Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет5/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

Жол жомарттығы

А

қыл-есі  дұрыс  барша  адам  баласы  жүрген-тұрған  жер ле рін де 



елге жақсы қылық, жарасымды мінез, жылы шырай көрсетіп, үлгі-та-

ғы лым таратып, əрқандай сəттерде алдымен өзгелерге жол беру, өлер-

мен  болмау,  басқаларға  жақсы  əсер,  үздік  өнеге  көрсету,  сондай-ақ, 

жолда жатқан бір кесек тас болса да ерінбей алып тастап, басқа адам-

дар дың жəбір-жапа көрмеуіне мүмкіндік, қолайылық тудырып жү ру-

дің барлығын қазақ халқы жол жомарттығы деп атайды əрі жол жо-



53

53

март ты ғы ның  барша  адам  баласының  адамгершілігін,  аза мат ты ғын, 



адалдығы мен ізгілігін сынайтын жауапкершілігі күшті қа сиет ті ұғым 

екендігін  жанды  мысалдар  арқылы  ұрпақтарының  құлағына  құ йып, 

көкейлеріне ұялатуға ерекше күш салады. Мысалы, жолда келе жат қан 

мысық, ит, тышқан, құс жəне басқа жан-жануарлар мен жəн дік тер дің 

өлексесін көрген; сондай-ақ, адам сүрініп жығылатындай тас, томар, 

табанға кіретіндей тікен, көзге тиетіндей ағаш сияқты заттарды байқа-

ған адам, оларды міндетті түрде көміп тастау, алып тастау қа жет. Егер 

оларды көре тұрып көмбегендігі жəне алып тас та ма ған ды ғы себепті, 

ел-жұртқа ауру-сырқау тарап, адам өлсе немесе бі реу дің аяғы сынып, 

көзі шықса, сол зиянды нəрселерді көміп тас та ма ған, алып тастамаған 

адам – кісі өлтірген, пəле-қаза таратқан қан ды қол; аяқ сындырып, көз 

шығарған бұзық адам есептелетіндігі жө нін де егжей-тегжейлі түсінді-

ріп, перзенттерін ізгі ниетті жақсы адам бо лу ға баулиды.

АЛТЫ БАЙЛЫҚТЫҢ ҚАДІРІН ҰҒЫНДЫРУ

Қ

азақ халқы ұрпақ тəрбиесінде, тəрбиелік мазмұны бай, қам ти-



тын  көлемі  жан-жақтылы,  кең  болуына  баса  назар  аударып,  өмірдің 

жақ сы-жаман  тұстарын  жүйелі  ұғындырып,  өмірдің  аумалы-төкпелі 

болатынын,  басқа  бақ  қонып,  атақ-даңққа  бөленгенде  асып-тас пай, 

қиын дық көргенде саспай, үнемі кішіпейіл, халықшыл болу қа жет ті лі-

гін ерекше ескертіп, əрбір адам баласы өз тіршілігінде мынадай алты 

бай лық тың қадірін білу керектігін тəптіштей түсіндіріп отырған.



1. Жастықтың қадірін білу

Ж

астық шақтың екі айналмас алтын дəуір, өнер-ғылым үй ре не-



тін, əрқандай қиындықты бұйым құрлы көрмей, аңсаған арманға же-

тіп,  бақыт-байлық  жарататын,  арындаған,  жалындаған  кез  екендігін 

шынайы ұғынып жəне оны ғанибет біліп, жастық шақты мəнді, ма ғы-

на лы өткізуге күш салу керек. Яғни, «жас болсаң – білім жиып бой-

лап  өс,  қартайсаң  –  қасиетті  ойға  көш»  деген  даналықты  есте  берік 

сақ  тап, «жас кезімде бейнет бер, қартайғанда дəулет бер» дейтін ха-



54

54

лық даналығының мəніне терең үңіліп, жас дəуренді қадірлеп, аялап, 



оны  бос  ойын-күлкімен  өткізбей,  бойда  күш-қайрат  бар  кезде  өнер-

ғы  лым, үлгі-тағылым үйреніп, қартайғанда адал еңбегі мен ащы те рі-

нің игілігін көру, халыққа, Отанға, туған жерге бақыт-байлық жарату, 

яғни, жас дəуренді ойын-күлкімен өткізіп жіберіп, бойдан қуат, бастан 

ақыл кемігенде «қап!» деп өкініп қалудан сақтану. Жастықты – тең-

дес сіз бақыт-байлық деп білу. 

Бұл тəрбиенің де өзіндік маңызы бар. Ол ұрпақтарды жастық шақ-

ты қадірлеп мəн-мағыналы өткізуге, жастайынан өнер-білім үйреніп, 

хал қы на, Отанына адал қызмет етуге, мəдениетті, өнегелі болуға же-

те лей ді.



2. Денсаулықтың қадірін білу

Қ

азақ  халқы  «бірінші  байлық  –  денсаулық»  деп  денсаулықты 



бə рі нен  жоғары  қояды  əрі  үнемі  «денімді  сау,  басымды  аман  қыл» 

деген игі тілекте болып, түрлі əдіс-шараларды қолдана отырып, ден-

сау лық тың қадір-қасиетін ұғынуды дəріптейді. «Ауру – астан» деген 

аталы сөзді есте берік сақтап, тазалық пен ішіп-жемге ерекше кө  ңіл 

бөлуді;  денсаулыққа  зиянды  нəрселермен,  лас,  бұзылған  азық-тү  лік 

пен сусындықты пайдаланбау, шектен тыс тойып тамақ ішпеу, уа ғын-

да, қалыпты тамақтануға əдеттену; түрлі жұқпалы аурулар мен дене 

мү ше ле рін зақымдайтын жаман əдеттерден аулақ болып, ден сау лық-

ты сақ тау ды үйретеді. 

Бұл тəрбие ұрпақтарды дені сау болып есейіп-ержетуге же те лейді.



3. Өмірдің қадірін білу

Ә

рбір  адам,  өмірге  ой  көзімен,  биік  адамдық  ақыл-парасатпен 



қа рау, жарық күнді қадірлеп, жақсы өмір сү  ру  ге дағдылану, өнер-бі-

лім, үлгі-тағылым үйреніп, өмірдің мəн-ма ғы на сын арттыру; əр күн, 

əр сағаттың қадір-қасиеті мен қым ба тын жете тү сі ніп, арайлап атқан 

таң ды ғанибет білу; «ақыры өтетін өмір ғой» деп ойына келгенді іс-

теп, айналаңа лаң салып, адамдық өмір дің қа сие ті мен мəн-ма ғы на сын 


55

55

жо ғал тып алудан сақтану керек. 



Бұл тəрбие ұрпақтарды өмірді мəнді, мағыналы өткізуге, өнер-ғы-

лым ды меңгеріп, үлгі-өнегелі болып, өтіп жатқан уақыттың қа дір-қа-

сиет те рін арттыруға баулиды. Жаман əдет, жағымсыз іс-қы лық тар дан 

ау лақ болуға жетелейді.



4. Халықтың қадірін білу

Х

алық – күллі бақыт-байлықтың қайнары, өнер-ғылымның қам-



ба сы,  дүниенің  қожасы  екенін  шынайы  түсіну  тиіс.  Халықсыз  қара 

жер  де  құлазитындығын  ұғыну;  əрдайым:  «халқымнан  айыр ма,  хал-

қым ды қор қылма» деген игі тілекте болу; шен-шекпен, атақ-даңқ қа 

бө ле ніп, қолда қуат, бойда жігер, баста ақыл толық кезде ха лық қа кө-

бі рек  қызмет  істеу;  халықтың  ұлылығын,  күштілігін,  қа һар лы лы ғын 

ұмыт  пау;  қадір-қасиетін  ардақтап,  қуанышына  қуанып,  қай ғы-қа сі-

ре ті не  ортақтаса  білу;  əр  кез  өзін  халықтан  жоғары  қоймау;  хан ның 

ісі – қараға, шалдың ісі – балаға түсетін күндер туатынын еш қа шан 

естен шығармау; қашанда халықпен бірге болып, олармен тағ дыр лас, 

тыныстас болу; халықты қараламау, көпке топырақ шашбау ке рек ті гін 

білу тиіс. 

Бұл тəрбие ұрпақтарды халықшыл, көпшіл болуға жетелеп, сана-

сын жоғарылатады. Кішіпейіл болуға дағдыландырып, менмендіктен, 

тəкаппарлықтан аулақ болуға баулиды.



5. Туыс-туған, дос-жаранның қадірін білу

Е

сейген əрбір адам баласы туыс-туған, дос-жаранның – өзі үшін 



шек сіз байлық, өлшеусіз рухани тірек екендігін жете ұғынып, «туыс-

ту ған,  дос-жараның  –  байлығың,  сейілтетін  қара  бұлтын  қай ғы ның» 

де ген де йін, «туыс-туған, дос-жарандарымнан ерте айырма» деген ха-

лық  даналықтарын  есте  берік  сақтай  отырып,  қамшының  сабындай 

келте ғұмырда барша адам баласының бір-біріне қонақ екендігін жете 

ұғынып, əр жолғы дидарласу мен аман-сəлем жасасудың өзін бір ға-

ни бет біліп, бір-бірін қадірлеп, құрметтеп, сыйлап, қолдан келген кө-


56

56

ме гін жасап отыру керек; аз күндік өмірде өзара аңдысып, дауласып-



жауласып жүріп, бір-бірінен айырылып қалған күні: «əттеген-ай!» деп 

өкі ніп  қалудан  сақтану;  басыңа  бақ  қонып,  дəулетің  мол  кезде  жат 

жан дар дың да маңайыңа құмырысқаша қаптап, басыңа іс түскенде тек 

туыс-туған, дос-жарандардың ғана қабырғасы қайысатынын ұмыт пау; 

дос-жаран, туыс-туғаннан қол үзіп қалудан аулақ болу керек. 

Бұл тəрбие ұрпақтарды бауырмалдыққа, береке-бірлікке, та ту лық-

қа  жетелеп,  адамдарды,  тасбауырлықтан,  рақымсыздықтан,  қа ті гез-

дік тен арылтып, адамдық сүйіс пеншілікті арттырады.



6. Қолда бардың қадірін білу

Қ

асыңдағы,  ауыл-аймағыңдағы  үлгі-тағылым,  өнер-білімде 



өзің  нен мойны озық адамдарды қадірлей біл. Оларға құрметпен қара. 

Бі  лім ді адамдар мен ұлы адамдардың өте елеусіз, қарапайым болаты-

нын ұмытпа. Ешқашан да оларды: «кеше менімен бірге жүрген, бір  ге 

тұр ған, атақ-абыройы мен мал-дүниесі маған жетпейтін» деп олар  -

дың  да на лы ғын,  тапқырлығын,  игілігін  көргенде  көрмеске  салма, 

қыз ған шақ тық қа, күншілдікке бой алдырма. «Қолда барда ал тын ның 

қа ді рі жоқ, қолдан шығып кеткен соң өкіндім-ай!» деп өкініп қа лу-

дан сақтан. 

«Барында  пара-пара,  жоғында  жүзі  қара»  дегеннің  аяғын  құшпа. 

Қо лың да бір жармақ болса да шүкірлік қыл. Соның өзін шексіз бай-

лық қа балап үнемдеп, қадірлеп істетсең, соның өзі нысапсыз бен то-

йым сыз дың шексіз байлығынан мəнді болады. Қолда мал-дүние бол-

са, «бол ған-толған деген осы» деп албаты шашып, орынсыз жұм сап 

ысырап қылма. Мал-дүниені үнемдеп жұмса. «Үнемшілдік – бай лық-

тың жартысы» деген даналықты есте берік сақта. 

«Қолда бардың қадірін білу» дегендік ұрпақтарды өнер-ғы лым ды 

қадірлеуге;  өнерлі,  білімді  адамдарды  құрметтеуге;  ұқыпты,  үнем-

шіл  болуға;  мал-дүниені  өнер-ғылым  жолына  жұмсауға  же те лей ді. 

Жағымпаздықтан, мал-дүниеге бой ұрып, байлар мен шен-шек пен ді-

лер ге табынушылықтан тыйып, биік өнер жолын қууға, қолда барды 



57

57

қа дір леу ге, кішіпейіл, əдепті, ибалы болуға, нысапты, тойымды бо лу-



ға баулиды.

ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРЫ

Бала – перзент, ұрпақ.

Ұл – кəмелетке толмаған ұл бала.

Қыз – кəмелетке жетпеген əйел бала.

Бозбала – бойдақ, жас жігіт.

Бойжеткен – ержеткен, бой түзеген қыз.

А

лайда,  қазақ  халқы  ұзатылған  қыздарын  сексенге  келіп  сел-



кіл деп отырса да «қыз» дейді. Ұзатылған қыздар төркініне келгенде 

ер кін  сөйлейді.  Үлкен-кіші  туыстары  оны  ауыр  алмай  көтереді.  Тө-

мен отырмай, ата, ағаларымен қатар төрге отырады. Жеңгелеріне, ке-

лін де рі не еркелеп сөйлеуге де, əмір бере сөйлеп, айбат көрсетуге де 

хақы бар. Жеңгелері мен келіндері оның бəрін күле отырып, ке ші рім-

мен қабылдайды. Себебі, қазақ халқы қыздың жолы үлкен болады деп 

ерекше құрмет көрсетеді.

Əке – перзенттің атасы.

Шеше – перзенттің анасы.

Үлкен əке – əкенің ағасы.

Кіші əке – əкенің інісі.

Үлкен шеше – шешенің абысыны.

Кіші шеше – шешенің ажыны.

Өгей əке – əкесі өліп немесе ажырасып кеткен соң, шешесі тиген 

ер адам.

Өгей шеше – туған шешесі қайтыс болып немесе ажырасып кет-

кен соң, əкесімен үйленіп, шеше орнын басқан əйел.

Баба – əкесінің əкесі.

Əже – əкесінің шешесі.

Нағашы ата – шешесінің əкесі.

Нағашы əже – шешесінің шешесі.


58

58

Кіндік шеше – туған кезде кіндігін кескен əйел (қыз бала болса – 



кіндік апа).

Кіндік əке – туған кезде кіндігін кескен ер адам (ұл бала болса – 

кіндік аға).

Аға  жасы өзінен үлкен ер адам.

Апа – өзінен үлкен əйел адам (қыз).

Ағайын – аталас, туыстас, ағайын адамдар.

Туыс – ағайын, жақын, туысқан адамдар.

Іні – өзінен кіші ер адам.

Қарындас – ер адамдардан жасы кіші əйел (қыз).

Сіңлі – қыздар мен əйелдерден жасы кіші əйел адам (қыз).

Бауыр – бірге туысқан жақын адамдар.

Жамағайын – аталас, ағайын адамдар.

Жеңге – ағаның əйелі.

Келін – баланың немесе інісінің əйелі.

Қайын жеңге – күйеу жігіттің қайын ағасының əйелі.

Қайын келін – күйеу жігіттің қайын інісінің əйелі.

Балдыз келін – бірге туған бауырына тиген əйелінің сіңлісі.

Жиен – ұзатылған қыздан туған бала.

Жиеншар – жиеннен туған бала.

Дегеншар – жиеншардан туған бала.

Көгеншар – дегеншардан туған бала.

Жиен  іні  –  ұзатылған  қыздан  (əпке-қарындастан)  туған,  өзі нен 

жасы кіші ер адам.

Жиен қарындас – ұзатылған қыздан туған өзінен жасы кіші əйел 

(қыз) (ерлерге қаратылған).

Жиен күйеу – жиен қыздарының күйеуі.

Жиен келін – жиендерінің əйелі.

Жиен жезде – жиен əпкелердің күйеуі.

Жиен күйеу – жиен қыздарының күйеуі.

Жиен  сіңлі  (əйелдерге  қаратылған) – ұзатылған  қыздан  (əпке-

сіңлілерден) туған, өздерінен жасы кіші əйел (қыз).

Жиен апа – ұзатылған қыздан туған өзінен жасы үлкен əйел (қыз).

Жезде – апаның (əпкенің) күйеуі.

59

59

Күйеу – некелі əйелдің ері.



Күйеубала  –  ұзатылған  қыздың  немесе  қарындас  сіңлілердің  кү-

йеуі.

Қайын ата – əйелінің əкесі.

Қайын ене – əйелінің шешесі.

Қайын аға – əйелінің ағасы немесе күйеуінің ағасы.

Қайын іні – əйелінің інісі немесе күйеуінің інісі.

Қайын бике – əйелінің апайы немесе күйеуінің апасы.

Балдыз – əйелінің сіңлісі.

Қалыңдық – күйеуге атастырып қойған қыз.

Бажа – əйелінің əпке-сіңлілерінің күйеулері.

Нағашы аға – шешесінің аға-інілері.

Нағашы іні – шешесінің аға-інілерінен туған, өздерінен жасы кіші 

ер адам.

Нағашы  қарындас  –  (ерлерге  қаратылады)  шешесінің  туыста-

рынан туған, өзінен жасы кіші əйел (қыз).

Нағашы жеңге – нағашы ағаларының əйелі.

Нағашы келін – нағашы інілерінің əйелі.

Нағашы жезде – нағашы əпкенің күйеуі.

Нағашы күйеу – нағашы қарындас, нағашы сіңлілердің күйеуі.

Бөле – туысқан қыздардан туған бала.

Қарын бөле – бір ата, бір анадан туған, қыздардан туылған бала.

Бөле аға – бөле ерлердің жасы үлкені.

Бөле əпке – бөле қыздардың жасы үлкені.

Бөле  қарындас  –  бөле  қыздардан  туған,  өзінен  жасы  кіші  əйел 

(қыз).

Бөле сіңлі – бөле қыздан туған, қыздардың өзінен жасы кішісі.

Абысын – қайын ағаның əйелі (əйелдерге қаратылған).

Ажын – қайын інінің əйелі (əйелдерге қаратылған).

Бөле жезде – бөле əпкенің күйеуі.

Бөле күйеу – бөле қарындастың немесе бөле сіңлінің күйеуі.

Бөле келін – бөле інінің əйелі.

Төркін  ұзатылған қыздың ата-ана, ел-жұрты.

Қайын жұрт – əйелінің туыс-туған, ел-жұрты.

60

60

Ағайын жұрт – ер адамдардың туыс-туғандары мен ел-жұрты.



Нағашы жұрт  шешелерінің туыс-туғандары мен ел-жұрты.

Бел бала  ата-ананың өзінен туған төл перзенті (бірінші ұрпақ).

Немере – ұлынан туған бала (екінші ұрпақ).

Шөбере – немеренің баласы (үшінші ұрпақ).

Шөпшек – шөберенің баласы (төртінші ұрпақ).

Немене – шөпшектен туған бала (бесінші ұрпақ).

Туажат  неменеден туған бала (алтыншы ұрпақ).

Жүрежат  туажаттың баласы (жетінші ұрпақ).

Жегжат – жүрежаттан туған бала (сегізінші ұрпақ).

Туыстық атаулар адамдардың туыстық сүйіспеншілігін арттырып, 

өзара қарым-қатынасын нығайтып, барыс-келіс, алыс-берістерін жиі-

ле те ді.  Ұрпақтарға  туыстық  жақта  кімнің  алыс,  кімнің  жақын  екен-

ді гін  ұғындырады.  Адамдардың  қоғамдық  қарым-қатынасын  ке ңей-

те ді.  Ата-балалық,  аға-бауырлық,  іні-қарындастық,  туыс-ту ған дық 

байланысты айқындап, үлкен-кішілік жөн-жосынды түсінуге, адамзат 

қо ға мы ның  жалғастылығын,  ұласпалылығын  егжей-тегжейлі  ұғы ну-

ға мүм кін дік жасап, ұрпақтарды əдепті, ибалы, текті, тəрбиелі бо лу-

ға дағ  ды лан ды ра ды. Əртүрлі ұғыспастық пен түсініспеушілік салда-

рынан ұятты істерге жолығып қалудың алдын алады. Сондай-ақ, ата 

дəс түр дің  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып,  адамзат  қоғамының  баянды 

дамып, тыныш, орнықты, өркениетті, көңілді ортаға жаратуға мүм кін-

дік жасайды.



КҮН-ТҮН МЕЗГІЛДЕРІНІҢ АТАЛУЫ

Алакеуім  –  жер  беті  толық  жарықтанбай,  болар-болмас  боз-

ғылт тартқан мезгіл.

Құланиек – таң жаңа сыз берген мезгіл.

Таң сəрі – жерге жаңа жарық түскен мезгіл.

Таңертең – таң атқаннан сəскеге дейінгі мезгіл.

Сəске  күн шылбыр бойы көтерілген мезгіл.

Сиыр түс – күн арқан бойы көтерілген мезгіл.

Ұлы сəске – түске жақындаған мезгіл.

61

61

Түс – сағат 11–12 мезгілі.



Тал түс – сағат дəл 12 мезгілі.

Шаңқай түс – сағат 1-лер шамасы.

Ұлы бесін – сағат күндізгі 1–2-лер шамасы.

Кіші бесін – сағат күндізгі 3-тен өткен мезгіл.

Екінті – күн батуға жақындаған мезгіл.

Қызыл іңір – күн батқанмен, күннің қызылы батыстан əлі жо ға-

ла қоймаған мезгіл.

Кеш – күн толық батқан мезгіл.

Ақшам – қас қарайып, шам жағар мезгіл.

Іңір – алғашқы түн.

Жарым түн – түннің ортасы.

Түн – қас қарайғаннан таң атқанға дейінгі мезгіл.

УАҚЫТ ӨЛШЕМДЕРІ

Қас қағым – бір секунд.

Бір минут – 60 секунд.

Бір сағат – 60 минут.

Сүт пісірім – 30–50 минут.

Шай қайнатым – 40–60 минут.

Ас пісірім – 1,5–2 сағат.

Ет асым – 2–3 сағат.

Бір күн – 12 сағат.

Бір тəулік – 24 сағат.

Бір апта – 7 күн.

Бір ай – 30 күн.

Бір жыл – 365 күн.

АЙ, КҮН, ЖЫЛ ЖƏНЕ МАУСЫМ АТТАРЫ

Қ

азақ халқы ай, күн, жылдарға реттік сан есімін қойып атаудан 



тыс,  əр  күн,  əр  ай,  əрбір  жылдарға  ат  қойып,  ай,  күн,  жыл  аттарын 

сол бойынша атаған. Мысалы, бүгін, яғни, осы күнді аптаның бі рін  ші 



62

62

күні десек, онда оны – дүйсенбі, ертең – сейсенбі, бүрсігүні – сəр сен бі, 



арғы күн – бейсенбі, қасиетті күн – жұма, соңғы күн – сенбі, азы на – 

жексенбі деп, бір аптадағы жеті күнге жеке-жеке ат қойып атайды.

Ай аттары да өзіндік атаулармен аталады. Мысалы: 

1-ай – ақпан (үштік айы) 

2-ай – бірдің айы 

3-ай – көкек

4-ай – мамыр

5-ай – маусым

6-ай – шілде

7-ай – тамыз 

8-ай – мизам 

9-ай – қазан 

10-ай – қараша

11-ай – желтоқсан 

12-ай – қаңтар

Осы 12 айды көктем, жаз, күз, қыс деп 4 маусымға бөлген.

Қазақ халқының жыл аттары да өзгеше аталады.

Мысалы,  жыл  басы,  яғни,  бірінші  жыл  –  тышқан,  екінші  жыл  – 

сиыр, үшінші жыл – барыс, төртінші жыл – қоян, бесінші жыл – ұлу, 

алтыншы жыл – жылан, жетінші жыл – жылқы, сегізінші жыл – қой, 

то ғы зын шы жыл – мешін, оныншы жыл – тауық, он бірінші жыл – ит, 

он  екінші  жыл  –  доңыз  деп  атап,  он  үшінші  жылы  қайта  жыл  басы 

тыш қан нан басталып, яғни, он үшінші жылды «бір мүшел», 25 жылды 

«екі  мүшел»,  37  жылды  «үш  мүшел»  деп,  ары  қарай  қайталап  жал-

ғас ты рып  отырады.  Мысалы,  белгілі  біреу  1901  жылы  туылған  бол-

са, онда оның жылы сиыр болады. Ал тағы біреу 1954 жылы туылған 

болса, онда оның жылы жылқы болады. 2003 жылы туылған баланың 

туыл ған жылы қой болады.

Егер жыл қайыруды білмесеңіз, оның оқасы жоқ, өзіңіздің туыл ған 

жылыңызды  12-ге  бөліп,  шыққан  нəтижесіне  қарасаңыз,  жы лы ңыз-

дың не екенін оп-оңай біліп аласыз, яғни, өзіңіздің туылған жы лы ңыз-


63

63

ды 12-ге бөлгенде, ол қалдықсыз бөлінсе, онда оның нəтижесін «нөл» 



деп  есептейміз  де,  туылған  жылын  «мешін»  дейміз.  Ал  бір  қал дық 

қал са – «тауық», екі қалдық қалса – «ит», үш қалдық қалса – «до ңыз», 

төрт қалдық қалса – «тышқан», бес қалдық қалса – «сиыр», алты қал-

дық қалса – «барыс», жеті қалдық қалса – «қоян», сегіз қалдық қал са – 

«ұлу», тоғыз қалдық қалса – «жылан», он қалдық қалса – «жыл қы», он 

бір қалдық қалса – «қой» болады, яғни, төмендегідей: 

0 – Мешін

1 – Тауық

2 – Ит

3 – Доңыз



4 – Тышқан

5 – Сиыр


6 – Барыс

7 – Қоян


8 – Ұлу

9 – Жылан

10 – Жылқы

11 – Қой.

Мысалы,  белгілі  бір  адам  1800  жылы  туылған  болса,  1800-ді  12-

ге  бөлеміз.  Сонда  ол  12-ге  150-ден  қалдықсыз  бөлінеді.  Сондықтан 

оны жоғарыдағы қағида бойынша, «0» деп есептеп, 1800 жылы туыл-

ған  кісіміздің  туған  жылын  «мешін»  деп  көрсетеміз.  Ал  енді  бі реу 

1901  жылы  туылған  болып,  оның  жылының  не  екенін  білмек  бол-

сақ, 1901-ды 12-ге бөліп жіберсек, ол 158-ден тиіп, 5 қалдық қа ла ды. 

Жоғарыдағы қағидамыз бойынша, 5 қалдық сиырға уəкілдік ете  ді, де-

мек, бұл кісіміздің жылы «сиыр» деген сөз. Ал 2002 жылы туыл ған 

бір баланың жылы не екенін білмек болсаңыз, 2002-ны 12-ге бө ле сіз. 

Нəтижеде  ол  166-дан  тиіп,  10  қалдық  қалады.  Жоғарыдағы  қа ғи да-

мыз бойынша, 10 қалдық жылқыға уəкілдік ететіндіктен, бұл ба ла ның 

жылы жылқы болады. Міне, осы қағида бойынша, əрбір адам өзі  нің 

де, өзгенің де жылының не екенін біліп алуына болады.


64

64



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет