əрі бірегейі. Себебі, қазақ хал қы 

баланың айтқанды қағып алатын ұғымтал да зерек кезі 7–15 жас ара-

лы ғы,  жан-жануар,  табиғат  заңдылықтарын  түсінетін,  игеретін  кезі 

дəл осы тұс деп қарап, соған сəйкес тəрбие мазмұнын тереңдетіп, ба-

лаларды сезімдік танымнан ақылдық танымға қарай жетелейді. Мұн да 

зат  тар  дың, құбылыстардың мəнін түсініп, сырын ұғуға бастайтын тіл-

ге  жеңіл,  жүрекке  жылы,  мазмұны  терең  диалогтар  пайдаланылады. 

Мысалы:


– Ең құнды не, ұлым?

– Ол – ғаламат ғылым!

– Тозбайтын не, күнім?

– Ол – өнер мен білім!

– Парыз ба, шұлық тоқу?

– Парыз – адамға оқу!

– Не қымбат дейді атаң?

– Ол – туған жер, Отан!

– Бөлейтін не сыйға?

– Ол – əдеп пен иба!

– Бақыт қалай келмек?

– Оны əкелер – еңбек!

– Жаңбыр неге себелер?

– Онымен жер көгерер!

– Күн болмаса, хош, енді?..

– Бүкіл тірлік өшеді!

– Болмаса егер жер-жаһан,

– Мен де мүлде болмас ем! –

деген сияқты елдің, оқу-білім, ғылым-өнердің, еңбектің қасиетін тү-

сін ді ре тін, күн, жер, жаңбырдың тіршілік қайнары екендігін ұғын ды-

ра тын сөздерді жаттатып, Отан, туған жер, əдеп-иба деген сияқ ты қа-

сиет ті ұғымдарды көкейлеріне ұялатады. 


39

39

Одан соң, балалардың ақыл-ойын жетілдіріп, тапқырлық қа бі лет-



те рі мен қолма-қол кесім жасау өрелерін жоғарылататын ауызша жұм-

бақ есептер пайданылады. Мысалы, асық ойнап жатқан үш бала жолда 

келе жатады. Олардың біреуі жанындағы екі серігіне: 

–  Үшеуімізде  оннан  асық  бар  еді.  Енді  əрқайсымызда  қаншадан 

асық қалды? – деп сұрайды. Оған:

– Мен онша көп ұттыра қойған жоқпын, – дейді екінші бала. 

Сонда үшінші бала:

– Мен сол қалтамдағы асықтың біреуін оң қалтама салсам, екі қал-

там да ғы асықтардың саны өзара тең болады. Ал, оң қалтамдағы асық-

тың біреуін сол қалтама салсам, онда оң қалтамдағы асық сол қал там-

да ғы асықтан үш есе көп болады, – дейді. 

Оған алғашқы бала күліп:

– Онда сендегі барлық асық менің ұтып алған асығыммен бір дей 

екен, – дейді.

–  Дұрыс  айтасыңдар.  Бүгін  ең  көп  ұтылған  мен  болдым,  –  дейді 

екінші бала шынына көшіп.

– Ал, енді ойлап көр. Қайсы балада қанша асық бар? – деп ба ла ның 

ата-аналары балаларына сұрақ қояды. Бала бұл есепті дұрыс шы ға рып 

кетсе, сыйлық береді əрі баланы мақтап-марапаттап, оны шабыттан-

дырады.


Баланы  ақылдық  танымға  өткізу  тəрбиесі  ұрпақтарды  өнер-ғы-

лым ды  ардақтап,  оқу  оқып,  білім  алуды  қастерлеу,  Отанды,  еңбекті 

сүю дей тамаша мінез-құлық қалыптастыруға дағдыландырады. Та би-

ғат ты, экологиялық ортаны қорғауға, аялауға баулиды. Зейін-зер де сін 

ашып, тез есептеу қабілетін жоғарылатады.

СҮНДЕТ ТОЙ

С

үндет той, əдетте ер балаларға 5 не 7 жас аралығында жасала-



ды. Онда, сүндет тойын жасайтын баланы арнаулы бір атқа мін гі зіп, 

үс ті не оқалы шапан, басына қалпақ, тақия, иығына үкі тағып, бе лі не 

бір шаршы ақ кездеме байлап, атына екі басы шашуға толған қор жын 

салдырып,  бір  ересек  адам  оны  туыс-туған,  дос-жаран,  ел-жұр  тын 



40

40

аралатып жүріп тойға шақырады. Бала əр ауылға барғанда, оны ауыл 



адамдары шашу шашып қарсы алады жəне оның беліндегі ақ кездеме 

бел ді гі не  кəде  байлап,  қоржынындағы  шашудан  қалағанынша  алып, 

орнына тағы шашу салып қояды. Ал, жақын туыс-туғандары мен на ға-

шы ла ры «азамат болды» деп қуанысып, тай, құнан, ат, қой-қозы атап

шапан кидіріп қайтарады… 

Сүндет тойда қыз қуар, көкпар, айтыс, балуан, құнан шабыс сияқ ты 

көңіл ашу жəне спорт ойындары өткізіледі.

Қалыптасқан  салт  жəне  қазақ  əдеп  өлшемі  бойынша,  сүндет  той 

мен оның ойын-тамашаларына қыздар мүлде бармайды. «Сүндет той-

ға сүйкімсіз қыз барады» деп қыздардың сүндет тойға баруын – тəр-

бие сіз дік,  көргенсіздік,  тексіздік  санап,  «сүндет  тойға  барған  қызға 

сү йек таста» деп, ондайды жек көреді.



БАЛАНЫ СҮНДЕТТЕУ

Ә

детте  ер  балаларды  5–7  жас  аралығында  сүндеттейді.  Сүндет 



той аяқталып, ел аяғы саябырлаған соң, баланың ата-анасы баласын 

сүн дет те ту қамына кіріседі. Бардам адамдар «сүндет атың» деп бала-

ларына  арнаған  тай-құнандарын  үй  белдеуіне  ерттеп  əкеліп  байлап 

қоя ды. Онан соң, астына қалыңдап көрпе салып жатқызып, ма ңа йы на 

түр лі ойыншық, тəтті-дəмділерді əзірлеп қояды да, алдаусыратып:

– Енді мына кісі «насыбайыңды» көріп жөндеп, май жағып қой сын, 

құрт-мұрты болса алып тастасын, – деп сүндеттейтін кісіні (мол да ны) 

таныстырады. Сол кезде, тəжірибелі молдалар:

– Кəне, көрейінші, ой, өте жақсы азамат екен! – деп баланың насы-

байын олай-бұлай қозғап уқалап, терісін айналдырып, қай мөл шер де 

кесетінін белгілеп алады да:

–  Бісміллə  иррақыман  иррəхим!  Осы  перзент  Құдайдың  құлы, 

Пай ғам бар дың үмбеті болғандықтан сүндеттедік, сүндетін қабыл ал, 

Алла! – деп сүндет дұғасын оқып, одан соң:

–  Аллаhуакбар!  Аллаhуакбар!  Аллаhуакбар!  Лəйлəһə  іллəллəһу 

уə ліл лə һи  уалхамдұ!  –  деп  айнала  отырғандар  тəкбір  айтып,  на сы-

бай дың  артық  терісін  лып  еткізіп  ұстарамен  қағып  алады  да,  дереу 


41

41

үр пін  айналдырып,  алдын  ала  əзірлеп  қойған  йод  немесе  шала  күй-



ді ріл ген мақтамен кесілген жерді қан шықпастай етіп бастырып, қан 

тыю үшін қойылған нəрселер олай-бұлай жылжып, кесілген жер мик-

робтанып  кетпеуі  үшін  шыны,  тостаған  сияқты  нəрселерді  ба ла ның 

«насыбайының»  үстіне  төңкеріп  қояды.  Міне,  бұл  «баланы  сүн дет-



теу» делінеді.

«Сүндет» дегеніміз – міндет, тапсырық деген мəнді білдіреді. Сөй-

тіп, ата-ана бір міндетінен құтылады. 

Ер  балаларды  жас  кезінде  сүндеттеудің  үлкен  ғылыми  мəні  бар. 

Ме ди ци на лық жағынан – сүндеттелген балалардың жыныс мү ше ле рі-

не дəрет қалдықтары жұқпайды, жыныс мүшелері базданып, иіс те ніп, 

микроб түспейді. Əртүрлі жыныс ауруларынан аулақ болады. Қыс қа-

сы, сүндет – тазалық пен денсаулықтың кепілі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет