5. Гигиеналық шараларды өткізу Су шараларын өткізуде жағымды жауапты қалыптастыру. Баланы күнделікті шомылдыру, ластану шамасына қарай, тамақтанудың алдында беттерін және қолдарын жуу. Ересектің сөйлеп, қостауын түсінуді қалыптастыру. Қолдарды жуу, жуыну барысындағы баланың сөйлеуіне және қимылдық жауабына қолдау көрсету.
7 айдан бастап бала түбекке отыруға сұрануды қалыптастыру. Ұйқыдан тұра салып баланы, егер бала құрғақ болып оянса, сондай-ақ тамақтанғаннан кейін 10-15 минуттан сон түбекке отырғызу керек.
Баланы белгілі бір орында және жеке түбекке отырғызу.
Тазалықтың қарапайым дағдыларын және тазалық сақтауды қалыптастыру.
6. Ойындағы дамыту мен тәрбиелеу Ойындарды сергектендіру уақытында жеке және шағын топтармен өткізу. Қабылдауды, жағымды көңіл-күйді дамыту, қарапайым қимылдарды, заттармен қимылдарды үйрету.
Балаға және барлық балаларға тікелей айтылған ересектің сөзін тыңдау және түсіне білуді дамыту. Құрбыларына тілектестік қатынасты, эмоциялы елгезектікті, нұсқауды тыңдай және өзінің жетістіктеріне куана білуге тәрбиелеу.
Туғаннан бастап 2,5-3 айға дейін
Қабылдауды жетілдіру
Баяу қозғалатын ойыншықты көздерімен қадағалай білу үшін жағдайлар жасау (10-15 күндей).
Балада ілініп тұрған ойыншыққа, өзімен жылы сөйлесіп тұрған ересектің жүзіне назар салуды (20 тәулікке жақын), жүзіне алғашқы күлкіні үйіре білуді (1 айға жақын) қалыптастыру.
Баланы тік ұстап, онымен жылы сөйлесу (2 айда). Манеждің айналасындағы сөйлеушілер мен баяу қозғалған ересектерді, оның дауысын, жақын арадағы түрлі дыбыстарды, баяу әнді тыңдауды қадағалай білуді қалыптастыру (3 айда). Балада «жандану кешенін» шақыру (жымию, гуілдеу және т.б.).
Ересектің қолдарында тік қалыпта тұрған баламен көздерін шоғырландырып және күлуге баулып сөйлесу. Алғашқы дыбыстарды айтуға, ересектердің тілдесулерін тыңдауға үйрету.
Қимылдарды дамыту
Басын көлденең және тік қалыпта ұстай білуін дамыту. Баланы ішімен жатқызу, кішкене қолға алу (туғаннан 1 айға дейін).
Аяқтарын тіреуді дамыту үшін қатты беткейдің үстін аяқтарымен тіреп серпуін дамыту. Сәбидің қолтығынан көтеру (2,5-3 айдан).
Заттармен әрекеттерді дамыту
Қарапайым қимылдарды дамыту үшін жағдайлар жасау (1,5-2 айдан бастап ойыншықтарды ілу).
Баланың кеудесінің тұсында ілініп тұрған ойыншықты алу және ұстай білуді қалыптастыру (2-3 айда).
Музыкалық сабақтар
Баланың дыбысты естуін, дауыс шыққан жаққа бұрылуын дамыту, дыбыс көзін табуға түрткі болу.
Дыбысты тыңдай білуді қалыптастыруға, оған жағымды және эмоциялық тұрғыда үн қатуға мүмкіндік беру (күлкі, гуілдеу және басқалар).
2,5-3 айдан 5-6 айға дейін
Қабылдауды жетілдіру
Балалардың көріп және естіп жауап беруін бекіту және байыту.
Көзқарасымен, басын бұрып дыбыс көзін табуға ұмтылуын ынталандыру (сөйлейтін ересек, дыбысты ойыншық және с.с.).
Қозғалатын нысандарды қадағалауды, әр түрлі қалыпта (шалқасынан, ішімен жатып; ересек адамның қолында тұрып) қозғалмайтын заттарға көзқарасын шоғырландыра білуді жетілдіру.
Әртүрлі заттардан шығатын дыбыстарды тыңдауға баулу.
Жылы және әндетіп сөйлеп, оған күліп оның жағымды жауабын алу.
Балада көріп, естіп, бағдарлап жауап беру әсерінен жаңа біліктердің: төмен ілінген ойыншықты қозғау, оны ұстап алуға, ұстап сипауға ұмтылдыратын жаңа біліктер қалыптастыру (3-4 айда).
Бала мақсатты бағытталып ойыншыққа ұмтылып, оны алу және ұстап тұру, онымен алдау (4 айда) жағдайларында қолдардың көру-қозғау үйлесімділігін дамыту.
Тіл дамыту
Тілді түсінудің негізі ретінде есту және көру байланыстарын қалыптастыруға мүмкіндік беру.
Манеждің айналасындағы онымен сөйлескен және қозғалған ересекті іздеуге, алғашқы дыбыстарды шығаруға түрткі болу.
3 айдан бастап көріп және естіп алынған түрлі әсерлерді ажыратуды дамыту үшін: түрлі заттарды қолданып, дауыс ырғаған өзгертіп, балалармен сөйлесу.
Белсенді сөйлеудің алғышартын қалыптастыру. Эмоциялы-жағымды қолдау үшін әрбір баламен әрдайым және жылы сөйлесу, барынша жарқын эмоциялардың туындауына (күлкі, жалпы жанды қимылдар, дыбыстар) мүмкіндік беру. Балаға сөйлеген кезде бөлек буындарды айту (ма-ба-па) және олардың қайталап айтуына түрткі болу.
Артикуляциялық аппаратты дамытуға мүмкіндік беру.
Қимылдарды дамыту
Ойыншықты алуға және ұстап тұруға түрткі бола отырып, қимылдарды дамыту (3-4 айда). Түзетілген қолдардың алақандарына сүйеніп, ішімен жата білуге жаттықтыру (4-5 айда).
Еңбектеуге үйрету. Денесінің кеуде тұсын көтеру және ұстап тұруды, жан-жағына (4 айда), ішінен арқасына (5 айда) арқасынан ішіне (6 айда) домалауды орындауға жаттықтыру.
Аяқтарды тіреуді дамытуды, баланы қолтығының астынан тік ұстауды, аяқтарын қойып және аяқтарын тіреп көтерілуге итермелеу. Қатты нәрсеге аяқтарын тіреуді үйрету (5 айда).
Заттармен әрекеттерді дамыту
Балаға ойыншықты алып, онымен алдауға көмектесу (3-4 айда).
Түрлі қалыпта ойыншықтарды ала білуді, әр қолына бір ойыншықтан алуды дамыту (4- 5 айда).
Ересектің қолынан ойыншықты алу (5 айда), оны бір қолынан екінші қолына салуды уйрету (6 айда).
Музыкалық сабақтар
Музыканы қабылдауға мүмкіндік беру.
Естіп қабылдауды дамыту: ересектердің ән салуына және музыкалық аспаптардың дыбыстарына эмоциялы ықыластықты тарту.
Сылдырмақты, қоңырауды, дабылды өздігінен сылдырлатуға, тарсылдатуға, ересектердің көмегімен қолдарын көтеруге және түсіруге, жүрелеп отыруды үйрету.
5-6 айдан 9-10 айға дейін
Қабылдауды дамыту
Көру, есту, сипау анализаторлары арқылы баланың қабылдауын дамыту. Әртүрлі пішіндегі және түрлі материалдан жасалған заттарды қолдану арқылы зейінді дамытуға, боялған және ашық түсті ойыншықтарды, ыдыстарды және басқаларды эстетикалық қабылдауға мүмкіндік беру.
Қолдардың үйлесімділігін (кез-келген қалыптағы ойыншықтарды алуды және ұстай білуді), ойыншықты, затты ұстауды (еңбектеуге және одан әрі жүруге дайындау) дамыту.
Тіл дамыту
Ересектің сөзін түсінуді дамыту үшін, заттар мен оны білдіретін сөздің арасындағы байланысты белгілеуге көмектесу және баланы әсерлермен байыту. Баланың ересектің сөзі бойынша жақын адамды, белгілі орында үнемі табылатын заттарды көзқарасымен іздеуге талпынысын ынталандыру. Жағдайға сәйкес «бер», «болмайды» сөздерін түсінуді үйрету. 8-9 айдан бастап балалардың бөлменің әр жерінен табылатын заттарды іздеуіне түрткі болу.
Белсенді сөйлеудің алғышартын дамытуды жалғастыру. Былдырдың қалыптасуына және жай буындарға еліктеуге (6-7 айда) қозғау салу, күрделі жаңа буындар мен дыбыстардың үндестігіне (8 айдан бастап) еліктеуге баулу, баламен үндесіп оның ересектің дауысының түрлі ырғағына жауап беруіне ықпал ету. Әрбір баланы эмоциялық-жағымды күйге түсіру үшін балалардың ересектермен түрлі ойын-сауықтарда бірлесіп әрекет етуге талпынысын дамыту және қолдау.
Балалардың шағын тобымен ойын. Балаларды таныс ойыншықтармен қимылдар қатарын орындауға итермелеу.
Ойын-сауықтарда дыбысты ойыншықтарды көрсету кезінде тілдік түрлі дыбыстар мен олардың үндестігінің, былдырдың пайда болуын белсендіру. Балалардың жағымды, эмоциялық күйіне, құрбыларына достық қатынасына жағдайлар жасау.
Қимылдарды дамыту
Еңбектеуде, орнынан тұруда, аяқтарын басуда қимылдарды дамыту.
Еңбектеуге үйрету, ойыншықтың көмегімен өзіне шақыру (6 айдан бастап).
Белсенді еңбектей білуді қалыптастыру (7 айдан бастап).
Жатқан қалпынан өздігінен тұра білуді, отыруды, тепе-теңдікті сақтай отырып, тіреудің көмегімен тұру және отыруға (8 айда) жаттықтыру.
Тіреуді қолдарымен ұстап адымдай, бір заттан екінші затқа көшуді, төбешікке өрмелеуді және түсуді, заттардың арасынан еңбектей білуді (8-9 айда) дамыту. Тіреуден ұстап баспалдақтың бойымен төбеге көтерілу (9 айдан бастап).
Балалардың шағын тобымен ойын сабақтар. Ересектермен бірлесіп әртүрлі дыбыстармен ырғақты қимылдары орындауға үйрету (қолдарын көтеру, түсіру, аяқтарын бүгу, ашу). Өздігінен қимылдарды ынталандыру.
Заттармен әрекеттерді дамыту
Әртүрлі қимылдарды алдымен көрсету бойынша, сосын ересектің сөзі бойынша орындай білуді дамыту ( 5-7 айда).
Заттармен олардың қасиеттеріне сәйкес әрекет ете білуді қалыптастыру. Түрлі ойыншықтармен қамтамасыз ету (8-10 айда).
Қолдың саусақтарының ұсақ маторикасын және қимылдарын дамыту.
Балалардың шағын тобымен ойын сабақтар. Доптармен, шығыршықтармен және басқалармен жалпы ойындарды ұйымдастыру.
Музыкалық сабақтар
Балалардың музыкалық қабілеттілігін дамыту.
Музыканың сипатына эмоциялық-жағымды үн қатуды ынталандыру.
Дыбыстарды айту және буындарды қосылып айта білуді дамыту. Би әуендерін қабылдау кезінде белсенділіктің пайда болуына мүмкіндік беру.
Ересектердің көмегімен күрделі емес шапалақтау, жүрелеу, топылдату сияқты қимылдарды орындай білуді қалыптастыру.
9-10 айдан 12 айға дейін
Қабылдауды жетілдіру
Көру, есту, жанасу түйсіктерін жетілдіріп, сенсорлық қабілеттерін дамытуды жалғастыру. Дөңгелек пішінді заттардың домалайтынын және шегіне жеткен кезде құлайтынын, ал шаршы пішінді заттардың үстіне басқа затты қоюға болатынын және с.с. түсіне білуді қалыптастыру.
Түрлі аспаптардың дыбысталуын тыңдауды ұсыну, түрлі материалдардан жасалған заттарды жаншуға, мыжуға мүмкіндік беру.
Балалардың шағын тобымен ойын сабақтар. Өздері дыбыстау немесе «сөйлейтін» ойыншықтарды ұсыну, түрлі ойын-сауықтарды өткізу.
Тіл дамыту
Қоршаған кеңістікті бағдарлауды кеңейту. Ересектің сөзін: ойыншықтардың атаулары бойынша олардың орналасқан жерін табу, түрлі белгілері бойынша айырмашылығы бар заттарды бір және сол сөзбен белгілеуге болатынын, «болады» - «болмайды», «жақсы» - «жаман» сөздерінің мәнін түсіну қабілеттілігін қалыптастыру. Қарапайым тапсырмаларды («...тамақтандыр», «...әкел», «...бер» және басқалар) орындау.
Түрлі ойыншықтармен бірдей және сол сияты қимылдарды орындауды белсендіру (қуыршақты, аюды, қоянды және т.б. ұйықтату).
Суреті бойынша таныс заттарды жеңілдетілген сөз түрінде атай білуді қалыптастыру. Суреттердің көркем безендірілуіне эмоциялы үн қосуға шақыру.
Белсенді сөйлеуді дамытуды жалғастыру. Жаңа сөздерге еліктеуді (10 айда), таныс заттар мен қимылдарды білдіретін жеңілдетілген атауларды (мысық – мяу-мяу, тырсылдайды – түк, түк) және алғашқы толық сөздерді (ана, әке, көке және басқа) үйрету.
Балалардың шағын тобымен ойын сабақтар.
Мазмұнды ойыншықтарды көрсетуді (таныс бейнелермен: үй, жануарлар), тірі нысандарды бақылауды (мысық, ит және т.б.), тапсырмаларды («Шаршыны әкел» және т.б.) қолдана отырып тілді және кеңістікті бағдарлауды дамыту.
Айналадағы қарапайым эстетикалық қабылдауды қалыптастыру.
Өзінің эмоциясын білдіре отырып, ізгі ниетшілдікті, достық ықыласты тәрбиелеу.
Қимылдарды дамыту
Бұрын игерілген қимылдарды жаттықтыруды жалғастыру.
Балаларды екі қолынан ұстап, кейіннен бір қолынан содан соң қолынан ұстамай өздігінен жүруге үйрету (10-11 айда).
Ойыншықтармен (доптар, шарлар және т.б.), ойын жабдықтарымен (дидактикалық үстелдер, жәшіктер және т.б.) ойындар арқылы қимылдардың үйлесімділігін дамыту.
Балалардың шағын тобымен ойын сабақтар. Балаларды қуанышты эмоциялық күйге бөлеп, әртүрлі ойын-сауықтарды қолдану арқылы тік жүру, қоршаған кеңістікті бағдарлау дағдыларын жетілдіру.
Заттармен әрекеттерді дамыту
Әртүрлі қимылдарды үйретуді жалғастыру. Жағымды нәтижелерге жете отырып, заттық-қатыстық қимылдарды жасауға мүмкіндік беру.
Ересектерге еліктеу бойынша қимылдарды белсендіру.
Ұсақ қол моториканы жетілдіру үшін қолдардың саусақтарын жаттықтыру.
Балалар тобымен ойын сабақтар. Түрлі топтық тапсырмаларды ұсыну (доптарды тебеміз, пирамидаларды жинаймыз және т.б.).
Музыкалық сабақтар
Еліктеумен сүйемелденетін, ересектің музыкалық-қимылдар көрсетуіне (ән салу, би қимылдары) балалардың қызығушылығын дамыту.
Вокалдық және аспаптық музыканы қабылдау кезінде қанағаттану сезімін білдіре білуді дамытуға мүмкіндік беру. Қарама-қарсы сипаттаға музыкаға эмоциялық ықыластықты қалыптастыру. Металлофон, флейта, балалар пианиносының дыбысына және басқаларға қызығушылығын ояту.