Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет101/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Ассортимент - бұл әрқайсысының көлемі көрсетілген бұйым атауларының тізімі. Ассортимент толық, топтық және топішілік болып бөлінеді.
Номенклатура - нақты сатушы алушыға ұсынатын тауар топтары мен тауар бірліктерінің барлық түр-түрінің жиынтығы.
Өнім сапасы - өнімді өткізуді өсіретін негізгі факторлардың бірі, оның бәсекеге қабілеттілігін көрсететін негізгі көрсеткіш.
Өнімнің сапасын білдіретін бір немесе бірнеше қасиеттерінің сандық сипаттамасы сапа көрсеткіші деп аталады. Өнім сапасын білдіретін көрсеткіштер қортынды, жеке және жанама көрсеткіштер деп аталады. Сапа көрсеткіштері бұйымның тұтыну, технологиялық, сыртқы сипатын көрсететін қасиетін, оның стандартталған деңгейін және бірегейлендірілгендігін, сенімділігін және ұзақ пайдаланатындығын сипаттайды.


Бақылау сұрақтары:
1.Дайын өнімнің көлемі мен құрылымын талдау
2.Өткізілген өнім көлемінің өзгеруіне әсер ететін факторларды талдау (мың теңге)
3.Техникалық деңгейді және өнім сапасын талдау
4. Сұрыпы бойынша шығарылған өнім көлемі туралы мәліметтер
37. тақырып Өнім шығындарын және өзіндік құнын талдау.

1.Өнімді өндіруге кеткен шығындар есебі


2. Өндіріс шығыны туралы түсінік
3. Өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу
4. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
5. Толық өзіндік құнды калькуляциялау

Өндірістегі шығындарды есепке алудың және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қарапайым әдісі біртекті өнім шығаратын кәсіпорында (су электр станциялары, кен, көмір, мұнай мен газ өндіретін кәсіпорындар) пайдаланылады. Оларда, әдетте, аякталмаған өндіріс болмайды (егер де олар болса, онда оның көлемі шамалы болады) және шалафабрикаттарды өзі өндіреді. Егер де кәсіпорын өзінің есептік саясатында карастырса, онда бұл әдісті колдануға рұксат етілуі мүмкін. Бұл әдістің мәні бүкіл шығарылған өнімге кеткен шығындарды есептеуден тұрады. Өнім бірлігінің өзіндік кұнын тікелей есептеу жолымен шығарады, яғни шығын деңгейін өндірістің натуралды көлеміне немесе шартты — натуралды көрсеткішіне жай болу аркылы табады. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау мен шығынды есептеу әдісінің карапайым төрт нұскасы бар. Бірінші нұсқа кезінде тікелей және жанама шығындар бүкіл өнімді шығаруға жұмсалған шығындардың белгіленген баптары бойынша есепке алынады. Өнімнің бір өлшемінің өзіндік құны барлык өндірістік шығындарды дайын өнімнің санына бөлу мен айқындалады. Бұл өндірістерде (су электр станциялары, құм, сазбалшық дайындау) аякталмаған өндіріс, шалафабрикаттар және өнімнің кұрамдас бөліктері болмайды. Екінші нұсқаны аяқталмаған өндірісі бар кәсіпорындар колданады. Бұл арада дайын өнім мен аякталмаған өндіріс арасында шығындарды бөлудің кажеттілігі туындайды. Бұл нұсқа1 текше метр ағаштың өзіндік құнын калькуляциялау кезінде ағашты дайындау өнеркәсібінде қолданылады. Аяқталмаған өндірісті, әдетте, инвентарлык әдісін пайдалана отырып, бағалайды. Үшінші нұсқа бір мезгілде өнімнің бірнеше түрлерін шығаратын немесе өндіретін: жылу мен электр энергиясын шығаратын мұнай мен газ өндіретін, балық аулайтын кәсіпорындарда колданылады. Мұндай жағдайларда шығындар тұтас алған өндіріс бойынша, яғни карапайым әдіспен есепке алынады, ал өнімнің өзіндік құны үйлестірілген әдіспен калькуляцияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет