Өндіріс шығыны – материалдық қаражат (шикізат, материалдар, отын, энергия, жабдық, т.б.) пен қажетті еңбек шығындарының жиынтығы. Өндіріс шығыны кәсіпорында өндірістің және өнімді өткізудің қаншаға түсетінін көрсетеді. Ақшалай тұлғада ол өнімнің өзіндік құны, кәсіпорынның ағымдағы жұмсаған шығындары. Тауардың ең төмен бағасы осы шығынның мөлшерімен, ал тауардың ең жоғары бағасы сұраныспен айқындалады. Кәсіпорын (компания, фирма) тауарға оны өндіруге, бөлуге және өткізуге, жұмсалған күшпен тәуекелділік үшін пайданың әділ нормасын қоса, жұмсалған шығын толығымен өтелетіндей баға белгілеуге тырысады. Кәсіпорынның шығыны екі түрлі: тұрақты шығын мен өзгермелі шығын. Тұрақты шығын (үстеме шығын) өзгермеген күйінде қалады және өндірістің көлеміне тәуелсіз жүзеге асырылады. Өзгермелі шығын өндірістің көлеміне тікелей тәуелді.
Өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін шығындарды жіктеу Кез келген шығындарды жіктеу-басшыға дұрыс, тиімді негізделген шешімдерді қабылдауға көмектесу: кез келген деңгейдегі басшы мұның қандай шығын мен пайда әкелетінін білуге міндетті. Сондықтан шығындарды жіктеу процесінің мәні де басшы ықпал ете алатын шығындар бөлігін бөліп көрсетуде.
Өзіндік құнды және алынған пайданы анықтау үшін шығындар былайша жіктеледі: - кіретін және өтіп кеткен ;
- тікелей және жанама;
- негізгілер мен қосымшалар;
- өнімнің өзіндік құнына кіретін және өндірістен тыс (кезең шығыстары);
- бірэлементті және кешенді.
Кіретін шығындар – алынған және бар ресурстар, күткендегідей, болашақта табыс әкелуге тиіс. Олар баланста өндірістік қорлар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауар түрінде актив ретінде көрсетіледі. Өтіп кеткен шығындар – осы шақта кіріс алу үшін жұмсалған және болашақта кіріс әкелу мүмкіндігін жоғалтқан ресурстар. Оларға өткізілген өнім өндірісіне шыққан шығын құрамында көрсетілді, яғни кірген шығындар өткен шығындарға айналды. Шығындарды кіретін және өтіп кеткен деп дұрыс бөлу өндірілген өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін, пайдамен шығынды (зиянды) есептегенде, кәсіпорын активтерін бағалағанда маңызды мәнге ие болады.
Мысалы, алып-сату үшін тауар өндірісіне жұмсалған шығындар, егер бұл тауарлар өткізілмесе және қоймаларда сақталса, баланста кіретін (входящий) шығындар болып тіркеледі. Егер бұл тауарлар сатылса, онда бұл кіретін шығындар өткен шығындарға жатқызылуы тиіс, ол тауарларды өткізу нәтижесінде болған шығындар сметасында көрсетіледі. Сонымен, кіретін шығындар “шығындар” терминінің синонимі, болып табылады, ал өтіп кеткен шығындар – “шығыстар” ұғымына ұқсайды.
Шығындар – тауарды өткізу нәтижесінде шыққан қаражат, ал шығыстар – кірістер алуға байланысты кәсіпорын шеккен шығындардың бөлігі.Өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына жатқызу әдістеріне байланысты шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді.Өнімнің нақты түрін өндірумен нақты жұмысты (қызмет көрсету) орындауға байланысты және тікелей олардың құнына кіре алатын (материалдық шығындар мен еңбекті өтеуге тікелей шығындар) шығындар тікелей деп аталады.Өнімнің бірнеше түрін өндіру үшін жалпы сипат атқаратын және жасаған кезде нақты өнімге (жұмысқа, көрсетілген қызметке) жатқызу мүмкін болмайтын шығындар жанамаға жатады. Қосымша шығыстар өндірісті ұйымдастыру, қызмет ету және оны басқаруға байланысты пайда болады.