Қазақстан республикасының білім және ғылым министрілігі


Қосымша шығыстар екі топқа бөлінеді



бет103/213
Дата15.01.2023
өлшемі0,71 Mb.
#61339
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   213
Байланысты:
аза стан республикасыны білім ж не ылым министрілігі (1)

Қосымша шығыстар екі топқа бөлінеді:
Қосымша (өндірстік) шығыстар.
Қосымша (өндірістік емес) шығыстар – кезең шығыс­тары.
Өнімнің өзіндік құнына кіретін шығындарға тек қана өнді­рістік шығындар жатқызылады, яғни өткізілген сәтке дейінгі дайын өнім өндірісіне және бітпеген (аяқталмаған) өндіріске байланысты: тікелей материалдық шығындар, әлеуметтік салық аударымдарымен бірге есептелетін еңбекті өтеуге шығатын тікелей шығындар; қосымша шығыстар.Өндірістік қорлар материал қорларында, бітпеген өндіріс көлемінде кәсіпорын қоймасындағы дайын өнім (тауар) қалдық­тарында заттандырылған.Кезең шығыстары қорларды бағалағанда есептелмейді, жа­салған есепті кезеңдерінде есептен шығарылады. Өткізілмеген өнім мен бітпеген өндіріс қалдықтарында келесі кезеңге көш­пейді. Бұл шығындар ұйымның баға саясатында негізгі ше­шімдер қабылдауда өте маңызды. Бұларға өндірістік емес сипат­тағы шығындар: коммерциялық (өнімді өткізуге байланысты), сыйақы түріндегі шығыстар мен жалпы және әкімшілік шы­ғыстары жатқызылады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Калькуляция тәсілі – калькуляциялық бірліктің өзіндік құнын есептеп шығару үшін қолданылатын әдістердің жүйесі. Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау тәсілін талдау өндіріс түріне, оның күрделілігіне, бітпеген өндірісі бар-жоғына, өндірістік циклдің ұзақтығына шығарылатын өнімнің номенклатурасына және т.б. байланысты.
Шығынды есептеу мен калькуляциялау тәсілдерін 3 белгі бойынша топтастыруға болады:
шығын есебі объектілері бойынша: — процестік; - бөлістік; - тапсырыстық.
Шығын есебінің толықтығына қарай: - толық өзіндік құнды калькуляциялау;- толық емес өзіндік құнды калькуляциялау.
Шығындар есебі мен бақылаудың оперативтілігі бойынша:- нақты өзіндік құн есебі;
- нормаға сай шығындар есебі.
Толық өзіндік құнды калькуляциялау. Толық өзіндік құнды калькуляциялау дәстүрлі түрде жүргізіледі. Толық өзіндік құн бойынша есепте шығындар тұрақты, өзгермелі, тікелей және жанама деп бөлінуіне қарамастан, өнімді өндіру мен сатуға байланысты кәсіпорынның барлық шығындары кіреді. Өнімге тікелей жатқызуға болмайтын шығындарды әуелі жауапкершілік орталықтарына бөледі, сосын таңдалған бөлу базасын өнімнің өзіндік құнына сайма-сай көшіреді.
Толық өзіндік құн негізінде кәсіпорын басшысы өнімнің пайдалылығы мен шығындылығы, болашақта оны өндірудің мақсатқа сәйкестілігі туралы тиісті тұжырымдар жасайды.
Толық өзіндік құн бойынша есептеу жүйесінің біздің пікірімізше, бірқатар жақсы жақтары мен олқылықтары бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   213




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет