Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі



бет99/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Бақылау сұрақтары:
1. Негізгі қорларды бағалау
2. Негізгі құралдарды бағалау түрлері
3. Негізгі құралдардың әдісі мен мөлшері
4. Негізгі құралдардың қозғалысын көрсететін мына коффициенттер


35. тақырып Өнімін, жұмыс, қызмет көлемі мен құрлымын талдау

1. Дайын өнімнің көлемі мен құрылымын талдау


2. Өткізілген өнім көлемінің өзгеруіне әсер ететін факторларды талдау (мың теңге)
3. Техникалық деңгейді және өнім сапасын талдау
4. Сұрыпы бойынша шығарылған өнім көлемі туралы мәліметтер
Дайын өнімнің көлемі мен құрылымын талдау . Дайын өнімнің көлемі мен құрылымын өткенге шолу жасап (ретроспективті) талдау бірнеше кезеңдер бойынша жүргізіледі:
1.жалпы және тауарлы өнімді шығару серпіні (динамикасы) сатылған өнім көлемімен салыстыра отырып зертеу;
2.ассортименті бойынша өндірістік бағдарламның орындалуын талдау;
3.өндірістік бағдарламаның орындалуына құрылым өзгеруінің әсерін және өнім құрылымын талдау;
4.залалсыз нүктені және ұйымның қаржылық беріктік қорын бағалау.


1.Дайын және сатылған өнім көлемінің серпіні келесі көрсеткіштер көмегімен анықталады:
• базистік өсу қарқынымен;
өсудің тізбекті қарқынымен;
• өсудің орташа жылдық қарқынымен (өсімімен).
Серпіннің талдауы ағымдағы және салыстырмалы баға бойынша жүргізіледі. Бұл кезде талдау нысаны болып құндық көрсеткішімен бағаланған жалпы, тауарлы, өткізілген өнім болады, ал өнім шығарылымы заттай түрінде көрсетіледі. Өнімді шығару көлемі мен оның сатылған көлемінің үрдісін (тенденциясын) анықтау үшін серпінді талдауда ағымдағы және салыстырмалы бағаларды қолданудың екеуінің де маңызы зор. Мәліметтерді салыстырмалы түрге келтіру үшін олар қосымша есептеуді қажет етеді, сондықтан баға факторының әсері туралы қортындыны мезгілдік (серпінділік) қатарды салыстыру негізінде жасау керек.
2. Ассортимент бойынша өндірістік бағдарламаның орындалуын талдау. Қазіргі кезде ұйым тауарды жеткізу үшін келісім-шарт негізінде өз бетімен жоспар жасағанда нарық жағдаятын зерттеу, жоспардың орындалуын талдау келесілерді бағалауға мүмкіндік береді:
• келісім-шарт міндеттемелерін орындау деңгейін;
• жоспарлау сапасын;
• менеджмент сапасын.
Сонымен қатар өнімнің жалпы көлемі мен ассортименті бойынша өнімді шығару жоспары шикізатпен, материалдармен, жинақтаушы бұйымдармен қамтамасыз ету жоспарының негізі болып саналады.
Өнімді шығару жоспарының орындалуын талдау өндірістік әлеуетті дұрыс пайдаланбау себептерін анықтауға мүмкіндік береді.
Ассортименті бойынша бағалау номенклатураға кіргізілген өнімнің негізгі түрлерін шығару жоспарының жоспарлы және нақты орындалуын салыстыруға негізделген. Ассортимент бойынша жоспардың орындалуы төмендегідей әдістермен бағалануы мүмкін:
• ең аз пайызды әдіс бойынша бұл көрсеткіш 96,68-т.тең;
• орташа пайызды әдіспен. Бұл әдіс жоспардың нақты орындалуы өнім шығарудың жоспарына бөлу арқылы анықталады. Осы әдістеме бойынша ассортимент жоспары бойынша 99,3%-ға орындалған (31170 ×100% /31935);
•жоспары орындалған бұйымның меншікті үлесі бойынша 79,6% (60,04+19,56) орындалған.
Өнім шығару жоспары 100,61%-ға орындалғанымен, ассортименттің әр түрі бойынша жоспардың орындалу деңгейі әр түрлі болып келеді: А-тобы бойынша жоспар 0,39%-ға артық орындалған, В-тобы бойынша 5,81%-ға артық орындалған, ал Б-тобы бойынша жоспар 3,32%-ға кем орындалған. Осы жағдайда ассортимент жоспарын ең дұрыс барбар бағалау үшінші әдісті қолдану арқылы қол жеткізіледі, бұл әдіс бойынша жоспарды орындау дәрежесі А және В-топтарының меншікті үлестің қосындысы бойынша 79,6%-ға тең. Жоспарды орындамау себептері: шикізатты, материалдарды, жинақтаушыларды жеткізу көлемінің орындалмауы мен оны жеткізу кестесінің бұзылуы, өндірісті ұйымдастыру кемшіліктері, жоспарлау қателіктері болып саналады.
Сыртқы факторлар әсерін бағалау үшін, мысалы, нарық жағдаятын (сұраныс төлемқабілетінің төмендеуі, өнімге деген нарық бағасының төмендеуі, бәсекелестердің белсенді қимылдары) сатылған өнім көлемін талдау нәтижелерімен салыстыра отырып тауарлы өнімнің шығарылымын талдау керек




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет