Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Өнім құрылымы мен өндіріс бағдарламасының орындалуына құрылымдық өзгерістің әсерін талдау



бет100/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Өнім құрылымы мен өндіріс бағдарламасының орындалуына құрылымдық өзгерістің әсерін талдау. Өнімді өндіру мен сату көлемін талдаудың мақсаты - бәсекелестерге қарағанда сату көлемін көбейту жолдарын табу, өндірістік қуатты барынша толық пайдалана отырып, нарық үлесін кеңейту, соның нәтижесінде ұйымның пайдасын көбейту болып табылады.
Өнімді өндіру мен сату көлемін кешенді талдау міндеті ұйымның бәсекелестік тұғырын, оның нарық жағдаятының өзгеруіне қарай ресурстарды икемді пайдалану қабілетін талдау болып саналады. Бұл жалпы міндетті келесі жекеленген талдамалық мәселелерді шешу арқылы жүзеге асыруға болады:
• өнімнің өндірістік бағдарламасы мен сату жоспарын орындау дәрежесін бағалау; 
• өнімді шығару мен сату серпінін бағалау;
• келісілген өнім көлемі, өнімді жеткізудің бірқалыптылығы, өнімнің сапасы мен жинақтылығы бойынша келісім-шарттың орындалғанын бағалау;
• өндіріс көлемінің кемуі мен оны шығаруда бір қалыптығының бұзылуына алып келген себептерді анықтау;
• өнімді өндіру мен сатуды ұлғайту резевтерін сан жағынан бағалау.

Өнеркәсіптік өнімдер көлемі заттай, шартты заттай және құнды көрсеткіштер арқылы бейнеленуі мүмкін. Өндіріс көлемінің негізгі көрскткіштері тауарлы, жалпы және өткізілген өнім түрінде көрсетіледі.


Жалпы өнім - бұл аяқталмаған өндірісті қосқандағы барлық өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құны.
Тауарлы өнім жалпы өнімнен аяқталмаған өндіріс пен шаруашылық ішіндегі айналымды қоспағаннан пайда болады. Ол есеп беретін кезеңдегі көтерме бағамен көрсетіледі.
Өткізілген өнім (сату көлемі) - бұл меншік құқығы өткен жөнетілген өнімнің құнынан пайда болған табыс.
Мүмкіндігінше ең аз сатылу көлемі (залалсыз) өндірістің қалыптасқан жағдайында және өнімге деген қалыптасқан баға бойынша пайда болған табыс пен шығынның теңдігін көрсетеді.
Ең көп көлем өндірістік қуатты барынша толық пайдаланғанда ғана қамтамасыз етіледі.
Оңтайлы сату көлемі  белгілі бір баға аралығында, өндірістің қалыптасқан жағдайында барынша көп пайда табуға мүмкіндік беретін көлемі болып саналады. Оңтайлау мәселесі іс-тәжірибелікке қарағанда ол теория мәселесіне жатады, бірақта өнімді шығаруды жоспарлағанда оңтайлы көлем бағдар болады, оны білу өте қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет