Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіту туралы


-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер



Pdf көрінісі
бет50/52
Дата09.02.2023
өлшемі1,03 Mb.
#66539
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
p2200000941.24-11-2022.kaz

 6-бөлім. Нысаналы индикаторлар және күтілетін нәтижелер 
Нысаналы индикаторлар:
1) азаматтық және патриоттық деңгейін арттыру мақсатында 
ұйымдастырылған қоғамдық қызметке, оның ішінде оқушылардың ӛзін-ӛзі 
басқаруы және дебаттық қозғалыс арқылы тартылған білім алушылардың үлесі 
(2022 ж. – 30 %, 2023 ж. – 35 %, 2024 ж. – 40 %, 2025 ж. – 45 %, 2026 ж. – 50 %);


2) спортпен айналысу үшін жағдай (спорт залдары және спорттық 
мүкәммалдар) жасаған ЖАО-ға ведомстволық бағынысты күндізгі мемлекеттік 
жалпы білім беретін орта білім беру ұйымдарының үлесі (2022 ж. – 90 %, 2023 
ж. – 92 %, 2024 ж. – 95 %, 2025 ж. – 100 %, 2026 ж. – 100 %);
3) балалардың құқықтық қорғалу деңгейі (2022 ж. – 85 %, 2023 ж. – 87 %, 
2024 ж. – 89 %, 2025 ж. – 91 %, 2026 ж. – 93 %);
4) жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 
арналған ұйымдар тәрбиеленушілерінің осы санаттағы балалардың жалпы 
санынан үлесі (2022 ж. – 17,2 %, 2023 ж. – 16,8 %, 2024 ж. – 16,4 %, 2025 ж. – 
15,9 %, 2026 ж. – 15,5 %);
5) мектепке дейінгі ұйымдардың басшылары, әдіскерлері, тәрбиешілерінің 
жалпы санынан бейінді білімі бар педагогтердің үлесі (2022 ж. – 76 %, 2023 ж. – 
78 %, 2024 ж. – 81 %, 2025 ж. – 85 %, 2026 ж. – 87 %);
6) орта білім беру ұйымдары педагогтерінің жалпы санынан педагог-
шебердің, 
педагог-зерттеушінің, 
педагог-сарапшының 
және 
педагог-
модератордың біліктілік деңгейі бар педагогтердің үлесі (2022 ж. – 60 %, 2023 
ж. – 64 %, 2024 ж. – 67 %, 2025 ж. – 70 %, 2026 ж. – 73 %);
7) жалпы білім беретін мектептерге тартылған жаратылыстану-
математикалық цикл педагогтерінің саны (2022 ж. – 84772, 2023 ж. – 86858, 
2024 ж. – 90393, 2025 ж. – 93807, 2026 ж. – 95985);
8) мемлекеттік ТжКБ ұйымдарының арнайы пәндер оқытушылары мен 
ӛндірістік оқыту шеберлерінің жалпы санынан ӛндірістен тартылған 
мамандардың үлесі (2022 ж. – 7,4 %, 2023 ж. – 8,5 %, 2024 ж. – 10 %, 2025 ж. – 
11,4 %, 2026 ж. – 12 %);
9) ECERS әдістемесі бойынша тәрбие мен оқыту сапасын бағалаудың жаңа 
құралдарын пайдаланатын мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі (2023 ж. –20 %, 
2024 ж. – 50 %, 2025 ж. – 75 %, 2026 ж. – 100 %);
10) мектепалды жасындағы балалардың мектепте оқуға дайындық деңгейі 
(2022 ж. – 84,5 %, 2023 ж. – 86 %, 2024 ж. – 94,7 %, 2025 ж. – 95 %, 2026 ж. – 
96 %);
11) ауыз судың базалық кӛздерімен, бӛлек ең аз жабдықталған 
дәретханалармен және қол жууға арналған базалық құралдармен қамтамасыз 
етілген мектепке дейінгі ұйымдардың үлесі (2022 ж. – 77 %, 2023 ж. – 83,5 %, 
2024 ж. – 94 %, 2025 ж. – 100 %, 2026 ж. – 100 %);
12) жоғары жылдамдықты Интернетпен қамтамасыз етілген ауыл 
мектептерінің үлесі (2022 ж. – 85 %, 2023 ж. – 90 %, 2024 ж. – 95 %, 2025 ж. – 
100 %, 2026 ж. – 100 %);
13) PISA тестінің нәтижелері бойынша мектептегі білім сапасын бағалау 
(математика бойынша, орташа балл: 2022 ж. – 430, 2023 ж. – 430, 2024 ж. – 430, 
2025 ж. – 480, 2026 ж. – 480; оқу бойынша, орташа балл: 2022 ж. – 392, 2023 ж. 
– 392, 2024 ж. – 392, 2025 ж. – 450, 2026 ж. – 450; жаратылыстану бойынша 
орташа балл: 2022 ж. – 402, 2023 ж. – 402, 2024 ж. – 402, 2025 ж. – 490, 2026 ж. 
– 490);


14) толық жинақталған мектептердің жалпы санынан жан басына 
шаққандағы қаржыландыруға кӛшкен мемлекеттік күндізгі жалпы білім беретін 
мектептердің үлесі (2022 ж. – 37,1 %, 2023 ж. – 38,1 %, 2024 ж. – 38,7 %, 2025 
ж. – 39,6 %, 2026 ж. – 39,6 %).
15) "Кәсіптік-техникалық білім беру сапасы" Дүниежүзілік экономикалық 
форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (2022 ж. – 86 орын, 2023 ж. 
– 82 орын, 2024 ж. – 79 орын, 2025 ж. – 75 орын, 2026 ж. – 71 орын);
16) дуальды оқытумен қамтылған, мемлекеттік тапсырыс бойынша білім 
алатын техникалық және кәсіптік білім беру студенттерінің үлесі (2022 ж. – 
23 %, 2023 ж. – 25 %, 2024 ж. – 28 %, 2025 ж. – 35 %, 2026 ж. – 38 %).
17) QS-WUR, ТОП-200 рейтингінде белгіленген Қазақстандағы ЖОО-ның 
саны (2022 ж. – 2, 2023 ж. – 2, 2024 ж. – 2, 2025 ж. – 3, 2026 ж. – 3);
18) студенттердің жалпы санынан жоғары білім беру жүйесіндегі шетелдік 
студенттердің үлесі (2022 ж. – 7 %, 2023 ж. – 8 %, 2024 ж. – 9 %, 2025 ж. – 10 %, 
2026 ж. – 11 %);
19) ТжКБ ұйымдары мен ЖОО жатақханаларындағы берілген тӛсек-
орындардың саны (2022 ж. – 10000, 2023 ж. – 10000, 2024 ж. – 10000, 2025 ж. – 
10000, 2026 ж. – 10000);
20) аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының санынан мемлекеттік 
аттестаттау рәсімінен ӛткен білім беру ұйымдарының үлесі (2022 ж. – 15 %, 
2023 ж. – 35 %, 2024 ж. – 55 %, 2025 ж. – 75 %, 2026 ж. – 100 %).
2026 жылға қарай күтілетін негізгі нәтижелер:
1. Халықтың мектепке дейінгі/орта білім сапасына қанағаттану деңгейі 
(2026 ж. – 82,9 %).
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесімен 
қанағаттанушылық (композиттік индекс) (2026 ж. – 70 %).
3. Білікті кадрлармен қамтамасыз етілген орта білім беру ұйымдарының 
үлесі (2026 ж. – 100 %).
4. Тегін үйірмелер мен секциялармен қамтылған білім алушылардың үлесі 
(2026 ж. – 95 %).
5. Білім алушылардың білім жетістіктерін мониторингтеу нәтижелері 
бойынша орташа республикалық кӛрсеткішке қол жеткізген орта білім беру 
ұйымдарының үлесі (2026 ж. – 70 %).
6. Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған білім беру ұйымдарының 
(мектепке дейінгі, орта, техникалық, орта білімнен кейінгі және кәсіптік, 
жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру) үлесі (2026 ж. – 100 %).
7. ТжКБ оқу орындарын бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа 
орналасқан түлектердің үлесі (2026 ж. – 75 %).
8. ЖОО-ны бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналасқан 
түлектердің үлесі (2026 ж. – 70 %).
Ескерпе: Тұжырымдаманы іске асыру кезінде тиісті саланың ұлттық 
жобаларында кӛрсетілген индикаторларға/кӛрсеткіштерге қол жеткізу үшін 
мемлекеттік бюджеттен басым тәртіппен қаражат бӛлінеді.


Басқа іс-шараларға қаражат экономиканың дамуы мен бюджеттің кіріс 
базасын ұлғайту әлеуетін ескере отырып бӛлінетін болады.
Тұжырымдаманы іске асыру жӛніндегі іс-шаралар осы Тұжырымдамаға 
қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 
2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жӛніндегі іс-қимыл 
жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың
2022 – 2026 жылдарға арналған
тұжырымдамасына
қосымша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет