Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігі Тілдерді дамыту жəне қоғамдық-саяси жұмыс



Pdf көрінісі
бет4/50
Дата26.01.2017
өлшемі2,43 Mb.
#2745
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50

СЫРҒА ТОЙ

« С


ырға той» – ұл балалары қайта-қайта шетінеп тұрмай жү ріп 

көрген ұлының құлағына ырымдап сырға тағып, сол ұлы аман-есен ел 

қа та ры на қосылғанда жасалатын той.

Ертеде ұл перзенттері қайта-қайта шетінеп тұрмаған кісілер ырым-

дап, ұл балаларының оң құлағын тесіп, оған қыздардың сыр ға  сын та-

ғып қоятын болған. Кейін ұлы аман-есен ел қатарына қосылып, ата-

анасының күпті көңілдері орныққанда, қуанышын көппен бө лі сіп, той 

жасап, аузы дуалы адамдардың батасын алып, ұлының құ ла ғын да ғы 

сырғасын көп көзінше алып тастаған. Міне, бұл «сырға той» деп атал-

ған.


Мейлі «сүндет той», мейлі «сырға той» болсын, екеуінің де өзін-

дік мəн-мағынасы зор. Яғни ол адамдар арасындағы қарым-қа  ты нас ты 

кеңейтеді.

БАЛАЛАРДЫ ӨНЕРГЕ БАУЛУ

Қ

азақ халқы: «шыныққан – шымыр болады, тəрбиесіз – қы ңыр 



болады» деп, дене шынықтыру мен дене тəрбиенің адам денесі мен 

42

42

ден  сау лы ғы на төтенше пайдалы екенін ықылым замандарда-ақ жете 



тү сі ніп, балаларының денесін жастай шыңдап, шынықтырып, сау де-

не лі, қару-қайратты тең жетілген сегіз қырлы, бір сырлы азамат бо-

лып есеюлеріне ерекше көңіл бөліп, ұрпақтарын сом денелі, ши  рақ 

қи мыл ды, ақыл-айлалы, кемелді азаматқа айналдыру үшін ха лық тық 

спорт тың əр қилы түрімен айналыстырып, сан алуан сайыс өне  рін үй-

рет кен.


Ерте  заманда  қазақ  балаларына  үйрететін  сайыс  өнері  мен  спорт 

қимылдарының түрі өте көп болған. Соның бастылары мыналар.



Жарыспақ

Д

ене тəрбиенің бұл түрінде балалардың аяғы шығып емін-ер кін 



жүретін болғаннан бастап жаяу жарыстырып, жүгіртіп, жерде əб ден 

шынықтырған соң, тай-құнанға міндіріп жарыстырып, олардың ат тың 

шабысына бейімделіп, қыр-сырына қанығуына мүмкіндік жасайды.

Жастайынан жарыстың сан алуан түріне жаттыққан баланың қай-

сар лық, төзімділік қуаты артып, мейлі жерде, мейлі ат үстінде болсын, 

қар  сы ла сы на дес бермейтін айла-тəсілі мол, ат құлағында ойнайтын 

атпал  азамат  болып  жетіледі.  Жігерлі,  жалынды  болып  өсіп,  түрлі 

ауру-сырқауларға жақсы төтеп береді.



Өрмелемек

Ө

рмелемек – балаларда түрлі қауіп-қатерден құтылу, жырт қыш 



аң-құстардың  шабуылы  мен  тасқын,  көшкін  сияқты  кездейсоқ  апат-

тардан құтылудың жолдарының бірі.

Бұл өнер балаларға жастайынан бастап үйретіледі. Ең алдымен ба-

ла лар ға жүректі болу, қорықпау, қайсар, батыл болу тəрбиесі бе рі ліп, 

онан соң, əртүрлі ағаштарға шығудың, жалама жартастарға өр ме леу-

дің, түсудің, сырғудың, жармасудың айла-тəсілдері бір-бірлеп үй ре ті-

ле ді.

Өрмелемек  балалардың  түрлі  қауіп-қатерлерді  жеңу  қабілеттерін 



арттырып, ерік-жігерлерін шыңдайды. Балаларды батырлыққа, ба тыл-

43

43

дық қа жетелейді. Қиын жағдайларға тап болғанда қолма-қол шешім 



жасау қабілетін жоғарылатады.

Қарғымақ

« Қ


арғығанды  білмеген  –  тірі  ғаріп»  деп  қазақ  халқы  «қар ғу, 

секіру,  аттаудың»  үлкен  өнер  екендігін  ұрпақтарына  ұғын ды рып, 

«қарғымақты» түрлі кедергі, тосқауылдармен ор, арда, су, жар, сон-

дай-ақ, қатерлі жағдайлардан құтылудың құралы есептеп, ұр пақ та ры-

на жастайынан аттау, қарғу, секірудің сан қилы əдіс-амалдарын үй ре-

тіп отырған.

Мысалы, «қарғымақ» өнерін үйретуде тəжірибелі кісілер биік сө ре-

ге арқан-жіп керіп, көлденең кедергі ағаш қойып секіртіп, сондай-ақ, 

ор, арда, жар, су, тас, дауал қатарлылардан қарғытып, балаларға қар ғу 

мен секіруді егжей-тегжейлі үйретеді.

Қарғымақ балаларды жалынды, жігерлі болуға жетелейді. Əр түр лі 

қиын сəтте жол табуға тырысатын, қайсар, қағілез, үміткер, ер жү рек 

етіп жетілдіреді.

Жүздірмек

« Ж


үзуді білмеген суда жанынан айырылады, бағуды біл ме ген 

далада  малынан  айырылады»  деп  тұжырымдаған  қазақ  халқы,  суға 

жү зіп  шынығуды,  сондай-ақ,  малтудың,  жүзудің  қыр-сырын  жас тай 

игеруді өте игілікті іс деп есептеп, балалар ес біліп, азамат бола бас-

та ған да-ақ малту мен жүзудің сан алуан түрін үйрете бастаған. Ба ла-

лар ға бұл өнерді үйретуде, ата-аналар ең алдымен балалардың де  не  сін 

суға  үйретіп,  төзімділік  қуаты  мен  қарсылық  қуатын  арттыру  үшін, 

күз бен қыстың суық күндерінде күніне бір рет суға түсіріп шы ғар-

ған əрі күн өткен сайын суға түсу мерзімін лайықты мөлшерде ұзар-

тып  отырған.  Баланы  суға  көндіктірудің  бұл  тəсілі  біткен  соң,  суға 

жү зу дің,  сүңгудің,  қалқудың,  малтудың  түрлі  тəсілдері  балалар  əб-

ден  меңгергенше  біртіндеп  үйретіледі.  Одан  кейін  қайық  айдау,  сал 

жүргізу, кеме жүргізу, шұғыл жағдайларға тап болғанда шалбар, тұ-


44

44

лып сияқты заттарды пайдаланып адам құтқару, судағы қатерлі уа қи-



ға лар ға төтеп беру шаралары үйретіледі. Суға жүзу баланың де ні нің 

сау болып, түрлі қауіп-қатерден тайсалмайтын батыл, ержүрек азамат 

етіп шығаруы үшін маңызы зор.

Тартыспақ

« Т


артыспақ»  өнерінде  ат  үсті  қимылы  –  негізгі,  жаяу  қи мы-

лы  қосымша  қолданылады.  Бұл  ойынды  балалар  алғаш  тай-құ нан ға 

мінгенде бастайды. Балалардың атқа отыру, желу, шапқылау, жары-

су  барысында  ат  тізгінін  қалай  ұстау,  аттың  қимыл-қы лық та ры мен 

(қыр-сірімен)  қалай  сəйкесу  керектігі  егжей-тегжейлі  үйретіліп  бол-

ған  соң,  ұлы  жиын-тойларда  бəйгеге,  жорғаға  міндіріп,  ба ла лар дың 

ерік-жігерін шыңдайды. 

Жоғарыдағы  сынақтардан  өтіп  болған  соң,  жекпе-жек  ат  үстінде 

бір-бірінің қолын ұстап тартып күш-қайраттарын байқастырады. Одан 

ке йін көкпар, тері, арқан, т.б. заттарды тартқызып, ат үсті өнері мен 

түр лі айла-тəсілдерін бекемдей түседі. Аттан түскен соң ар қан тарт-

қы зып, қол қайырыстырып, жаяу көкпарға салып, ба ла лар дың та бан-

ды лы ғын арттырып, ат үсті жəне жерде өз өнерлері мен күш-қай ра тын 

же тіл ді ре ді. 

Бұл  өнер  балалардың  қарсылық  қуаты  мен  төзімділігін  арттыра-

ды.  Оларды  батылдыққа,  батырлыққа  дағдыландырып,  ұр пақ тар дың 

бəсекелік қуатын жоғарылатады.

Алыспақ

A

лыспақ  –  ат  үстіндегі  жəне  жаяу  балаларға  бірдей  үй ре ті ле-



тін  өнер.  Бұл  өнерде  тəжірибелі  кісілер  балаларға  қар сы ла сы мен 

алысудың алуан түрін үйретумен бірге, бұрау, қайыру, қай қай ту, шалу, 

буындыру, тебу, байлаудың да сан түрлі тəсілдері мен айла-амалда-

рына  егжей-тегжейлі  машықтандырады.  Бұл  өнер  ұрпақтардың  өзін 

қорғау  қабілетін  арттырып,  денесін  шыңдап,  дені  сау  болып  есеюі-

не негіз болады. Алысу мен шалысудың қыр-сырын жетік меңгерген 



45

45

балалар есейгенде жауырыны жерге тимес балуан; дұшпанын бұқ ты-



рып,  қарсыласын  ықтыратын,  ақыл-айласына,  күш-қуаты  сай  атпал 

азамат болып есейеді.



Салыспақ

С

алыспақ – ертеде ел ішіне кең тараған ұлттық спорт ойын да-



ры ның  бірі.  Бұл  ойын  ат  үсті  мен  жерде  тең  қолданылады.  Талап-

керлерге қамшы, сойыл, шоқпар, күрзі, босмойын, таяқ сияқты қа-

ру  лар  ды ат үстінде қалай ұстау, жерде қалай меңгеру, оларды қалай 

сіл  теп, қа лай үйіру, қалай ұру тəсілдері бір-бірлеп үйретіледі. Онан 

соң,  əуес кер лер ді  өзара  салыстырып,  сайыстырып  жаттықтырады. 

Сон дай-ақ,  ат  үсті  салысып,  сайысып  жүріп  жалт  бұрылу,  тайсап 

кету, жалған көрініс бе ріп айнала соғу, сойыл-шоқпар, күрзі, қам шы 

қатарлылардан қор ға ну амалдары да жан-жақты үйретіледі. «Са лыс-

пақ»  өнері  жас өс пі рім дер дің  дене  мүшесін  шыңдап,  шынықтырса; 

екін ші  жағынан,  жау гер ші лік  заман  мен  қиын-қыстау  сəттерде  (ел 

мен жерді қорғауда) бұл өнер ұрпақтарды батылдыққа, батырлыққа, 

қай сар лық қа, та бан ды лық қа, төзімділікке дағдыландырып, бəсекелік 

қа бі ле тін жоғарылатады.

Күреспек

С

порттың  бұл  түрін  қазақ  халқы  бала  аяғын  басып  емін-еркін 



жүр ген нен  бастап  үйрете  бастайды.  Мұнда,  жасы,  бойы  деңгейлес 

балаларды  белдеріне  белбеу  буындырып  өзара  күрестіріп,  күрестің 

қыр-сырын  үйретеді.  Белдесудің,  тіресудің,  қайқайтудың,  жамбасқа 

алу  дың,  аяқтан  шалудың,  жата  қалып  лақтырудың,  көтеріп  ұрудың 

сан  түрлі  тəсілдеріне  жаттықтырады.  Жастай  күресіп  үйренген  бала 

есейгенде жауырыны жерге тимес балуан болады. Дене мүшелері мен 

бұл шық еттері жақсы жетіліп, дені сау атпал азамат болып же ті лу ле-

рі не мүмкіндік жасайды.



46

46

Ілдірмек

Ә

детте, балаларға ілдірмек өнерін бала атқа емін-еркін мініп, ат 



тізгінін ұстап, ат үстінде отырудың қыры мен сырын толық игерген 

соң үй ре те ді. Алдымен 3–4 шыбықтың басына көзге айқын кө рі не тін-

дей шү бе рек байлап, оны түзең жерге апарып, арасы 20–30 метрдей 

етіп шаншып, балаларға ат үстінде кетіп бара жатып еңкейіп барып 

ілу ді үй ре те ді. Оны үйреніп болған соң, шаншыған шыбық санын кө-

бей те ді əрі оны желіп бара жатып ілуді үйретеді. Ең соңында оны ша-

уып бара жатып ілуге дағдыландырады. Бала бұл өнерді əбден мең-

ге ріп бол   ған соң, машық талабын ауырлатып, жерге көмген мыс қал, 

тең ге лер ді ілдіруге жаттықтырады əрі оны оң жақ, сол жақтан бір дей 

ілу ге баулиды. 

Ілдірмек өнері балалардың атқа міну жəне ат өнеріне қабілетін арт-

тырып, оларды ерлікке, ептілікке үйретеді. Ұрпақтар қайсар, қа ғі лез 

болып есейеді.

Аударыспақ

« І


лдірмек» ойынына баланы əбден төселдіріп, ат үстінде өзін 

мықты ұстап, əрқандай қиын жағдайға да төтеп беретін болғанда, ат 

үстінде аударыспақ ойнауға машықтандырады. 

Бұл ойында ат айылын мықты тартудан бастап, қарсыласын ауда-

рып тастау, аттан жұлып алу, өңгеріп əкету, атының айылын ағытып 

жі бе ріп, ер-тұрманымен құлату сияқты əдіс-тəсілдер егжей-тегжейлі 

үй ре ті леді. 

Ойын  балаларды  жастайынан  батылдыққа,  батырлыққа  жетелеп, 

жі гер-күшін  тасқындатады.  Ұрпақтарды  ат  үсті  өнеріне  жан-жақ ты-

лы же тіл ді ріп, əрқандай қиындыққа бас имейтін қажырлы азамат етіп 

шы ға ра ды.

Тастамақ

Т

астамақ  –  ел  ішіне  кең  тараған,  күнделік  тұрмыспен  етене 



қабысып кеткен халықтық өнерлердің бірі. Бұл өнерге негізінен арқан, 

47

47

құрық, жіп, бұғалық секілді заттар пайдаланылады. Ең алдымен бала-



ларға  арқан,  жіп  есіп,  құрық,  бұғалық  жасап,  тұзақ  құрудың,  шалма 

тастаудың,  құрық  салудың,  байлаудың  сан  алуан  айла-тə сіл де рі  бір-

бірлеп үйретіледі. Онан соң, бұзау, тайынша, қозы-лақ, құлын-тай, т.б. 

ұстатып, əбден машықтанғаннан кейін, атқа мінгізіп, ат үс тін де асау-

лар мен қашағандарға шалма тастатып, құрық-бұғалық салдырып, шу 

асаулар мен тарпаңдарды ноқталап, жүгендеуге жаттықтырады. 

Тастамақ өнері балаларды еңбексүйгіштік пен өнерсүйгіштікке, қа-

жыр лы лық қа, табандылыққа жетелеп, олардың дербес күн көру, қиын 

сəт те жол табу қабілеттерін арттырады. Сонымен бірге, ерлікке, еп ті-

лік ке баулиды.



Шанышпақ

« Ш


анышпақ» өнерінде ат үсті қимылы негізгі, жаяу қимыл қо-

сым ша үйретіледі. 

Бұл өнерді үйретуде, ең алдымен балаларға қан жар, сүңгі, найза, 

кездік,  пышақ,  жебе  секілді  қаруларды  қалай  ұс тап,  сақтау,  қайрау 

жолдары  көрсетіліп,  онан  соң,  шаншу,  салу,  ілу,  түй реу  əдіс те рі не 

жат тықтырады. 

Жоғарыдағы айла-тəсілдерге балалар əбден жат ты ғып болған соң, 

олардың  қайсарлығы  мен  ер лі гін,  айла-тəсілге  ше бер лі гін  арттыру 

мақсатымен  айсыз  қараңғы  түн дер де  ат  үстінде  шауып  бара  жатып 

найза-қылышпен жерден «қара» ілу, жыл қы ның те зе гі мен сиырдың 

жапасын тергізу; «қарақшы» шаныштыру, түй ре ту, шаптыру сияқты 

машықтардан бір-бірлеп өткізеді əрі қол да ғы құ рал да рын жерге түсіп 

жаяу жүргенде қалай ұстап, сілтеу жолдарын үй ре теді.

Шанышпақ – ұрпақтарды жүректілікке, батылдыққа, қай сар лық-

қа дағдыландырады.

Атыспақ

« А


тыспақ» – ерте замандардағы қазақ халқының ерлік-се рі лік 

өнері, сондай-ақ, өзін қорғап, қас жауларына қайтарма соққы бе ру  де гі 

ерен өнерлерінің бірі. 


48

48

Ертеде əрбір отбасы ұл-қыз демей ұрпақтарына садақ тартып, сақ-



пан лақтырудың, мылтық атып, тас лақтырудың əдіс-амалдарын мұ-

қият үйретіп, ұрпақтарын жастайынан Отанын, халқын, елі мен же рін 

қорғауға баулып отырған. 

Атыспақ өнері басқа өнерлерге қарағанда біршама күрделі əрі нə-

зік өнер болғандықтан, алдымен балаларға ату құралдарының ерек -

ше  лі  гі  мен  қасиеттерін  егжей-тегжейлі  үйретіп,  оларды  ұстау,  ату, 

күту  əдіс те рі не  жан-жақтылы  жаттықтырады.  Онан  соң  «қара»  қо-

йып жəне аң-құс атқызып, атыспақ өнерінің қыр-сырына əбден қа-

нық ты рады.

Бұл өнер ұрпақтарды мергендікке дағдыландырып, нысанаға алу, 

көздеу, ату өнерін жетілдіреді. Ұрпақты қайсарлыққа, шөгелдікке дағ-

ды лан ды рып, денелерін шыңдап, шынықтырады.



Шабыспақ

« Ш


абыспақ»  өнері  –  ерте  замандағы  қазақ  халқының  өзін 

қор  ғап,  қас  жауларына  қайтарма  соққы  берудегі  маңызды  өнер ле рі-

нің бірі. Шабыспақ ат үсті мен жерде бірдей қолданылады. Қылыш, 

семсер, алдаспан шеберлері балаларды бұл құралдармен жан-жақ ты-

лы  таныстырып,  қадір-қасиеттерін  ұғындырып,  оларды  қа лай  ұстау, 

қа лай үйіріп, сілтеу, қорғану тəсілдерін бір-бір леп үйретеді. 

Ең соңында, оларды жерде ресми машықтандырып, ат үстінде ша-

уып бара жатып қалай сайысу, топ ішінде құралды қалай сілтеп, шабу, 

тап беріп, жалтару сияқты алуан түрлі тə сіл дер егжей-тегжейлі үй ре-

ті ле ді. 

Бұл өнер балаларды ерлікке баулып, есейгенде жаудан қайт  пай  тын 

батыр азамат етіп жетілдіреді.



ЖАСТЫ ДƏУІРГЕ БӨЛУ

Қ

азақ  халқы  қоғамдық  қарым-қатынас  пен  барыс-келіс,  алыс-



бе ріс те,  əсіресе  ұрпақтарға  берілетін  тəрбиенің  өнімді,  дұрыс  жүр-

гі зі луі  үшін  адам  жасын  мынадай  бірнеше  дəуір  мен  шақтарға  бөл-



49

49

ген. Онда адам жасын 100 жылға шамалап, оны төрт дəуірге бө ле ді 



де, алғашқы 25 жасты «жас дəурен», екінші 25 жасты «жігіт аға  сы», 

үшін  ші 25 жасты «аталық», төртінші 25 жасты «қарттық» деп ата ған. 

Сонымен бірге, жоғарыдағы төрт дəуірді онан ары жінтіктеп: ұл ба-

ланы 1 жастан 2 жасқа дейін «бөбек», 3 жастан 5 жасқа де йін «бал -

дыр  ған», балақай, 6 жастан 7 жасқа дейін «өспірім», 20 жастан 30 жас 

аралығындағыларды  «жас  жігіт»,  30  жастан  40  жасқа  дейінгілерді 

«дүр жігіт», 40 жастан 50 жасқа дейінгілерді «ер түлегі», 50 жастан 60 

жас қа дейінгілерді «жігіт ағасы», 60 жастан 70 жасқа дейінгілерді «ел 

аға сы», қарасақал, 70 жастан 80 жасқа дейінгілер «ақсақал», 80 жастан 

ас қан дарды түгел «қарт» (қария, шал) деп атаған. 

Жасты дəуірге бөлуде əйелдердің жасын да əртүрлі жіктеген. Мы-

салы: қыз балаларды 1 жастан 2 жасқа дейін «бөпе», 2 жастан 7 жас-

қа дейін «бүлдіршін» деп атаған. Əйелдер некеленген соң, 40 жас  қа 

дейінгілерді «келіншек» (үйленбесе «қыз»), 40 жастан 50 жасқа де йін-

гі лер ді «саркідір», 50 жастан 60 жасқа дейінгілерді «сары тіс», 60 жас-

тан 70 жасқа дейінгілерді «ақсамай», 70 жастан асқандарды «кем пір» 

деп аталған.

Жасқа бөлу адамдардың жасы, жынысына қарай өз жа уап кер ші лік-

те рін сезінуіне, қоғам алдындағы қарыз-парыздарын əділдікпен ат қа-

рып, кейінгі ұрпақтарға үлгі, өнеге болу танымын жоғарылатады.



ЖОМАРТТЫҚҚА ТƏРБИЕЛЕУ

Х

алқымыздың  дəстүр  тəрбиесі  ел  ішіндегі  білікті  адамдар  мен 



билер,  мектеп-медреселер  арқылы  жүргізілген  жəне  олар  үлгі-өне ге 

болып, салт-дəстүрдің мазмұнын байытып, халықтық сипатын арт тыр-

ған. Алайда, отбасы тəрбиесі басты орында тұрған яғни ха лық тық салт-

дəстүр тəрбиесінде əрбір ата-ана ертелі-кеш ұр пақ та ры на жомарттық, 

ке ші рім ді лік,  обал-сауап,  ар-ұят,  адал-арам,  əділет-шапағат,  ізгілік 

пен  жа уыз дық,  жақсылық  пен  жамандық,  бұзақылық  пен  жан ашыр-

лық  сияқ  ты  істердің  бəр-бəрін  егжей-тегжейлі  ұғындырып,  көп шіл, 

ха лық шыл бо лу ға, салт-дəстүр мен наным-сенімге түсінікпен қа рау-

ға жəне оны құр мет теу ге; ел намысы мен Отан даңқына дақ салатын 


50

50

жаман  іс тер ден  ау лақ  болуға;  «малым  –  жанымның  садағасы»  дей-



тін  үл кен  кісілік  қа сиет  қалыптастыруға  жетелеп,  өмір  бойы  ізгілік, 

ізет ті  лік, тек ті лік, тəр бие лі лік, ұлылық, даналық танытып, ұсақ шыл, 

бық сық тық, пен де ші лік сияқты нашар қылықтардан аулақ болуға тəр-

бие ле ген. Сон дай-ақ, əрбір ұрпақтың, тіпті күллі адам баласының бо-

йында тө мен де гі дей бірнеше жомарттық қасиет сөзсіз, болу керек деп 

қа ра ған.



Көз жомарттығы

Қ

азақ  халқы  адам  баласында  көз  жомарттығы,  сөз  жо март ты-



ғы, көңіл жомарттығы, қол жомарттығы, жол жомарттығы сынды бес 

жомарттық  болу  керек  деп  қараған.Сондай-ақ,  көз  жомарттығы  жоқ 

адамнан  ешқашан  жақсылық  күтіп,  ұлылық  туады  деп  есептемеген, 

қай та, күллі жомарттық пен ізгілік көз жомарттығынан бастау алады 

деп  есептеген.  Бұл  тəрбиеде  əрбір  ата-ана  ұрпақтарына  көз  жо март-

ты ғын қалыптастыру үшін күллі адамзаттың табысын өз табысындай 

көру, иненің жасуындай ізгілік болса да «құтты болсын, қуа ныш ұза-

ғы нан сүйіндірсін; жақсы екен, əдемі екен, құттықтаймын, жарасып-

ты,  сұлу  екен,  көркем  екен,  тамаша»  деген  сияқты  жан  жадыратып, 

кө ңіл жібітер жақсы сөздерге жомарт болып, намысқа тие тін, жанды 

жаралап,  өштік  қасиетін  тудыратын  жаман  сөздерге  са раң  болып, 

əдет  те  гі аман-сəлемнен тартып, барша адам баласына жылы шырайлы 

мə мі ле жасау, жанашырлық, жақындық таныту, барша жақ сы лы ғы на 

сү йі ніп, артықшылықтарына көз жұмбау, қыз ған шақ тық пен мен мен-

дік тен  аулақ,  əрқашан  кішіпейіл,  əдепті,  ибалы  болу  керек  екен ді-

гін егжей-тегжейлі ұғындырып, қандай кезде де көз жо март ты ғы нан 

ауыт қы мау ға баулиды. 

Көз  жомарттығы  адамдарды  түрлі  психикалық  қысымнан  аулақ 

қып,  көңіл  күйдің  орнықтылығын  сақтап,  адамдар  арасында  достық 

сү йіс пен ші лік  тудырады.  Түрлі  қайшылықтардан  сақтап,  қоғамдық 

қа рым-қатынасты жақсартады.


51

51

Сөз жомарттығы

С

өз жомарттығын қалыптастыруда қазақ халқы адам ба ла сы ның 



аузынан үнемі жақсы сөз, жарасымды əзіл шығуы, айтқан сөз, түр лі 

əзіл-қалжыңдардан  адамгершіліктің,  ізгіліктің,  адалдықтың,  кеңпе-

йіл ді лік  пен  кешірімділіктің  лебі  есіп  тұруы  керек  деп  қарап,  əр қа-

шан жақ сы сөз бен жарасымды қалжыңға жомарт болуды дəріптейді. 

Яғни «жақ сы сөз – жарым ырыс», «кесірлі сөз – кісі өлтіреді», «жақ сы 

сөз сөйлеген ауыздан гүл төгіледі, жаман сөз сөйлеген ауыздан жын 

төгіледі» деген халық даналықтарына сай, ұрпақтарына үнемі жақ сы 

сөз  сөйлеуді,  ойнап  айтса  да,  ойлап  айтуды,  қашанда:  «сіз,  біз,  рақ-

мет, өркенің өссін, жасың ұзақ болсын, жаныңа жамандық жуымасын, 

бет алдыңнан жарылқасын» деген сияқты басқалардың қуанышы мен 

бақыт-байлығына ризашылығын білдіретін мəдениетті, əдепті, жақ сы 

сөздерге барынша жомарт болуды үйретіп отырады.

Сөз жомарттығы – адамдардың қоғамдық өрісін кеңейтеді, досын 

көбейтіп, дұшпанын азайтады. Түрлі келеңсіздіктер мен ке дер гі лер ге 

көп жолықтырмайды. Ойлау жəне тіл қабілеті жоғарылайды.

Көңіл жомарттығы

К

өңілді  кең  ұстау,  барға  қанағат  ету,  шүкірлік  қылу,  қыз ған-



шақ тық пен озбырлықтан, орынсыз бəсеке мен өлермендіктен ау лақ 

болып,  барлық  адамды  тағдырлас,  тыныстас  жақыным  деп  қа рап, 

алыс-беріс, барыс-келіс істерінде кеңпейіл, кешірімді болу, бас қа лар-

ға үне мі жақсылық, қуаныш, бақыт-байлық қонса екен деп ойлау; бас-

қа лар ға жол беру, қол беру сияқты ізгі қасиеттер «көңіл жо март ты ғы» 

есептеледі. Бұл тəрбиеде өнегелі кісілер перзенттеріне: «кең бол саң – 

кем  болмайсың»,  «ақпейілдің  аты  арып,  тоны  тозбайды»  деп  кө ңі лі 

жомарт  адамдардың  ешқашан  жамандық  көрмейтіндігін,  тіпті,  басы 

ар тық əуре-сарсаңға жолығып басы қатып, жаны ауыр май тын ды ғын 

жанды мысал, жарқын образдар арқылы мұқият тү сін ді ріп, ұр пақ та-

ры ның ашық-жарқын, жомарт азамат болып жетілулеріне жан-жақ ты-

лы көңіл бөлген. 



52

52

Пейілі кең, жомарт адамның көңіл күйі орнықты болады. Досы көп, 



қасы аз болады. 

Қол жомарттығы

Ж

омарттықты ең ізгі, ең асыл қасиеттер қатарына қойып, «қол 



жо март ты ғын» адамгершілік пен ізгіліктің нақты көрінісі деп ба ға ла-

ған қазақ халқы: «қолы ашық адам – өмірге ғашық адам, сараң адам – 

па сық адам» деп ұрпақтарын қолы ашық жомарт, ақ көңіл, ашық-жар-

қын болуға баулыған. 

Ұрпақтар бойына «қол жомарттығын» сіңіруде, өнегелі ата-аналар 

перзенттеріне өзінде бардың барлығын көппен бөлісу, қолындағы бар-

ды елден аямау, қиналғандар мен жоқ-жітіктерге қол ұшын беру, түр-

лі апаттар мен ауру-сырқауға кіріптар болғандарға көмек беру; жылу 

атау, қамқорлық жасау, алдына бір нəрсе сұрай келгендерді құр қол 

қайтармау, яғни бүтін нан болса бөліп, жарты нан болса жарып жеу 

керектігін  мұқият  ұғындырып,  ұрпақтарын  қолы  ашық  жомарт  бо-

луғ а, қолынан келген жақсылығын адам баласынан аямауға баулиды. 

Са раң дық тан, дүниеқорлықтан, ашкөздіктен, озбырлықтан бойларын 

ау лақ ұстауға үйретеді.

Қол жомарттығы адамдарды ізгілікке жетелейді. Адамдар ара сын-

да ғы  достықты,  татулықты,  береке-бірлікті  нығайтады.  Өштік-қас-

тық ты  жойып,  қоғамдық  қайшылықты  бəсеңдетеді.  Орынсыз  бəсеке 

мен күндестікті тежеп, өзгелердің құрметіне бөлейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет