Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық униврситеті әлеуметтік-гуманитарлық факультеті


тақырып Институттар ішіндегі әдет-ғұрып, салт-дәстүр және т.б. нормативті құндылықтар



бет11/30
Дата15.03.2023
өлшемі134,33 Kb.
#74467
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30
Байланысты:
Дәріс институт

5 тақырып Институттар ішіндегі әдет-ғұрып, салт-дәстүр және т.б. нормативті құндылықтар
Дәріс мақсаты: Әлеуметтік институттардың ішкі құрылымын анықтау
Басты түсініктер: әдет-ғұрып, салт-дәстүр
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтік институттың ішкі құрылымы.
2. Қоғамда және мәдениеттегі нормативті жүйе.
Дәріс мазмұны
Т. Веблен әлеуметтік институтты ұрпақтан-ұрпаққа берілетін өмір сүру және ойлау бейнесі қоғамдық дәстүрлердің жиынтығы ретінде анықтайды (мысалы, неке қию тойы).
Қоғамда және мәдениеттегі нормативті жүйе. Ондағы барлық элементтер біртұтас логикалық байланыста болуы қажет. Көптеген әлеуметтанушылар әлеуметтік институтты белгілі бір мақсатты және белгілі бір функцияларды атқаратын күрделі әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер, сенімдер, ережелер конфигурациясы ретінде қарастырады.
Әдет-ғұрып күнделікті өмірдегі ғасырлар бойындағы сақталып келген іс-әрекеттер үлгісін көрсетеді. (Мысалы, жаңа жылды қарсы алу, мерейтойды атап өту және т.б.).
Әдет-ғұрып – дәстүрлі қалыптасқан мінез-құлық тәртібі.
Құндылықтар – қайырымдылық, ұлтшылдық, махаббат, достық және т.б. туралы адамдардың түсінігі.
Басқару – шешім қабылдау процесі, жұмысты ұйымдастыру, адамдардың іс-әрекеттерін бақылау.
Әлеуметтік іс-әрекет – басқа бір адамға бағытталған белгілі бір жерде және белгілі бір уақытта әлеуеттік субъектінің жасаған мінез-құлықтық іс-әрекеті.
Бюрократия – басқару және шенеуніктердің әлеуметтік топтары (мемлекеттік қызметкерлер, басқару саласында атқарушы еңбекпен айналысу).
Әлеуметтік бақылау – билікті, әлеуметтік нормаларды, санкциялардың көмегімен қоғамдық тәртіпті сақтауға көмектесу механизмі. Т. Парсонс әлеуметтік бақылауды әлеуметтік тұрақтылықты сақтайтын және девиантты мінез-құлыққа қарсы процесс ретінде қарастырады.
Санкция (sanction). Санкция позитивті және негативті болады. Қоғамдағы адамдар белгілі бір санкцияларға байланысты өздерінің мінез-құлықтарын бақылай отырып, әлеуметтік қызметкерлер тарапынан марапаттау немесе шара қолдануларды күтеді. Санкциялар әлеуметтік бақылау мен биліктің белгісі ретінде қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет