Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет6/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

ӨЛШЕМ БІРЛІКТЕРІ

Бір мысқал – 5 грамм шамасындағы ауырлық.

Бір сəрі – 10 мысқал ауырлық.

Бір қадақ – 400 грамм мөлшеріндегі ауырлық.

Бір пұт – 16 килограмм ауырлық.

Бір қап – 60 килограмға жуық ауырлық.

Бір батпан – 160 килограмм ауырлық.

Бір елі – бір жарым сантиметр мөлшеріндегі қалыңдық (ұзындық).

Бір тұтам – 7–10 сантиметр шамасындағы ұзындық.

Бір сүйем – бас бармақ пен сұқ саусақтың ашқандағы аралығы, 

яғни, 15–18 сантиметр мөлшеріндегі ұзындық.

Сынық сүйем – басбармақты жазып, сұқ саусақты бүгіп, аш қан-

да ғы аралық, яғни 10–13 сантиметр мөлшеріндегі ұзындық.

Бір қарыс – алақанды толық жазғандағы басбармақ пен шы на-

шақ  тың аралығы, яғни, 20–25 сантиметр мөлшеріндегі ұзындық.

Бір  құлаш  –  екі  қолды  екі  жаққа  жайғандағы  ара  қашықтығы, 

яғни, бір жарым да екі жарым метр мөлшеріндегі ұзындық.

Бір табан – 20–28 сантиметр мөлшеріндегі ұзындық.

Бір адым – жүрген кездегі екі аяқтың аттау (басу) қашықтығы, 

яғни 10–60 сантиметр мөлшеріндегі ұзындық.

Бір аттам – аяқты созып бір аттаған аралық 50–80 сантиметр 

мөлшеріндегі ұзындық.

Бір  шымшым  –  басбармақ  пен  сұқ  саусақ  арқылы  қысып  алған 

зат. Ол қысып алған заттың ауыр-жеңілдігіне қарай бірнеше грамм, 

тіпті, бірнеше мысқал болуы да мүмкін.

Бір шөкім – төрт саусақтың ұшымен бір рет қысып алған зат. 

Ол  қысып  алған  заттың  ауыр-жеңілдігіне  қарай  бірнеше  он  грамм, 

тіпті, мысқал болуы да мүмкін.

Бір  уыс  –  бес  саусақты  ашып,  алақанмен  бір-ақ  уыстап  алған 

зат. Ол уыс тап алған заттың ауыр-жеңілдігіне қарай бірнеше жүз 

грамм, тіпті, бірнеше килограмм шығуы да мүмкін.

Бір  асым  ет  –  бір  отбасының  бір  жолғы  тамақтануына  (асып 

же уі не) толық жетерлік ет. (3–5 килограмм мөлшерінде).

65

65

Бір  қайнатым  шай  –  бір  отбасының  бір  рет  қайнатып  ішуіне 



жетерлік шай.

Бір салым тұз – бір үйлі жанның бір жолғы тамағына же тер лік 

тұз.

Бір жапырақ нан – бір нанның белгілі бір бөлегі, яғни, жа пы рақ-

тай нан.

Бір жұтым су – бір рет жұтып, сусын қандыралық су.

Бір ұрттам су – бір ұрттам, таңдай жібітерлік қана су.

Бір кез – 70 сантиметр мөлшеріндегі ұзындық.

Бір аршын – 71 сантиметр айналасындағы ұзындық.

Бір шақырым – 1000 метр қашықтық.

Əудем жер – 100–150 метр мөлшеріндегі жер.

Қозы көш жер – 3–4 километр шамасындағы жер.

Тай шаптырым жер – 2–3 километр шамасындағы жер.

Құнан шаптырым жер – 4–5 километр мөлшеріндегі жер.

Ат шаптырым жер – 6–7 километр мөлшеріндегі жер.

Сəскелік жер – 10–12 километр мөлшеріндегі жер.

Түстік жер – 15–20 километр мөлшеріндегі жер.

Көш жер – 20–30 километр мөлшеріндегі жер.

Күндік жер – 40–60 километр мөлшеріндегі жер.

Ит өлген жер – өте ұзақ, алыс жер.

Айлық жер – бір ай жүргенде жететін жер.

Жылдық жер – бір жылда жететін жер.

ҚАЗАҒА ҚАТЫСТЫ АТАУЛАР

Қ

азақ  халқы  тілге  төтенше  бай  халық,  оның  өлім-қазаға  қа-



тыс ты  атауларының  өзі  ұшан-теңіз.  Мысалы,  қаза  болды,  өлді, 

дү ние ден  өтті,  дүниеден  кетті,  дүниеден  озды,  дүниеден  қайтты, 

дəм-тұзы тау сылды, ризығы бітті, тататыны таусылды, мерт болды, 

қаза тапты, дүние салды, көз жұмды, ажалы жетті, ажал оғы тиді, 

ажалы  кел ді,  ажал  қармағына  ілінді,  ажал  қармағына  түсті,  ажал 

аузына  түсті,  ажал  құрығына  ілінді,  дəм-тұзы  бітті,  ақырет  жас-



66

66

танды, үзі ліп кетті, өмір шамы өшті, жан үзді, ажал сағаты жетті, 



тағдыры біт ті, тағдыры жет ті, тағдыры таусылды, жаны тұғырдан 

құлады, жаны тұғырынан ұшты, жаны тұғырынан тайды, опат бол-

ды, өлшеулі күні біт ті, шектеулі уақыты таусылды, жантəсілім бол-

ды, жан тапсырды, жан берді, Алланың аманатын берді, Алланың 

аманатын тапсырды, Алла аманатын алды, Алла аманатын əкетті, 

жан үзді, жаны жан нат қа кет ті, жанын жаһаннамға тапсырды, жер 

жас танды, қыр шы ны нан қиыл ды, жерге кірді, жер жұтты, жұлдызы 

сөнді, көрге кірді, шы ра ғы өшті, күні бітті, қазаға ұшырады, қазаға 

жолықты, қайтпас жол ға сапар шек ті, ай-күні бітті, жарығы сөнді, 

фəниден бақиға кет ті, о дүниеге аттанды, о дүниелік болды, тыны-

сы бітті, жүрегі тоқ та ды, т.б. 

Жоғарыдағылардан тыс, қаралы болды, қара жамылды, қара тік ті 

деген сияқты қазаға қатысты қыруар атаулар бар.

1. Қаралы ел

Х

ан-патша, елбасы, қолбасы, би, т.б. бүкіл елге қадірлі, сыйлы 



адам да рының бірі қайтыс болып, аза тұтып отырған елді «қаралы ел» 

деп атайды.



2. Қаралы ауыл

« Қ


аралы ауыл» деп ауылы немесе ру-тайпасындағы бетке ұс-

тар батыр, балуандары мен би, ауыл ақсақалы жəне бет-беделді аза-

маттары,  ақын-жыраулары  қайтыс  болып,  соған  байланысты  аза  тұ-

тып отырған ауылдарды айтады.



3. Қаралы үй

« Қ


аралы  үй»  деп  отбасынан  бір  адамы  қайтыс  болып,  соған 

байланысты қара тігіп, бата оқыр күтіп отырған үйді айтады.



67

67

4. Қаралы əйел

« Қ

аралы əйел» деп күйеуі өліп қара жамылып, бата оқыр кү тіп 



отырған əйелді айтады.

5. Қаралы қалыңдық

« Қ


аралы қалыңдық» деп айттырып (құда түсіп) қойған, бірақ, 

бас құрап некеленбей тұрып жігіті қайтыс болып кеткен қыздарды ай-

тады.

6. Қаралы жігіт

« Қ


аралы жігіт» деп айттырып (құда түсіп) қойған, бірақ, қа-

лың ды ғы үйленбей тұрып қайтыс болып кеткен жігітті айтады.



7. Қаралы тең

« Қ


аралы  тең»  деп  қайтыс  болған  адамның  киім-кешек,  мал-

мүлкін салып буған теңді айтады.



8. Қаралы ер-тұрман

« Қ


аралы ер-тұрман» деп қайтыс болған кісінің көзі тірісінде 

мін ген,  алайда,  иесі  қайтыс  болған  соң  тұлданған  ер-тұрманын  ай-

тады.

9. Қаралы дауыс

« Қ


аралы дауыс» деп марқұм болған адамның əйелі мен келін-

кепшік, қыз-қырқындары айтатын көріс-жоқтауларын айтады.



68

68

10. Қаралы күн

« Қ

аралы  күн»  деп  жанашыр  жақын  туыс-туғандары  мен  ел 



қам қо ры  болған  хан-сұлтан,  батыр-балуан  би,  т.б.  қайраткерлерінен 

айы рыл ған ауыр қайғылы күнді айтады.



11. Қара тікті

« Қ


ара тікті» деген қадірлі қариясы немесе отбасының бір мү-

ше сі қайтыс болған үйдің, отбасына шаншылып, ұшы шаңырағынан 

шы ға рыл ған немесе оң жақ белдеуіне шаншылған найза ұшына қа ра-

лы ту ілді деген сөз.



12. Қаралы болды

« Қ


аралы болды» деген өлімді болды, отбасынан біреу қай тыс 

болды, басына өлім қайғысы түсті деген сөз.



13. Қара жамылды

« Қ


ара  жамылды»  деген  күйеуі  өлді,  өлімді  болды,  аза  тұт ты 

деген сөз.



14. Қарасын алды

« Қ


арасын алды» деген өлімді болып немесе күйеуі өліп қара 

жа мыл ған əйелдердің, марқұм болған кісінің бата оқыры аяқтап, асын 

берген соң, аза тұтудан босатылды (босады) деген сөз.

15. Қарасын жықты

« Қ


арасын  жықты»  деген  қайтыс  болған  кісінің  бата  оқы  рын 

күту ақырласты, тіккен қарасын жықты, аза тұту мерзімі бітті деген 

сөз. 


69

69

Бұл атау – терминдердің қаралы болған ел-жұрт, əрбір отбасы, тіп-



ті, жеке адамдармен барыс-келіс, алыс-беріс жасау, естірту, хабарлау, 

көңіл  айтып  жұбатуда  өзіндік  айтылатын  орны,  атқаратын  мін де ті 

бар. Орнымен айтылған бір ауыз сөз достық пен сүйіспеншілікті арт-

тырса, ал, қаралы істерде орынсыз айтылған жалғыз ауыз сөз қа ра лы 

жандардың қайғысын қалыңдатып, өшпес өштік тудыруы ға жап емес. 

Əне, сондықтан да қазақ халқының қазаға қатысты атау ла ры ның ғы-

лыми негізі мен тəрбиелік мəні өте терең.

МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖОРАМАЛДАР

Қ

азақ халқы сан ғасырлық ұзақ өмір тəжірибесінде адам дар дың 



қимыл-қылық,  іс-əрекетін  бақылау,  зерттеу  арқылы  олар  дың  мінез-

құлқына  əртүрлі  жорамалдар  жасап,  анықтама  беріп  отыр ған.  Қазақ 

ұғымында адам – ұлы табиғаттың туындысы, ол топырақ, су, жел жəне 

от сияқты төрт заттан құрам тапқан деп қарап, жалпы адамзатты то-

пырақ тегі басым адам, су тегі басым адам, жел тегі басым адам жəне 

от тегі басым адам деп үлкен төрт топқа бөліп жəне əр адам ның өзіне 

тəн  жұлдызы  болады  деп,  оларға  жеке-жеке  мынадай  мі нез-құлық 

анықтамасын берген.



Топырақ тегі басым адамдар

Т

опырақ  тегі  басым  адамдардың,  яғни,  топырақ  жұлдызды 



адам дар дың көзге ұрар ерекшелігі – байсалды, сабырлы болады. Се зі-

мін ақылға жеңдіреді, өздерін құрметтеу сезімдері күшті, уəде-сертке 

бе рік, махаббат сезімі айқын болады, достық пен тыныштықты сү йе ді, 

мақ тан ға бой ұрмайды. Алайда, барлық іске күмəнмен қарайды, ең бе-

гін бұлдап, ел көзіне түсе беруді қаламайды. Сыйласқанға адал, ме йір-

бан, қарсы келгендер мен өзімшіл, озбырларға қатал келеді. То  пы  рақ 

тек ті лер дің  бұл  мінез-құлқы  жер  ананың  мейірленіп  иі ген де  шек  сіз 

жомарт, қаһарланғанда дүниені зілзала қып төңкеріп тастайтын қа сие-

ті мен байланысты деп қарайды.


70

70

Топырақ тектілердің басты кемшілігі: өте бірмойын, өзімшіл, бір 



нəр се ге сенсе оған шек келтірмейтін, тіпті, оның қателігі көзге кө рі-

ніп  тұрса  да,  наным-сенімін  өзгертпейтін,  жаңалыққа  жатырқауық, 

дəс түр шіл келеді. Қоғамдық қарым-қатынас пен махаббат, неке іс те-

рін де  топырақ  тегі  басым  адамдар  өзара  жолдас,  дос,  сабақтас,  сап-

тас,  қызметтес  болса,  қатынастары  қағидалы  болады.  Өзара  əң гі ме 

қозғағанда  əңгімелері  жарасып,  өздерін  ұмытып  кетеді.  Өзара  үй ле-

ніп, жанұя құрса, жұлдыздары жарасқан жұбайларға айналып, ын ты-

мақ та ры  артады.  Ал,  тіл  табыса  алмаса,  өмірдегі  ең  мазасыз  отбасы 

болады. Екі жұлдыз отаспайды. Себебі, топырақ тегі басым адамдар 

кө бін де сыр сақтағыш, аз сөзді келетіндіктен, олар ерлі-зайыпты бола 

тұр са  да  ішкі  сырларын  бүгіп  отыратындықтан,  бір-біріне  күдікпен 

қа рай ды  да,  сырласып,  əңгімелесе  қалса,  бір-біріне  тəкаппар  пози-

ция  ұстайды.  Өз  көзқарастарын  қарсы  жақтарына  таңуға  тырысады. 

Міне, соның салдарынан қайшылық асқынып, отбасылары ұрыс-керіс 

оша ғы на  айналады.  Егер,  топырақ  тегі  басым  ерлер  мен  от  тегі  ба-

сым əйелдер шынайы түсінісіп бас құраса, онда, олар қосақтарымен 

қоса ағаратын тату-тəтті жұбайларға айналады. Жұлдыздары жараса 

ке те ді. Шынайы түсініспеген ондай отбасыларының ері шен-шекпен, 

атақ-даңқты болса, əйелі отбасы ісіне жанын сала кіріседі, ал, қа тар-

да ғы  қарапайым  адам  болса,  онда  əйелі  ерінің  құлағына  ты ныш тық 

бер мей ді.  Соның  салдарынан  қайшылықтары  асқынып,  екеуі  де  ти-

тық тай ды. Жұлдыздары суық тартады. Ал, топырақ тегі басым еркек 

пен су тегі басым əйелді тағдыр қосса, олар жарасымды отбасын құ ра-

ды. Жұлдыздары жарқырай түседі. Тіл табыса алмаса, бір-бірінен тез 

суынады. Жұлдыздары ызғар шашады. Себебі, топырақ тектілер бір-

мо йын, қатал, сыр сақтағыш, аз сөзді болатындықтан, əйелі оған төзе 

алмай, қырсық мінез көрсетеді. Қоғаммен араласқысы келсе, ері оны 

ұнатпайды. Сөйтіп, аралары тез суынып, берекесіз отбасының бі рі не 

айналып шыға келеді. Егер, топырақ тегі басым ерлер мен жел тегі ба-

сым əйелдер қосылса, екі ғашық махаббат əлдиіне тербеліп, дү ние де гі 

ең бақытты отбасына айналады. Жұлдыздары құп жарасады. Əр қай-

сы сы  өздеріне  тиесілі  шаруаларымен  шұғылданып,  бір-бірінің  ісіне 

араласпайды.  Алайда,  ері  сырын  бүкпелеп,  əйелімен  ашық-жарқын 


71

71

сыр лас пай тын дық тан, қайшылық туып, «жел гуілдеп, шаң борап» де-



гендей отбасыларына салқындық түсуі де мүмкін.

Су тегі басым адамдар

С

у  тегі  басым  адамдар,  яғни,  су  текті  жұлдызды  адамдар  –  өте 



секемшіл, бір нəрсенің анық-қанығына жетпей жаны жай таппайтын 

мазасыз,  пайда-зиян  десе  жанын  салатын,  достыққа  адал,  өзгелерге 

көмектескіш, көңілге алған мұрат-мақсаты жолында қауіп-қатер мен 

бодау  беруден  тайынбайтын  жанкешті  болады.  Кемшілігі  –  өзінен 

мықтыларға құлдық ұрғыш, тұрлаусыз келеді. Бастарына іс түссе тез 

жасиды, бақ қонса тез тасиды. Істері сəтсіз болса, адамдар мен қо ғам-

ға өшігіп, үміт-сенімін жоғалтады. Тіпті, кейбіреулері монтаны бола-

ды. Біліп тұрса да əдейі білместікке салып, өтірік аңқаусып тұ ра ды. 

Қарсы жағын түсінуге құлықсыз, өзіне қатыссыз істерге ара лас қыш, 

мақтаншақ келеді. 

Қоғамдық қарым-қатынас жəне махаббат, неке істерінде су тегі ба-

сым  адамдармен  су  тегі  басым  адамдар  жолдас,  дос,  қызметтес,  са-

бақ тас  болса,  тез  тіл  табысып  кетеді.  Жүрген-тұрған  жерлерін  жыр-

думанды,  көңілді  ортаға  айналдырады.  Өмірге  бейімделгіш  келеді. 

Кейде  аяқ  астынан  бүлініп,  аяқ  астынан  жарқ  ете  қалады.  Су  тегі 

басым  адамдардың  бұл  мінезін  су  жарықтықтың  кейде  асып-тасып, 

бар ған жерін тас-талқан етіп, жуып-шайып кетсе, кейде барша жан-

жануарлар  мен  өсімдіктердің  өн  бойына  сіңіп,  оларға  нəр  мен  жан 

бе ре тін  қасиетіне  ұқсайды.  Су  тегі  басым  ерлер  мен  су  тегі  басым 

əйел дер қосылса, екі өзен қосылып, табиғатқа көрік, жан-жануарлар 

мен өсім дік тер ге нəр беретіні сияқты, өмірлері мəнді өтеді. Тіпті, жас 

шамасы қан ша лық алшақ болса, солғұрлым тату-тəтті болады. Деген-

мен,  жастары  тұрғылас  болса,  онда  олардың  кейбіреулері  бірін-бірі 

бас қа ра мын  деп  үстемдікке  таласады.  Құдды  екі  арықтың  суын  бір 

арық қа құй са, арықты да, атызды да бүлдіретіні сияқты, бір отбасына 

сы  йыс  пай, ша ңы рақ та рын шайқалтып алады. Алайда, бір-бі рі нің ар-

тық-ке мі не тү сі ніс ті к пен қарап, бір-біріне жол берсе, онда тату-тəтті 

жұ бай лар ға айналады. Жұлдыздары мəңгі жарасып өтеді. Ал, су тегі 



72

72

басым  ерлер  мен  топырақ  тегі  басым  əйелдер  өзара  тағдыр  қос са, 



бір-бі рін  құр мет теп  аялайтын,  арман-тілектері  тоғысқан  ерлі-за йып-

ты лар ға айналады, Яғни «сусыз – топырақтың, топырақсыз – судың 

күні жоқ» дегендей, жұлдыздары жараса кетеді. Алайда, мұндай отба-

сында бас ты ки кіл жің ді əйел тудырады. Онда, əйел ерінің сырғақтығы 

мен та бан сыз ды ғын желеу етіп, қашанда өз айтқанын жөн санап тұ-

рып ала тын дық тан, күйеуі дүлей толқындай буырқанып шыға келеді 

де, со ның ая ғы нан шармаяқтасып, араларына салқындық түседі, яғни, 

то пы рақ сазарып, су сұрланады. Бірақ көп ұзамай жер ана иіп, толқын 

сабасына түсіп, бұлақтар сылық-сылық күліп, тағы бір тынысты өмір 

басталып кетеді. 

Егер,  су  тегі  басым  ерлер  мен  жел  тегі  басым  əйелдер  бас  құрай 

қал са, онда су бетінде ерке толқын ойнап, салқын самал есіп, екі жұл-

дыз жараса кетеді де, жан сүйінтер жақсы шаңыраққа айналады. От-

басылары əзіл-қалжың, дырдуға толы болады. Алайда, жел тегі басым 

əйел дер үй шаруасына мəн бермейтін, күйеуін отағасы деп қа ра май-

тын дық тан,  отбасылары  ретсіз,  шаруалары  өнімсіз  болады.  Ең  қиы-

ны – ері ақыл айтса, əйелі оны мүлде қабылдамайтындықтан, «жел-

ді тос қан са йын гуіл дей ді, суды бөгеген сайын көтеріледі» де ген нің 

кебін киіп, жұл дыз да ры қарсы адамдарға айналады. Отбасыларынан 

береке қа ша ды. 

Ал, су тегі басым ерлер мен от тегі басым əйелдер бас құраса, олар 

бір-бірін өліп-өшіп сүйетін бал жаласқан жұбайларға айналады. Жұл-

дыз да ры жайнап, жарқырап шыға келеді. Мұны су тегі басым адам дар-

дың жылуға, от тегі басым адамдардың суға əуестік қасиеттері бел гі-

лен ген. Алайда, олар бір-бірінің қасиетін дұрыс түсініп, өзара тіл табы-

са алмаса, онда олар басында бір-біріне қанша ынтық болған болса, со-

ңын да соншалық кектеседі. Тіпті, жұлдыздары мүлде жараспай кетеді.

Жел тегі басым адамдар

Ж

ел тегі басым адамдар, яғни, жел жұлдызды адамдар адал əрі 



əділ болады. Біреуге жақсылық істемек болса, өздерін ұмытып кетеді. 

Пайда-зиянмен есептеспейді. Аңғал əрі қамсыз келеді. 



73

73

Басты кемшіліктері: аузына келгенін айтып, ойына келгенін іс тей-



тін парықсыз əрі қырсық болады. Қандай бір игі іс болса да оны қол-

дап-қуаттамайды, қайта одан мін, тіпті, пəле іздейді. Өзгелердің ақыл-

ке ңе сін  қабылдамайды.  Белгілі  мақсат,  белгілі  көзқарасы  болмайды. 

Жақ сы лық ты  жамандықпен  қайтарады.  Рақым-шапағат,  обал-са уап 

көз қа ра сы аз болады. Маңайынан үнемі жақсылық пен жылулық көр-

ме се,  өмір ге  наразы  болып,  адамдарды  даттайды.  Өзіне  шаң  жуыт-

пайды. 

Қоғамдық  қарым-қатынас  жəне  махаббат,  неке  істерінде  мұндай 



қа сиет ке ие адамдар өзара қарым-қатынас жасаса, бір-бірін жатырқап-

жатсынбай  тез  тіл  табысады.  Бір-біріне  «айда,  батырлап»  дем  беріп 

отырады. Араларында «сенікі, менікі» дейтін шет-шекара, жүйелі тəр-

тіп  болмайды.  Ал,  өзара  тіл  табыса  алмаса,  бастары  қосылмай,  бет-

бе ті не кетеді. Тұрақсыздары мен сабырсыздары біршама көп болады. 

Егер мұндай адамдар тағдыр қосып некелессе, олардың жұлдыздары 

ал дегенде-ақ жараспайды. Əрқайсысы өзінікін жөн санап, отбасыла-

рына  онша  көңіл  бөлмейді.  Алайда,  оларда  жоғары  дəреже,  ерекше 

өнер болса, бірін-бірі демеп, «басы қатты болса, аяғы тəтті болады» 

дегендей, жұлдыздары жарасып кетеді. 

Жел тегі басым ерлер мен су тегі басым əйелдер некелесіп, үйлі-

баранды болса, олар өзара сəйкесіп, бір-бірін құрметтеп, аялап өтетін 

тату-тəтті  жұбайларға  айналады.  Жұлдыздары  жарқырап,  өз  жара-

сымын  табады.  Себебі,  мұндай  ерлі-зайыптылар  үнемі  бір-бірін  ма-

дақ тап,  көтермелеп  отыратындықтан,  отбасыларында  талас-тартыс, 

ұрыс-керіс аз болады. Ондай адамдар істі өз алдарына дербес істеуді 

ұна та ды, бір-бірін қақпайлап тежеуді қаламайды. Алайда, əйелдің мі-

незі  құбылмалы  болатындықтан,  кейде  оны  күйеуі  түсіне  алмайды. 

Бір-біріне сын-ұсыныс берсе, оны қабылдамай, аралары тез суынады. 

Тіп ті, тез ажыраса салады. 

Егер жел тегі басым ерлер мен от тегі басым əйелдер тағдыр қо-

сып,  бас  құраса,  бір-бірін  жақсы  түсінетін,  өзара  ақылдасып,  ке ңе-

сіп  отыратын  тату-тəтті,  жұлдыздары  жарасқан  жұбайларға  айна-

лады.  Араларында  əлде  бір  ұғыспастық  туыла  қалса,  бір-бірімен 

ерік ті  түрде  сырласып,  пікірлесіп,  мəселені  асқындырмай,  дер  ке-


74

74

зін де  шешіп  отырады.  Алайда,  мұндай  адамдар  бас  құраса,  отбасы 



екеумізге ортақ деп қа ра май ды. Қиындыққа жолықса бордай егі ліп, 

береке-бірліктерін жо ғал тып алады. Сөйтіп, отбасыларының бе ре ке-

сі қашады. 

Жел тегі басым ерлер мен топырақ тегі басым əйелдер некелессе, 

олар дың сүйіспеншіліктері терең, бір-бірін баурау қуаты күшті бола-

ды, яғни, жұлдыздары жарасқан ерлі-зайыптыларға айналады. Алай-

да,  жел  тегі  басым  ерлер  мен  топырақ  тегі  басым  əйелдер  бір-бірін 

кі нə ла ғыш, ойнап отырып тез отаса алмай қалады. Соның салдарынан 

отбасыларында ұрыс-керіс пен өкпе-реніш те аз болмайды.

От тегі басым адамдар

О

т тегі басым адамдар, яғни, от жұлдызды адамдар қарым-қа ты-



нас жасауға шебер (өзімен қатысы болсын-болмасын), қандай іске де 

ара ла су ға құштар, ішіне сыр тұрмайтын ашық ауыз, не ойласа соны 

айтатын  түзу  мінезді  болады.  Бірақ,  өзгелердің  қателігін  бетке  айта 

алмайтын, тіпті, жек көрген адамдарын да күле қарсы алатын жігерсіз 

ке ле ді. Өзгелерге жанашыр, мейірімді, қайырымды, адал болады. Бас-

ты кемшіліктері: қандай іске де ойжота тұжырым жасайды. Мі  не  зі 

құ был ма лы, екі беткей келетіндіктен, көптеген əурешіліктер тудыра-

ды. Өз отбасына көңіл бөлмейді. Жақсылықты түгел есеппен жасай-

ды. Өз ге лер ді жазғырғыш, қоғамдық қимылдарға керенау, өз кем ші лі-

гін түзетуге əлсіз келеді. 

Қоғамдық қарым-қатынас жəне махаббат, неке істерінде от тегі ба-

сым адамдар мен от тегі басым адамдар жолдас, қызметтес, са бақ тас 

болса,  өзара  сыйласып  өтеді.  Дау-дамай,  өкпе-реніштері  аз  болады. 

Басқалардан сақтанғыш келеді. Алайда, өзгелерді жақтырмай тұрса да 

күліп тұрып қарсы алатындықтан, достары түгіл, жауларымен де тату-

тəтті өтеді. Ұя бұзбас, ырымшыл келеді.

Егер, от тегі басым адамдармен от тегі басым адамдар тағдыр қо-

сып некелессе, бір-біріне ерекше сəйкесті, бір-біріне үлкен үміт-се нім 

артып отыратын тату-тəтті, жұлдыздары жарасқан жұбайлар болады. 

Алайда,  өзара  тіл  табыса  алмаса,  бір-бірінің  жыртығына  қол  салып, 



75

75

бір-біріне  қатты  кек  сақтайтындықтан,  тату-тəтті  отбасылары  дау-



жанжал ұясына айналады.

Ал, от тегі басым ерлер мен жел тегі басым əйелдер некелессе, бір-

бірлерінің көңілін жақсы түсінетін, жұлдыздары жарасқан жұ бай лар 

болады. Өмірдегі үлгі-тағылымды, тату-тəтті отбасылар көбінде осы 

от тегі басым ерлер мен жел тегі басым əйелдерден шығады. Əдет те 

от тегі басым ерлер тұрмысқа икемді, іскер болады. Оның бұл қа сие ті  

əйеліне ерекше ұнайды. Алайда, жел тегі басым əйелдер ғұрып-əдет, 

салт-дəстүрге мəн бермейтіндіктен, күйеуінен көп сөгіс естиді. Со ның 

салдарынан бірталай əурешілік туады. 

Егер, от тегі басым ерлер мен топырақ тегі басым əйелдер бас құ-

ра са,  олар  бір-бірімен  тыныстас,  тағдырлас,  жұлдыздары  жа рас қан 

жұ  бай лар ға  айналады.  Себебі,  от  тегі  басым  еркектер  мо ма қан,  іске 

мығым  болатындықтан,  əйелінің  сүйіспеншілігіне  тез  ие  болады. 

Алайда,  топырақ  тегі  басым  əйелдер  сыр  сақтағыш,  бір  мойын  ке-

ле тін дік тен,  күйеуімен  екінің  бірінде  тіл  табыса  алмай,  аяқ  астынан 

ұрыс-керіс тудырады. 

Ал, от тегі басым ерлер мен су тегі басым əйелдерді тағдыр қос-

са,  онда  олардың  жұлдыздары  жарасқан,  бақыттары  баянды  жұ бай-

лар болады. Алайда, су тегі басым əйелдің өте секемшіл, бір нəр се нің 

түп-тұқиянына дейін қазатын мінез-құлқы мен от тегі басым ер кек тің 

өзі мен қатыссыз істерге құштар қылығы салдарынан араларында үл-

кен түсініспеушілік туып, татулықтары дау-жанжалға ұласады деген 

жорамал да бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет